Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет207/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

128-сурет
Көпаяқтылардың ішкі (А) және ауыз аппаратының (Б) құрылысы: 1 - мұртша 
(кесілген), 2 - жұтқыншақ үсті ганглия, 3 - улы жақаяқ, 4 - өңеш, 5 - сілекей без, 6 - құрсак, 
нерв тізбегі, 7 - аяқтың түп жағы, 8 - ортаңғы ішек, 9 - мальпиги түтігі, 10 - тұқым без, 11 - 
тұқым қапшығы, 12 - тұқым жолы, 13 - артқы қосалқы жыныс безі, 14 - алдыңғы қосалқы 
жыныс безі, 15 - сыртқы жыныс тесігі, 16 - жоғарғы ерін, 17 - жоғарғы жақ, 18 - төменгі 
жақтың бірінші жұбы (максилла I), 19 - төменгі жақтың екінші жұбы (максилла II), 20 - 
жақаяқ
Көпаяқтылардың ауыз аппаратының құрылысы әр класс тармағының 
өкілдерінде әр түрлі. Symphyla және Chilopoda класс тармағы өкілдерінде 
ауызы алдыңғы жағынан хитинделген үстіңгі ерінмен жабылған, ол түрі 
өзгерген аяқ емес, бастың хитин қабатының есіндісі, оның астында жоғарғы 
жақ - мандибула, төменгі жақ - максилла I және максилла II жатады. 
Diplopoda және Pauropoda класс тармағының өкілдерінде үстіңгі ерін мен 
күшті дамыған мандибуланың астында жалғыз жұпсыз күрделі құрылысты 
гнатохилярий (gnathochilarium) деп аталатын тақтасы бар. Ол төменгі жақ - 
максилла І-шінің өзгерген түрі. Бұларда максилла ІІ-ші дамымаған. Мойын 
сегментінің аяқтары редукцияланған.
Бас бөлімінен кейінгі дене немесе тұлға бөлімінің сегменттері айқын 
бөлінген.
Олардың саны әр түрлі: пауроподаларда - 14, симфилаларда - 18, 
ерінаяқтыларда - 181. Тұлғаның бір қалыпты немесе гомономды сегменттелуі 
тек ең қарапайым түрлерінде болады, мысалы, Chilopoda класс тармағының 
Pachimerium ferrugineum өкілінде, ал қалғандарының сегменттері эволюция 
барысында өзгеріске ұшырап саны жағынан азайған және біразының көлемі 


кішірейген. Бұл жағдайда, кішірейген және қалпында қалған сегменттер 
кезектесіп орналасады, мысалы, Diplopoda класс тармағының өкілдерінде, ал 
Lithobius forficatus-тың бірінші және соңғы үш сегменттері басқаларынан 
айрықша. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттерінің басым 
көпшілігі (алғашқы төрт және "мойын" сегментінен басқа) жұптасып 
қосылады. Жұптасқан сегментінің әрқайсысында екі жұп аяқтары болады 
(класс тармақтың қосжұпаяқтылар деп аталатыны осыдан).
Көпаяқтылардың тұлға сегменттерінің біркелкі болуымен қатар, 
олардың аяқтарының құрылысы да ұқсас, бірнеше буыннан (6-8) тұратын 
және тырнақпен бітетін жүру аяқтары болады. Олардың морфологиялық 
және функциональдық дифференциациялануы өте сирек.
Ерінаяқтылардың бірінші сегментінің аяқтары жақаяққа айналған, олар 
қорегін ұстап, өлтіру қызметін атқарады. Бұл жұп аяқтардың көлемі үлкейген 
және біршама жуандаған негізгі буыннан тұрады, буын ұшы үшкірленіп, 
ілгек сияқты иіліп біткен. Аяқтың түбінде улы безі бар, оның тесігі аяқтың 
ұшында ашылады. Бөлінген у буынаяқтылар мен омыртқалыларға күшті әсер 
етеді. Мысалы, сколопендраның (Scolopendra) уы адамның қолын ісіріп 
жібереді. Кейбір жұп аяқтары копуляцияға қатысып, құрылысы жағынан 
біраз өзгерген де, олар гоноподий деп аталады.
Денесі бір қабатты гиподермальды клеткаларынан бөлінген хитинді 
немесе ізбест сіңген кутикуламен қапталған. Гиподермальды эпителий 
қабаты бір және көп клеткалы тері бездеріне бай, солардың арасында 
қорғаныш қызметін атқаратын бездері де бар. Олар тұлға сегменттерінің арқа 
жағында орналасып, әр түрлі секреттерді сыртқа бөліп шашады.
Секреттердің химиялық құрамы да әр түрлі, мысалы, Spirobolus 
туысының шығарған секреті улы және адамның терісін күңгірт түске бояйды, 
Polyzonium rosalbum - камфордың күйдіргіш дәмі мен иісі болатын сүт 
тәрізді сұйық шығарады, тропикалық Fontaria-ның шығаратын секретіне 
миндальдің ащы иісі тән және бос күйінде синиль қышқылына бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет