«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет2/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 80/81 
ББК 81.2 
 
 
ISBN 978-601-308-543-2
© Ш.Есенов атындағы Каспий 
технологиялар және 
инжиниринг университеті, 2021



ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС 
 
КІРІСПЕ СӨЗ 
 
Ахметов Берік Бақытжанұлы
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг 
университетінің президенті, профессор,
Ақтау, Қазақстан
Ардақты ағайын! 
Құрметті конференцияға қатысушылар! 
Аса көрнекті түрколог ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 100 жыл толуына 
арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қош келдіңіздер! 
Ғұбайдолла Айдаров – әлемдік түркология ғылымында өзіндік орны бар ғалым. Көне 
түркі жазу ескерткіштерін зерттеудегі ғалымның еңбегін қазіргі түркология саласының 
мамандары жақсы біледі. Оның әлемдік өркениетте өз орны бар түркі ескерткіштерін 
зерттеп, артында қалдырған еңбектері түркологияның дамуына елеулі үлес болып, әлемдік 
түркология үшін қымбат қазынаға айналды.
Ғ.Айдаров бұл салада отызға тарта монография мен жоғары оқу орындарына 
арналған оқулықтар жазып, беделді ғылыми басылымдарда 300 ге жуық мақалаларын 
жариялады. Ол ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика 
бойынша транскрипциялап, 
олардың 
тілін лингвистикалық тұрғыдан 
жан-жақты 
талдады, көне жазба ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, 
дәлелдеді.
Ғалымның «Білге қаған ескерткіштерінің тілі», «VIII ғасырдағы көне түркі жазулы 
орхон ескерткіштерінің тілі», «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі», «Көне ұйғыр жазба 
ескерткіштерінің тілі» атты еңбектері қазір сирек ғылыми кітаптар, құнды басылымдар 
болып табылады. 
Түркология ғылымына алғашқы соқпақ салған ғалымның аса бағалы еңбектері 
ғасырлар бойы халқымен бірге жасай беретін, өскелең ұрпақ үшін қажетті мұралар екені 
сөзсіз. Осындай ғылыми еңбектерімен қазақ Елі ғана емес, бүкіл түркі дүниесіне танымал 
тұлға Ғ.Айдаров есімін ұлықтау мақсатында университетімізде бірқатар шаралар атқарылып 
жатырғанын айта кеткеніміз жөн.
2018 жылы КезБИ ЖШС директоры Бітім Кезбаев демеушілігімен Ғ.Айдаров 
атындағы оқу аудиториясы ашылған болатын. Биылғы жылы бұл аудитория заманауи үлгіде
қайта жаңғыртылды. Қазақ тілі мен әдебиеті, филология мамандығының білімалушылары 
дипломдық жоба, магистрлік диссертация, ғылыми жоба жұмыстарын жүргізіп келеді. 
Профессор-оқытушылар ғылыми мақала, еңбектерін зерттеу ісімен айналысуда. 
Көрнекті ғалымның ғасырлық мерейтойын өзінің туған жерінде атап өтіп 
отырғанымыз – біз үшін зор мәртебе. Еліміздің әр түкпірінде, оның ішінде облысымыздың 
білім мекемелері мен мәдени ұйымдарында бұл мерейтойға арналған көптеген шаралар 
өтуде. Сайын елдімекеніндегі Ғ.Айдаров атындағы мектеп те бұл мерейтойға арналған 
аудандық конференция, басқа да іс-шараларын өткізді. 
Ш.Есенов университетінде бүгін еліміздің, шетелдердің белгілі түрколог 
ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастырылып отыр.
Аса көрнекті жерлес ғалым атамыздың білім мен ғылым жолындағы ізденістері, 
азаматтық тұлғасы жастарымыз үшін қашан да үлгі болмақ. Атамыздың жолын қуып, 
ғылымға бой ұратын жастарымыз көбейе бермек. 
Құрметті қауым! Тағы да қош келдіңіздер дейміз.
Бүгінгі конференцияның жұмысына сәттілік тілеймін! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет