үшін, оларды жалайды. Жұмыртқадан шыққан "қырықаяқтар" аналығына өте
ұқсас, тек әлі аппақ және қозғалмайды, үшінші түлеуден кейін қозғалғыш
болып, аналықты тастап, әрқайсысы өз жолымен кетеді.
Сколопендралардың кейбір түрлері партеногенез жолымен көбейеді.
Мысалы, Солтүстік
Кавказда, Оңтүстік Украинада сколопендралардың тек
аналықтары ғана кездеседі.
Сколопендралар
отрядына екі тұқымдасы жатады: нағыз
сколопендралар - Scolopendridae және соқыр сколопендралар - Cryptopidae,
900-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілдері: алып сколопендра (Scolopendra
gigantea), сақиналы сколопендра (Scolopendra cingulata),
калифорния
сколопендрасы (Scolopendra heros), ризида (Rhysida afra), жапырақаяқты
сколопендра (Alipes), дала соқыр сколопендрасы (Cryptops anomalans).
Соңғысы біздің елімізде жиі кездеседі, ұзыңдығы 4 см, сарғыш түсті, шапшаң
қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: