Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет72/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Классификациясы.
Ескектілер класы екі класс тармағына бөлінеді: 
қармалауышсыздар - Atentaculata және қармалауыштылар - Tentaculata.
49-сурет.
Bolinopsis ескектінің эмбриональды дамуы: А-бөлшектенудің алғашқы кезеңі; 
Б-микромералардың түзілуі; В,Г - гаструляция кезеңі; Д - жас личинка (ұзына бойы 
кесіндісі); Е - жетілген личинка
ҚАРМАЛАУЫШСЫЗДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ATENTACULATA
Бұларда бір ғана - Beroidea - отряды бар. Тіршілігінің барлық, кезеңінде 
қармалауыштары болмайды, қорек заттарын кең ашылатын ауызымен ұстап 
қоректенеді. Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерінде Beroe cucumis түрі 
кең тараған (50-сурет). Денесі қап тәрізді. Жыртқыштар, басқа ескектілермен 
қоректенеді.
ҚАРМАЛАУЫШТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - TENTACUIATA
Бес отряды бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде дамуының 
алғашқы сатысында ғана қармалауыштары болады. Тіршілік жағдайына 
бейімделуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшыраған.
Cestidea отряды өкілдерінің денесі көлденеңінен созылған ұзын лента 
тәрізді. Басты өкілі - Cestus veneris (50,Б-сурет). Жерорта теңізінде мекен 
етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады.
Cydippea отряды өкілдерінің денесі шар немесе жұмыртқа тәрізді, 
қармалауыштары жақсы дамып тармақталған, денесінен ұзын (50, А-сурет).
Bolinopsidea отряды өкілдерінің денесі жұмыртқа тәрізді, оральды полюсінде 
екі жүзгіш қалағы жақсы дамыған. Негізгі туыстары: Belinopsis, Osyropsis, 
Deiopea.


Tjalfiellidea отрядының Арктика жағалауында кездесетін жалғыз ғана 
түрі -Tjalfiella tristome - бекініп тіршілік етуге бейімделген. Бұлардың жаңа 
дамыған формалары кәдімгі ескектілер сияқты ескек тақталары арқылы суда 
еркін жүзіп, кейін ауыз жағымен субстратқа бекінеді. Ауызының екі шеткі 
бөлігі жоғары қарай созылып, ауыз тесігінен қорек затты ұстауға бейімделген 
екі қармалауышы шығып тұрады (50, Г-сурет).
Platyctenea отряды мүлде ерекше, өкілдері тек жүзіп қана қоймай
сонымен қатар субстратта жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Бұларға 20-
ға жуық түрлері жатады, негізгі туыстары: Ctenoplana және Coeloplana.
Көрнекті ғалым А. О. Ковалевский 1880 жылы Қызыл теңізден жалпақ 
пішінді жорғалап тіршілік ететін түрді тауып, оны зерттеп Coeloplana 
metschnikowi деп атады. А. А. Коротнев 1886 жылы Кіші Архипелагтың 
жағалауларынан Coeloplana-ға ұқсас жорғалауыш ескектіні тауып, оны 
Ctenoplana kowalevski деп атады.
Жорғалауыш ескектілердің денесі басты ось бағытына жалпайған 
(жоғарыдан төменге қарай), астыңғы жағында ауыз тесігі, оральды 
жорғалауыш табаны, ал жоғарғы жағында абораль мүшесі және қос 
қармалауыштары орналасқан. Денелері екі жақты симметриялы, мезодерма 
бастама клеткалары айқын дамыған. Бұларда ескектілердің де, кірпікшелі 
жалпақ құрттардың да (ТшЪеІІагіа) белгілері байқалады.
Ctenoplana-ның сегіз қатарлы ескекті тақталарының болуына 
байланысты, олар жүзе де, жорғалап та жылжи алады.
Coeloplana-ның ескекті тақталары жойылған, сол себептен олар тек 
жорғалайды. Бұлардың жас формаларында ескек тақталары болып, даму 
процесінде жойылып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет