15
мен архисемасы кешенді сипатты бейнелейді. Ал, келесі тарихи даму кезеңінде
моносиллабтардың VC, VCC, CVC, CVCC модельдерінде нақтылау үрдісі байқалады.
Ғалым мұрасын зерделеу нәтижесі бүгінгі қазақтану ілімінің кеңістігімен
ұйымдастырсақ, көне түркі ескеркіштер тілінің қазіргі қазақ тіліндегі тарихи іздерін мынадай
көздердің деректері арқылы айғақтауға болады. Олар кейінгі профессор М.Томанов,
Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Т.Жанұзақов т.б. көрнекті тіл тарихын зерттеушілердің еңбектерінде
көрсетілген. Біріншіден, бүгінгі тіл құрамындағы диалектілік айырмашылықтар көбіне тілдің
көне дәуірінің біртұтас халық тілі қалыптасқанға дейінгі сипаты болып келеді.
Екіншіден, академик Р.Сыздық көрсеткен ауызша әдеби тілдің поэтикалық сипаты
арқылы көптеген көне дәуірлерге тән тұлғалар, дыбыстық қолданыстар, көнерген сөздер
сақталған. Үшіншінден, ономастика жүйесі (жер-су, тайпа, ру, халық, кісі аттары т.б.).
Олардың көбі тілдің даму барысында жоғалып кеткен сөз өзгерту модельдері бойынша
жасалған боп келеді немесе ұмытылған мағынаны мәдениет өз бойында сақтауы мүмкін.
Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын мәнінде бағалай білу, олардың тарих,
мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда баға жетпес қазына екендігін көпшілікке, жас
ұрпаққа жеткізуді сол заманның өзінде кезек күттірмейтін міндет деп санап, монографиялар
мен оқулықтар жазған профессор Ғ.Айдаровтың өнегелі ісі қазіргі заманға жалғасып, таныла
түсуі қажет. «Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп
қылдым, тату елге жақсылық қылдым» деп сипатталған Күлтегіннің түркілік рухын қазақ
жұртына жеткізем деп өмір кешкен ғұламаның еңбегі ұрпақтарға асыл қазына, жырқын үлгі
бола бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Кононов А.Н. Историяизучения тюркских языков в России. – Л., 1982
2.
Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі
(оқу құрал). – Алматы, 1971.
3.
Айдаров Ғ. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VIII в.
4.
Айдаров Ғ. Көне жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1986.
5.
Айдаров Ғ. Язык орхонского памятника Бильге кагана. – Алма-Ата, 1966.
6.
Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – Алматы, 1995.
7.
Айдаров Ғ. Тоныкөк ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 2000.
8.
Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1991.
9.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988.
10.
Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту. – Алматы, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: