Түтік эпителиінде және оның қуысында
несеп қышқылы жиналады,
көпаяқтыларда да насекомдардағы сияқты олар зат алмасудың қалдық өнімі
болып табылады. Мальпиги түтігімен қатар зәр шығару қызметін басқа да
мүшелер, мысалы, лимфа бездері атқарады. Олар мальпиги түтігінің немесе
құрсақ қан тамырының немесе құрсақ нерв тізбегінің бойында орналасқан.
Бұл бездер ерімейтін
заттарды ұстап және жинап,
дене қуысында қалған
қатты бөлшектерді сіңіреді (фагоциттейді).
Сонымен қатар, зәр шығаруға "майлы дене" деп аталатын мүше де
қатысады. Көпаяқтылардың миксоцель қуысының
көптеген жерлерінде
клеткалардың шоғыры кездеседі. Бұл шоғырлар
жұқа арнайы қабатпен
қапталған. Осындай шоғырлардың жинағын "майлы дене" деп атайды. Оның
клеткаларында көптеген май тамшылары
және зәр қышқылының
конкрециясы бар. "Майлы дене" тек қор заттарын жинаушы емес, сонымен
қатар қалдық өнімдерді де (мысалы, зәр қышқылын) жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: