Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Паренхима
мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін
атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны
боп саналады.
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе
жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады.
Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде ас
қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда
болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар
жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар
экскреторлы /зәр шығарушы/ саңылаулармен байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына
қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв
бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына
бойы бағаналары бар.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықтануды
қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.
Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар
(Turbellaria), дигенетикалық сорғыштар немесе трематодтар (Trematoda),
моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea), таспа құрттар (Cestoda) және
цестодатәрізділер (Cestodaria). Соңғы 4 класс өкілдері - нағыз паразиттер.
Достарыңызбен бөлісу: