Сборник материалов май 2020 года г. Петропавловск


Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында



Pdf көрінісі
бет225/286
Дата18.11.2022
өлшемі12,93 Mb.
#158773
түріСборник
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   286
Байланысты:
Международная конференция сборник

Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында 
берілетін кеңес. 
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға 
көмектесу. 
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар 
тақпай жай түсіндіру. 
3. Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне 
тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну. 
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін 
сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау. 
Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез-келген мекеме 
үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте 
зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры , болмысын қалайтын мекен. 
Сондықтан да балабақшаның оқу-тәрбие жұмысында ата-аналармен 
жұмысқа үлкен көңіл бөлемін.
Көздеген 
мақсатым:
балабақша 
мен 
отбасындағы 
ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін 
ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға терінде қазіргі заман талабына сай 
рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. 
Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты құру. 
Алдыма қойған міндеттерім


Ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 
педагогикалық кеңес беру. 

Балабақшадағы іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру. 

Ата-аналарды балабақша өмірімен қызықтыру. 

Үлгілі ата-аналарды насихаттау. 

Ата-аналар бұрышын жасау. 


420 

Ата-аналармен бірге отырып құрылған оқу-тәрбие жоспарын 
жасау. 

Балаларды дамытудың диагностикасын жасау. 

Күнделік оқу-тәрбие жұмысына ата-аналарды тарту. 
Алдыма қойған міндеттерімді іске асыруда мынадай іс-әрекеттерді 
балабақшада ұйымдастырдым. 
Тәрбиешінің жүргізген жұмысынан хабарлы болу үшін ата-аналарға 
топтарда «Сіздер үшін ата-ана» бұрышы жасалды. Онда ата-аналар «Бізбен 
бірге оқыңыз» айдарынан күнделікті жүргізілген тәрбие жұмыстары 
бойынша толық мағлұматтар алады. Сонымен қатар балабақша күн 
тәртібімен танысады. 
Балабақшада ұйымдастырылған ашық есік күндері ата-ана 
баласының жетістіктерін немесе қиындықтарын көреді, балада қиындық 
тудыратын мәселелерді, үйде ұйымдастыру бойынша тәрбиешіден 
әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық ойындар пайдаланатын әдебиеттер 
сияқты кепілдемелер алады. 
Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие ісін ары қарай 
жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және 
нығайта түсу арқылы жүзеге асады. 
Балабақшамызда ата-аналармен бірлесе ұйымдастырылған «Шебер 
қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл үйірмеде ата-аналар оқыту-
тәрбиелеу жұмыстарына декорация жасауға, атрибуттар, түрлі жаңаша 
технологиямен дайындалған көрнекіліктер жасауға ат салысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет