12
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы: Білім, 1994. – 502 б.
2.
Қазақ совет энциклопедиясы. 12 томдық, 12-том.-том.–Алматы 1979.–596 б.
3. Ғ.Айдаров. Естеліктер. – Алматы., 2003. –176 б.
4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. –Алматы: Мектеп, 1986. – 170
5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология –Алматы: Ғылым, 1987.–365 б.
6. С.Омарбеков.«Көне жазудың білгірі» //
«Егемен Қазақстан»газеті, 1996 жыл, №12
шілде.
ТҮРКІЛІК РУХТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САБАҚТАСТЫҒЫ
Манкеева Жамал Айтқалиқызы
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының
докторы, профессор,
Алматы, Қазақстан
Түркітану тарихының қай заманында да тектіл түркі тілін (протоязык) қалпына
(реконструкция) және оның қазіргі түркі тілдеріндегі эволюциясы туралы мәселе өзекті
болды. Осымен байланысты тектілтілдік бағдардың танымдықпен қатар ғылыми-әдістемелік,
ұйымдастырушылық та мәні бар. Шын мәнінде, бұл жеке түркі тілдерінің тарихын зерттеуде
бастау көзі болуы тиіс екені табиғи заңдылық. Бірақ бұл мәселенің осы күнге дейін түпкілікті
шешімі табылмағаны, нақты айтқанда, оның
тілдік фактілердің жинақталып, жеке
тұжырымдар сипатында екені белгілі. Тілді зерттеудің қазіргі антропоөзектік парадигмасы да
бұл мәселенің зерттелу үрдісінің қарқынына ықпал еткені шындық.
Дегенмен қазіргі жаһандану заманында өзектелген антропоөзектік үдеріс әрбір жеке
түркі тілінің тамырына тереңдеу бағытын жетілдіріп, интегративтік әдісті «тіл мен ұлт», «тіл
мен құрал», «тіл мен сана», «тіл мен мәдениет» сияқты тұтастықтармен толықтыруда.
Осымен байланысты «түркі әлемі», «түркілік рух» ұғымдарын дәйектеп тарататын жеке
түркі тілдері фактілерінің көне түркі жазба ескерткіштердегі тарихи іздерін табу жұмыстары
жаңа сапалық деңгейге көтерілуді қажет етеді. Осы мәселенің, мысалы, қазақ тіліне
қатыстылығы қазіргі қазақ руханиятының «рухани жаңғыру» бағдарымен байланысты айқын
көрініп, өзектелуде.
Осы орайда көне түркі жазбаларының мұрасы ежелгі заманнан бүгінге дейін ұласқан
рухани-дүнияуи даму барысының желісі іспетті бүгінгі күнмен қалай сабақтасатынын
айқындау аса маңызды.
Егер ең алғаш түркі дүниесін танытқан көне түркі ескерткіштері десек, бүгінде іштей
қайта түлеп жатқан түркі халықтарының бірі қазақ халқының жаңа астанасының төрінде
түркілердің тарихнамасы іспетті «Күлтегін» ескерткіштерінің тұғырлануы түркі рухының
жаңғыруының жарқын үлгісіндей.
Соған сәйкес бағзы заманнан бастау алып, тасқа қашалған, түркі жұртының санасына
сіңіп, бүгінге жалғасқан көне сөздердің тарихи даму, өзгеру сырын ашып, төл мәдениетпен
сабақтас зерттеу нәтижелері тіл тарихының ұлт тарихынан
ұзақ екенін негіздесе, Ғ.Айдаров
сынды ғалымдардың нақты зерттеу мұрасы қазақ тілінің «жаңа» топқа жатпайтынын
дәлелдейді.
Бірнеше дәуірдің тарихы, мәдениеті мен психологиялық, қоғамдық-әлеуметтік,
экономикалық т.б. даму көрінісі этнографиялық, археологиялық, мифологиялық т.б.
зерттеулермен қатар ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы сақталып жететіні дәлелденіп, осы ретте
сенімді қағидаға айналып отыр.
Осымен байланысты көне түркі
мұраларын жан-жақты зерттеп, танытқан көрнекті
түркітанушы-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, олардың қазақ тіліне қатысы мен
13
сабақтастығын айқындауды мақсат еткен қазақ ғалымдарының еңбектеріне де жеткілікті мән
беретін кез келді. Сайып келгенде, қазіргі тілдің өзінде түркілік архетиптік үлгілерді
реликтілік сипатта сақтап қалған мұрагерлер іспетті түркі тілдерінің өкілдері ретіндегі қазақ
ғалымдарының ізденістеріндегі ерекше сезіну мен ішкі түйсік, қанға сіңген түркілік рух
айқындалады. Бұл біздің ойымызша, ғалымға қажет ғылыми-ақпараттық танымға жалғасқан
тіл иесінің тілдік санасында құрылымдалған когнитивтік тетікпен байланысты.
Олар аз емес, (Ғ.Айдаров, А.Махмұтов, А.Есенғұлов, М.Томанов, А.Аманжолов,
Ә.Құрышжанов т.б.). Соның басында тұрған филология ғылымдарының докторы, профессор
Ғ.Айдаровқа 18 маусым күні бас газетіміз «Егемен Қазақстанда» Түркі академиясының
президенті Д.Қыдырәлінің «Түркологияға түрен салған тарланбыз» атты мақаласында
берілген бағадан артық айту мүмкін емес: «Отандық түркология тарихында соқтықпалы
соқпақсыз заманда тыңға түрен салған, жасқанып, мұқалып қалмай, өз беімен өрге ұмтылып,
табанды ізденістерге барған. Орхон мұраларының қазақ тіліне қатысын зерделеп,
ізашар
еңбек жазған көрнекті ғалым...»
Тағдырдың тауқыметін ел басына түскен зұлмат зобалаңның барлық азабын тартқан
жас бала, балалар үйінде
тәрбиеленіп, жетілгендігіне қарамай, жетілем деп, білім алуға
ұмтылып, маман болуды мақсат етеді, құлшынып еңбек етеді.
Одан бұғанасы қатпаған бозбала жігіт соғыстың қан майданында от кешіп, отбасынан
аман қалған жалғыз інісінен де айырылып, елге оралады. Осындай өмірінің тарихына
ашынбай, жыланбай баяндаған жүрекжарды жан сырын шерткен ағамыздың тәлім-тәрбиелік
әңгімесін өз аузынан талай естігенбіз. Жастайынан жетім қалып, ата-ана тәрбиесіне қанбаса
да, құймақұлақ,
санасы ояу, қанында елдік рух сақталған жас жігіттің «Мен әулеттің отын
өшірмеуім керек» деген тұлғалық өресі таң қалдырады.
Міне, болмысындағы осы өршіл рух оны қиын да күрделі ғылым жолына түсірді.
Әйтпесе еңбек жолын бастаған мұғалімдік мамандығы да асыл ағамыздың оң жамбасына
келер еді. Бір кісінің бойынан ғаламат педагогтік қабілет байқалатыны соншалық
қиыншылықтарды басынан кешсе де, жүрегі қатуланбаған, аса мейірбан, ашулануды
білмейтін,
кеңпейіл, қазақы мінез, ең бастысы, сөзсаптамы ерекше, әсіресе, ауызша
әңгіменің шебері, кез келген адаммен сөзі жарасатын коммуникативтік тұлға болатын. Бірақ
соған қарамастан нағыз инемен құдық қазғандай еңбекті талап ететін, сол замандағы тіл
ғылымының, шын мәніндегі тыңына түрен салып, Білге қағанның, Тоныкөктің, Күлтегіннің
тілін ерінбей, талмай зерттеді. Себебі бойын ғасырлар қойнауындағы ата-бабаларымыздың
тылсым
әлемінен тарап, қазақы танымға ұласқан түркілік рух билеген жас Ғ.Айдаров
болмысы «Орыс тілінен енген сөздердің қазақ тілінде игерілуі» деген оңтайлы тақырыпты
місе тұтпай, түркілік тылсым әлемнің сырына үңілуге жетеледі.
Бұл қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы кеңестік кеңістіктегі, жалпы түркітанудағы
да мәселенің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ғылыми-әдістемелік негізі нақты
айқындала қоймаған соғыстан кейінгі қиын кезең болатын.
Өмірінің мұраты, ғылыми-шығармашылық қызметінің темірқазығы іспетті осы
мәселеден айнымай, тапжылмай зерттеуінің нәтижесінде он шақты монография, жоғары оқу
орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, 250-ден астам зерттеу мақалаларының жарық
көруі соның айғағы. Мысалы, профессор Ғ.Айдаров түркі мәдениетінің даму тарихында
өзінің игілікті әсерін тигізген соғды жазуы негізінде қалыптасқан әйгілі Ж.Баласағұнның
«Құтадғу білік» атты дидактикалық еңбегіне және басқа да ортақ түркілік мұралар жазылған
жазба ескерткіштерінің тіліне ерекше назар аударады.
Әрине, бұл еңбектерге соңғы жарты ғасырдағы түркологияның жетістіктері
тұрғысынан талап қою қисынсыз. Дегенмен
сол замандағы ғылыми өзектілік, танымдық-
ақпараттық деңгей тұрғысынан ғалым еңбегі лайықты бағасын алды деп айта алмаймыз.
Кеңестік түркітанушы ғалымдардың қатарында да көбінесе аталмай, назардан тыс қалатын.
Еуроцентристік кеудемсоқтықтың пиғылдағы зерттеушілер ғалымның еңбектерін өз
деңгейіне сай объективті көрсетпеді. Ғалым зерттеулері өзінің туған елінде де қолдау
таппай, 1974 жылы Бакуде азербайжан тілінде сәтті қорғап шығады.
14
Шын мәнінде, профессор Ғ.Айдаровты көне түркі жазу сиқырына бойлатқан оның
Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазуларының белгі-таңбаларын толық игеріп оқып қана
қоймай, түркі дүниесінің қазіргі мұрагерлері ретіндегі түркі тілдерінің көбін (қыпшақ тобын
былай қойғанда, оғыз тобындағы түркімен, азербайжан т.б.) еркін меңгеруі.
Профессор Ғ.Айдаровтың көне түркі жазба ескерткіштері тілінің қазіргі қазақ
тіліндегі тарихи іздерін дәйектеген монографиялары, оқулықтары
мен мақалаларында
түркітануда қалыптасқан мынадай тұжырымдар нақты тарихи-салыстырмалы деректер
арқылы көрсетеді. Мысалы, дыбыстық деңгейдегі дыбыстардың алмасуы
Достарыңызбен бөлісу: