Бұлшықетгердің эпителимен бірігуінен тері-бұлшықет қапшығы
түзіледі. Бұдан басқа, турбелляриялардың бәрінде оларға тән
дорзовентральды немесе арқа-құрсақ бұлшықеттері бар. Бұл талшықтардың
будалары арқа бөлімінен құрсаққа карай созылып және дененің екі жағыңда
орналасқан базальды мембранаға бекінеді, соның арқасында жәндіктер
денесін арқа-құрсақ жағынан қысыңкы күйге келтіре алады.
Турбеллярияның қозғалысы бір жағынан - сыртқы эпителий
кірпікшелерінің соғуы, екінші жағынан - тері-бұлшықет қапшығының
қысқаруы арқылы жүреді. Tuibellaria жүзе де, жорғалай да алады. Ұсақ
формалары кірпікшелер арқылы жүзеді. Ірі түрлері денесін созып-қысқарту
арқылы жорғалайды.
Тері-бұлшықет қапшығының астындағы ішкі мүшелер аралығы
паренхимамен толтырылған. Паренхима - көп өсінді борпылдақ дәнекер
тканьді клеткалардан түзілген. Бұл клеткалар түрлі бағытта айқаса және
ұштарымен жабыса бос орналасады. Олардың арасын клетка аралық
сұйықтық толтырған, сол себептен паренхима ас қорыту өнімдерін ішектен
ішкі мүшелерге тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бір жағынан зәр шығару
қызметі де атқарылады. Содан басқа, көптеген фибрилды құрамалардың
болуы, паренхиманы тірек ткані ретінде қарастыруға да ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: