ерекше қанат тәрізді бұлшықеттердің көмегімен дененің қабырғасына бекіп
тұрады. Жүректен шыққан қан тамырлары (бас аортасы, бүйірлік артериялар,
қосымша артериялар) денеге тарап, кейін үзіледі де, гемолимфа (қан) дене
қуысына немесе миксоцель (аралас) қуысына құйылады, яғни қан айналу
жүйесі ашық. Дене қуысынан гемолимфа жүрек маңы (перикардия) қуысына
өтіп, одан остия арқылы жүрекке барады. Қанаттәрізді бұлшықеттерінің
жиырылу нәтижесінде жүрек камералары да жиырылып, гемолимфаны артқы
жақтан алдына қарай айдайды. Құрсақ қан тамырында гемолимфа қарама-
қарсы бағытта (алдыңғы жақтан артқа қарай) жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: