Сборник материалов май 2020 года г. Петропавловск



Pdf көрінісі
бет226/286
Дата18.11.2022
өлшемі12,93 Mb.
#158773
түріСборник
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   286
Байланысты:
Международная конференция сборник

Бұл 
үйірмені 
ұйымдастырудағы 
басты 
мақсатымыз:
балабақшаның оқу-тәрбие іс-әрекеті мәселесіне ата-аналар көңілін аудару. 
Педагогикалық үрдісті жабдықтауға, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін 
танып-білуге белсенді қатысуын дамыту. 
Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып 
отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды бала тәрбиесінде қолданып, заман 
талабына сай бала тәрбиелеу үшін ата-ананың да сол заманға сай жаңаша 
технологияларды меңгеруі шарт. Балалармен заман талабына сай ата-
аналарға көмек көрсету мақсатында балабақшамызда «Заманауи аналар» 
клубы жұмыс жасайды. Бұл клубта аналармен бала тәрбиесіне байланысты 
түрлі әдіс-тәсілдер ортаға салынып, талқыланып, бала тәрбиесіне 
қолданылады. 
Жоспарға сай ата-аналар жиналыстары, ақыл-кеңестер мен дөңгелек 
үстелдер жыл бойы жүргізіліп отырады. 
Әр мерекелік ертеңгілік ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Атап 
өтер болсақ «Жаңа жыл» ертеңгілігінде ата-аналар түрлі кейіпкерлер 
рөліне еніп ертеңгілікте балалармен бірге өнер көрсетсе, 8 наурыз 
Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ана көрген тон пішер», 
«Үлгілі ана-2018» байқауына аналарымыз қатысып, «Ұлыстың ұлы күні –
Наурыз» мерекесі қарсаңында «Ақ жаулықты әжеміз» әжелер байқауында 
әжелер өз өнерлерін көрсетсе, «Ақыл сұра үлкеннен» атты дөңгелек 


421 
үстелде әжелеріміз жастарға үлгі –өнеге, ақыл-кеңестерімен бөлісті. 
Ертеңгіліктерде «Шашу», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» салт-дәстүрлері 
сахналанып көрсетілді. Бұл ұйымдастырылған шаралар әр отбасында 
қазақтың 
салт-дәстүрін, 
әдет-ғұрпын, 
рухани 
жаңғыруына 
жұмылдырылған. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, 
ережелерімен тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен 
таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. 
Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді 
көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-
аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған 
сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде 
өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен 
көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де 
тыңдаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет