ұясында, тастардың астында үлкен колония құрып тіршілік етеді. Ұзындығы
2-5 мм. Жабыны жұмсақ. Трахея және терісі арқылы тыныс алады. Денесі
тікенекті
қылтаншалар қатарымен жабылған, құйрықтың ұшыңда бір шоқ
ұзыншашты шашақшасы бар (атауы осыдан). 100-ге жуық түрі бар. Бір
тұқымдасы бар - поликсенидтер - Polyxenidae. Негізгі өкілдері: кәдімгі
шыбыққүйрық (Polyxenus lagurus)
партеногенез жолымен көбейеді, соқыр
шыбыққүйрық (Lophoproctus lucidus) Жерорта теңізінде кең тараған, жүзім
филоксерасымен (Viteus vitifolii) қоректеніп, пайда келтіреді.
Көпбайланыстылар
отрядының
өкілдері жапырақты орманның
ылғалды жерлерінде, жапырақтардың астында мекендейді. Денесі таспық
тәрізді, 19-20 сегменттен құралған, ұзындығы 0,5-20 см. Анаморфоз жолымен
дамиды. 15000-ға жуық түрі бар. Негізгі тұқымдастары:
нағыз
көпбайланыстылар - Polydesmidae, стронгилозомдар - Strongylosomidae.
Өкілдері: қара стронгилозома (Strongylosoma pallipes), парник көпбайланысы
(Oxidus gracilis) оранжерея өсімдіктеріне зақым келтіреді.
Сауытты көпаяқтылар
отрядтарының
өкілдері жапырақты және
аралас орманның ылғалды жерлерінде, орман төсеніші аймағында тіршілік
етеді. Ұзындығы 0,3-10 см-ге дейін.
Дене сегменттері арқа жағынан ұзын және жалпақ қалқаншалармен
жабылған, аяқтары сырттай көрінбейді. Мазасызданған кезде басын
қалқаншаларының астына тығып, бүрісіп жатады. Жүру аяқтарының саны 17
жұп (аналықтарында), 19 жұп (аталықтарында). Аталықтарының соңғы үш
жұп аяқтары гоноподия аяқтарына айналған.
Гемианаморфоз жолымен
дамиды. Жұмыртқаларын бір-бірлеп топырақ және ағаш жарықтарына
салады. 500-ге жуық түрі бар, барлық континенттерде (Оңтүстік Америка мен
Антарктидадан баска) кездеседі.
Негізгі тұқымдастары: гломеристер - Glomeridae,
өкілі алты жолақты
гломерис (Glomeris hexasticha) және жервезиялар - Gervaisiidae, денелері
пигменттелмеген, көздері жоқ, топырақтың арасында тіршілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: