50-сурет.
Ескектілер: A-Cydippe; Б - "шолпан белдігі" - Cestus veneris; В - жорғалаушы
ескекті - Coeloplana; Г - бекініп тіршілік ететін - Tjalfiella; Д - қармалауышсыз ескекті -
Beroe cucumis
3- тарау
ЕКІ ЖАҚТЫ СИММЕТРИЯЛЫ НЕМЕСЕ БИЛАТЕРАЛЬДЫ
СИММЕТРИЯЛЫ - BILATERATA
Үш қабатты - TRIPLOBLASTICA.
Алғашқы реттік ауыздылар - PROTOSTOMIA
деңгейіндегі жануарлар
Жануарлардың
жалпы құрылымын зерттегенде, дене бөлімдері, не
мүшелері бір орталық діңгектің (ось) төңірегін айнала, не бір жазықтық,
бағытында белгілі тәртіпте орын алып жататындығы байқалады. Бұл дене
симметриясы. Симметрияның қалыптасуы организмнің өмір сүруіне
байланысты. Жануарлар дүниесінде бірнеше симметрия типтері кездеседі.
Солардың ішінде ең негізгісі - радиальды (сәулелі) - Radiata жәпе
билатеральды (екі жакты) - Bilalerala симметрия.
Сәулелердің (Radiata) денелері шар, цилиндр тәрізді. Жануарлардың
бекініп тіршілік етуіне немесе суда қалықтап жүзуіне және қоршаған
ортаның оған жан-жағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері
орталық діңгектің төңірегінде
шашыраған сәулелер сияқтанып, радиальды
бағытта орналасады да, дененің сәулелі симметриясын құрайды. Бұлардың
денесінен осы діңгек арқылы бірнешіе симметрия жазықтығын жүргізуге
болалы, бұл жазықтықтардың әрқайсысы денені тең, етіп екі жартыға бөліп
тұрады. Сәулелілерге жоғарыда сипатталған ішекқуыстылар - Coelenterata
және ескектілер - Ctenophora тинтері жатады.
Билатеральды немесе екі жақты симметрия - Bilaterata жануарлардың
кеңістікге денесінің бір жағымен үнемі алға қарай жорғалап, не белсенді
түрде жылжып жүруіне байланысты пайда болады. Осындай жануарлардың
денесінің қақ ортасынан ұзына бойы бағытында симметрияның тек жалғыз
ғана жазықтығын (сагиталь жазықтығын) жүргізуге болады сонда дене бір-
біріне ұқсас оң жақ және жартыға тең бөлінеді. Бұлардың денесінде алдыңғы
(ораль) артқы (абораль) бөлімдерін; арқа (дорза), құрсақ (центра); оң және
сол жақ бүйірлерін (латераль) ажыратуға болады.
Дененің алдыңғы бөлімі
сыртқы ортаның тітіркенісін қабылдаушы болғандықтан ми және сезім
мүшелері осы бас жағына шоғырланып орналасқан.
Билатеральді симметриялы жануарлар үш қабатты - Triploblastica
жануарлар тобын құрайды. Бұлардың эмбриондық даму кезінде үш ұрық
жапырақшалары түзіледі: эктодерма - сыртқы, энтодерма - ішкі және екеуінің
аралығында үшінші - мезодерма. Осы жапырақшалардан тканьдер мен
мүшелер дамып жетіледі: эктодерма қабатынан - сыртқы тері эпителий, әр
түрлі тері бездері, кутикулалық өсінділер, нерв жүйесі мен сезім мүшелері;
энтодермадан - ішек түтігінің ортаңғы ішек деп аталатын бөлімі;
мезодермадан қалған барлық мүшелер дамиды - бұлшықет тканьдері, қаңқа,
қан айналу, зәр шығару, жыныс мүшелері т. б.
Билатеральды симметриялы, үш қабатты жануарлар тобына келесі
типтер жатады: жалпақ құрттар типі (Plathelminthes), немертиндер
(Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acanthocephales),
буылтық құрттар (Annelida), буынаяқтылар (Arthropoda), онихофоралар
(Опусһорһога), моллюскалар немесе жұмсақ денелілер (Mollusca),
қармалауыштылар
(Tentaculata),
тікентерілілер (Есһі-nodermata),
погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetognatha),
жартылай
хордалылар (Hemichordata) және хордалылар (Chordata).
Билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарларды ұрықтың дамуы
барысында дене қуысының және мезодерманың түзілуіндегі ерекшеліктеріне
байланысты қуыссыздар немесе бірінші (алғашкы) қуыстылар - Acoelomata
немесе Scolecida және целом (екінші) қуыстылар - Coelomata; алғашқы реттік
ауыздылар - Protostomia және екінші реттік ауыздылар - Deuterostomia
топтарына бөледі.
Acoelomata немесе Scolecida тобына төменгі сатыдағы құрттардың төрт
типі жатады: жалпақ құрттар (Plathelminthes), немертиндер (Nemertini),
жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acanthocephales). Жалпақ
құрттарда және немертиндерде дене қуысы болмайды, олардың ішкі
мүшелерінің аралығындағы барлық кеңістікті мезодермадан пайда болған
дәнекер тканьдер - паренхима толтырып тұрады. Жұмыр құрттарда және
скребнилерде дене қуысы бірінші (алғашқы) қуыс - схизоцель. Қуыстың іші
сұйық затқа
толы болады, арнайы астары жоқ, сол себептен сұйық зат ішкі
мүшелерімен, дененің тері қабатымен шектесіп жатады.
Coelomata тобына буылтық құрттардан (Annelida) бастап қалған
типтердің барлығы жатады. Бұларда целом деп аталатын дененің екінші
реттік қуысы болады. Бұл қуыс мезодермадан пайда болған ерекше
(перитониальді) эпителимен астарланған. Перитониальды эпителий бір
жағынан теріге жабысады, бұл соматикалық (париетальдық) перде немесе
соматоплевра, екінші жағынан ішекке жабысады - бұл висцеральдық перде
немесе спланхноплевра. Соматоплеврадан дене қабатының бұлшықеттері, ал
спланхноплеврадан ішекті, ішкі мүшелерді
қоршап жатқан бұлшықеттері
пайда болады.
Алғашқы реттік ауыздылар - Protostomia тобындағы жануарлардың
эмбриондық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады
және мезодерма қабаты телобластикалық жолымен дамиды, яғни эктодерма
және энтодерма қабаттарының аралығында бластопора жанында телобласт
деп аталатын екі ірі клетка жекеленіп шығады да, солардың бөлінуі
нәтижесінде мезодерма қабаты дамиды. Protostomia тобына жалпақ құрттар,
немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар,
онихофоралар, моллюскалар типтері жатады.
Қалған типтер екінші реттік
ауыздылар - Deuterostomia тобын құрайды. Бұларда ұрықтың бластопора
тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады.
Ауызының пайда болуы бластопораға байланысты емес. Мезодерма қабаты
энтероцельдік жолымен дамиды, яғни мезодерманың бастамасы гаструланың
энтодерма қабатынан домалақтанып, сомиттарға айналып бөлініп шығады.
Билатеральды симметрияның және мезодерманың жетілуі жануарлар
құрылысының күрделіленуіне, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне
және жер бетінін күрделірек жағдайында қаулап дамып кетуіне себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: