23
•
қазақ жазуының тарихы;
•
көне түркі ескерткіштерінің тіліндегі қыпшақтекті элементтер;
•
көне түркі ескерткіштері тілінің ұлттық тілдерге қатысы;
•
қазақ тілінің тарихи фонетикасы;
•
қазақ тілінің тарихи грамматикасы
•
қазақ тілінің тарихи лексикасы;
•
қазіргі қазақ тіліндегі түркі-монғол параллельдері;
•
көне түркі ескерткіштері жазуының графикалық (фонологиялық) талданымы;
•
қазақ жазуының тарихы;
•
қазақтілді санадағы «жазу»
концептісі;
•
ұлттық жазба тілдің қалыптасы тарихы.
Ғалымның ғылыми мұрасымен қоса қазіргі кезде кез келген тілтанушыға қажет
тұлғалық қасиетіне де ерекше мән беріп, ұқсап бағу керек. Ол Ғ.Айдаровтың көптілді тұлға
болуы. Ғалым өз ана тілінен бөлек, әзербайжан, түркімен, түрік, өзбек, орыс тілдерінде
шешен сөйлеген. Қатарластары Ғ.Айдаровтың он тілді жетік меңгерген деп көрсетеді.
Ғ.Айдаровтың осы қасиеті болашақ отандық түркітанушы үшін эталон болу керек деп
санаймыз. Ол үшін Түркі
Академиясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған
Түркологиялық орталық, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Түркология
кафедрасы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы және
түркітану бөліміне, сол сияқты еліміздің ЖОО, ғылыми орталықтарында түркітанушылық
ізденістермен айналысатын мамандарға күш біріктіріп, бірнеше түркі
тілін меңгерген, әрі
осы тілдік білімдерін түркітанушылық зерттеулерінде тиімді қолдана алатын жас
түркітанушылар даярлау ісін кешіктірмей қолға алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: