Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA



Pdf көрінісі
бет75/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA

Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela

Макростомидтер отряды - Macrostomida

Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida

Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida

Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida

Тік ішектілер отряды - Rhabdocoela

Темноцефалида отряды - Themnocephalida

Удонеллидтер отряды - Udonellida 

СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - TREMATODA

Дигенетикалық сорғыштар класс тармағы - Digenea

Аспидогастерлер класс тармағы - Aspidogastraea 

МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - MONOGENOIDEA

Төменгі сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Polyonchoinea

Жоғарғы сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Olygonchoinea 

ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA

Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Cyclophyllidea

Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea

Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea

Тетрафилидеа отряды - TetraphyUidea



Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea

ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA

Гирокотилида отряды - Gyrocotylidea

Амфилинида отряды - Amphilinidea
КІРПІКШЕЛІ ҚҰPTTAP КЛАСЫ - TURBELLARIA
Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта 
мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. 
Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы.
Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, 
денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің 
алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады (51-
сурет). Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. 
Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигменттерінің әсерінен 
әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір 
қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап 
тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып
эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған 
цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады. Ткань қабатына 
тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке 
бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ 
және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны 
түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және 
олар батып кеткен эпителий деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет