«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет8/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМЫ 
 
Нұрдәулетова Бибайша Ильясқызы 
ф.ғ.д., профессор, 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
Ақтау, Қазақстан
 
Құрметті конференцияға қатысушылар! Зиялы қауым! Біз бүгін қазақтың тарихи тіл 
білімінің ғана емес, күллі түркілік мәдениеттің, түркілік тұтастығымыздың тұғыры болып 
табылатын түркітану ғылымының қазақ топырағындағы алғашқы қайраткерлерінің бірі, 
Орхон-Енисей ескерткіштері тілін шығыс ғалымдары қатарында тұңғыш зерттеген ғұлама 
ғалымның мерейтойын атап өткелі отырмыз.
Осы орайда жайсаңдары мен жампоздарын көп туғызып қойғандықтан, бас-аяғын 
жиып үлгермей жататын, марапатқа марғаулау болса да, марғасқалығынан таймайтын 
Маңғыстау жұртының есіне осынау игілікті істі салғаны үшін қазақ тіл білімінің қара 
шаңырағы, қазақ тілінің бірден-бір тірегі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институтының ұжымына алғысымыз шексіз.
Аса маңызды қарым-қатынас құралы болған тіл мен мәдениет өзінің қызметін түрлі 
тәсілдермен атқарып келді. Солардың бірегейі көне дәуірлерден бүгінгі күнге дейін 
қолданыстағы таңбалар жүйесі екені белгілі. Таңба – жаратылыс туралы танымды, мақсат-
мүддені, қилы тарих пен тағдырды жеткізуде маңызды міндет атқарған адамзаттық білім 
жүйесінің негізгі кілті.
Біздің дәуірімізге дейінгі есте жоқ ескі замандарда өмір сүрген адамдар таңбалап 
жазып қалдырған мұраны ғылым көне жазба ескерткіштер деп қарастырады. 
Жазба мәтіндердің қайнар көздері ретінде тасқа, темірге, теріге, матаға, ағашқа 
бедерленген таңба-жазуларды айтамыз. Ғылыми болжамдарға сүйенсек, көне жазудың пайда 
болуы бес жарым мыңжылдықтың арғы жағына кетеді. Сол көне дәуір қойнауынан жеткен 


24 
жазба мәтіндер Тигр мен Ефрат өзенінің жағалауын мекендеген Шумерлерге және Ніл-
дариямен тағыдыры тығыз байланысты Ежелгі Мысыр еліне тән.
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, Қосөзен мен Мысыр жазуы шамамен бір дәуірге 
орайлас келеді. Бұл көне жазбалардан тылсым жаратылыс сырларына үңілу, оны тануға 
талпыну айрықша аңғарылады. Әлемнің құпиясына үңілу, түрлі жолдармен табиғат 
құбылыстарына әсер етуге ұмтылу, жаратылыс заңдылықтарын, заттар мен құбылыстарды 
құрмет тұтып, тағзым ету, дүниенің жаратылуын өз танымынша пайымдау «көне дүниенің 
көнесі» іспетті бұл мәтіндерге сакральды сипат дарытады. 
«Руна жазулары» деген атпен әлемдік жазу тарихынан ойып орын алған көне түркі 
жазулары шумер жазуларының заңды «мұрагері» екендігін қазіргі түркітану ғылымы 
дәлелдеді. Алайда ғылым әлеміндегі европоцентристік идеяның құрсауын қақыратып, 
түркілік өркениеттің бағзы бастауын мойындатқан «құпия жазулардың» төркінін тану батыс 
пен шығыстың үш жүз жылға созылған пікірталасына азық болды.
Қазіргі таңда көне түркі әліпбиі ретінде мойындалып, әлемдік жазу тарихынан орын 
алған бұл жазулардың шығу төркінін бірқатар ғалымдар арамей жазуымен байланыстырса
енді біраз зерттеушілер Сібір татарларының ру таңбаларына қатысты қарастырды [1, 16]. 
Сондай-ақ, бұл ескерткіштер тіліне бірнеше дәуірлік тарихы бар жасанды жазба тіл, VI-VIII 
ғасырдағы түркі поэзиясының үлгісі деп баға берушілер де болды [2, 40]. 
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілін лексикалық, грамматикалық, фонетикалық 
жақтан зерттеп, түркі тілдерінің тарихи бастау көзі ретінде қарастырған түркітанушы 
ғалымдар: В.Радлов, П.М.Мелиоранский, кейінгі кезеңдерде С.Малов, И.А.Батманов, 
В.Котвич, Г.Рамстедт, А.Габендердің қатарында қазақ түркітанушыларынан Ғ.Айдаровты 
бірінші атауға болады. Ғ.Айдаровтың зерттеулерінен кейін қазақ ғалымдары – А.Аманжолов, 
Ә.Құрышжанов, М.Томанов т.б. ескерткіш тілін қазақ тілінің тарихы тұрғысынан 
қарастырып, жан-жақты зерттеу еңбектер жариялағаны белгілі. 
Ғ.Айдаров Орхон-енисей жазуларын жатқа біліп қана қоймай, көне әліпбимен өте 
еркін жаза да білген. Ол көне түркі жазуларының грамматикалық құрылысын, тілдік 
ерекшеліктерін фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан терең 
талдау жасаған және Күлтегін, Білге, Құтылық қаған, Мойын-Чор ескерткіштерінің 
мәтіндерін қазақшаға тұңғыш рет толық аударған. 
Ғалым «Білге қаған ескерткішінің тілі», «Көне түркі жазуларынан мағлұматтар», 
«Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі», «Орхон ескерткіштеріндегі көне түркі жазбалары», 
«Енисей, Орхон, Талас бойындағы көне түркі жазба ескерткіштері бойынша жарияланған 
әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші», «Орхон ескерткіштерінің мәтіні», «Көне ұйғыр 
жазба ескерткіштерінің тілі», «Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің тілі» атты 
еңбектерінде өзіне дейінгі зерттеушілердің пікіріне талдау жасай келіп, Орхон, Енисей, 
Талас жазуларының табылған орындары мен жазылу мерзімдерінің әр кезеңге тән екендігіне 
қарамастан бір-бірімен байланысты бір тұтас жүйемен жасалған жазу түрі деген 
қорытындыға келеді.
Қазақтың тұңғыш түркітанушысы көне түркі жазба ескерткіштерінің дыбыстық 
жүйесін қазақ тілінің фонетикалық жүйесімен салыстыра сипаттайды. Көне түркілік 
дауыстыларды білдіретін төрт таңбаның қазақ тіліндегі үндестік заңына орай жуан/жіңішке 
сегіз дауыстыға сәйкес келуі, сөздердің буын үндестігіне бағынып құралуы, дауыссыздардың 
жалаң, яғни бір таңбамен келуі, қос, яғни бірнеше таңбамен (сөздің жуан/жіңішкелігіне орай) 
және тіркес түрінде келуі, әрбір дауыссыздың сөз ішіндегі орын тәртібі, сонор және қатаң 
дауыссыздардың тіркесімі, дыбыс үндестігі – сингармонизм және дыбыстардың үндеспеуі 
диссимиляция, дыбыстардың түсіп қалу құбылыстары, буын түрлері қазіргі түркі, соның 
ішінде қазақ тілі заңдылықтарымен салыстырыла талданады. Соның ішінде қазақ тілінде 
кездеспейтін кейбір құбылыстар: үнді дыбыспен қатаң дыбыстың тіркесімі, түбір мен 
қосымша аралығындағы үндеспейтін дыбыстардың қатар тұру құбылысы (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет