Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет210/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Нерв жүйесі.
Көпаяқтылардың нерв жүйесі барлық буынаяқтыларға 
тән жұп жұтқыншақ үсті немесе ми ганглиясынан, жұтқыншақ асты 
ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина-коннективадан және құрсақ 
нерв тізбегінен құралған. Жұтқыншақ асты ганглиясы - құрсақ нерв тізбегінің 
бірінші нерв түйіні. Құрсақ нерв тізбегі метамерлі (әрбір сегментінде) 
орналасқан нерв ганглияларынан тұрады.
Миының гистологиялық құрылысы күрделі, сондағы антенналарға 
және дененің мүшелеріне нервтерді беретін ганглия жұптары күштірек 
дамып, оқшаулануымен ерекше, сондай-ақ интеркалярлы сегментті 
иннервация жасайтын нерв клеткасының жұбы бар.
Құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні - жұтқыншақ асты ганглия - 
ауыз аппаратын нервтендіреді, ал әрбір сегментінде орналасқан жұп нерв 
ганглиялары сол сегменттің қайсыбір нүктесіне нервтерді таратады да, 
сондағы пайда болған тітіркенуді қабылдап, кейін миына коннективалар 
арқылы жеткізеді. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде мұндай құрылыс 
тек алдыңғы төрт сегментіне тән, қалған сегменттерінде бірінен соң бірі 
орналасқан екі жұп ганглиясы болады, бүл осы сегменттердің бір-бірімен 
қосылып кеткенін көрсетеді.
Сезім мүшелері.
Көпаяқтылардың сезгіш түкшелеріне бай, жұп 
мұртшалары иіс және дәм сезу қызметін атқарады. Сонымен қатар, басының 
бүйір жағында антенна мен көздердің аралығында, таға тәріздес ойықтың 
ішінде сезгіш клеткаларының шоғыры орналасқан, олар Темешваров сезім 
мүшесі, атқаратын қызметі белгісіз, болжам бойынша бұлар 
хеморецепторлар. Бұл мүшені ми нервтендіреді.
Көптеген көпаяқтылардың көздері екі, төрт және одан да көп болуы 
мүмкін. Көздері басының бүйір жағында орналасқан және жай, қарапайым 
құрылысты. Тек, шыбынжегілерде ғана (Scutigera) басында көздерінің екі 
үлкен шоғыры болады, олар өте тығыз, бір-бірімен жанасып, насекомдардың 
күрделі фасетті көздеріне ұқсайды. Көпаяқтылардың көру қабілеті онша 
күшті дамымаған. Олар көлеңкелі, қараңғы жерлерді қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет