346
есептеу үшін орын басу коэффициентін қолданады. Массаны дайындау
барысында оны майдалайды, егер қажет болған жағдайда сусымалдығын
арттыру мақсатында кептіреді. Пресстеу әдісі автоматты дозалаумен,
суппозиторийлерді
көптеп
шығаратын,
фармацевтік
зауыттарда
қолданылады.
Дәріхана жағдайында дозаламайтын қол престері қолданылады.
Дайындалған суппозиторийлік массаны алдын-ала дозалап, престің
ұяшығына салып, поршенмен престейді. Дайын суппозиторийлер бірдей
пішінді, тегіс болады. Престеу кезінде массаның біркелкілігі бұзылмайды.
Кемшілігі: дайындау процесіне көп уақыт кетеді.
Сурет 45 . Суппозиторийлік пресс.
Орамдау
және
безендіру.
Майлы
негізде
дайындалған
суппозиторийлерді пергамент қағазға, желатин-глицеринді, сабынды-
глицеринді негіздерде - балауыздалған, парафинделген қағазға орамдайды.
Шариктер мен пессарийлерді гофрирленген қалпақшаларға салып, картон
қораппен таяқшаларды қағаз бүктемесінің арасына салып босатады. Қорабқа
негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын, жарық
түспейтін жерге сақта», «Балалардан сақта» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 16
сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту туралы»
Қаулысы талаптарына сәйкес безендіреді. Құрамында улы немесе есірткі
заттары бар суппозиторийлерді қосымша ҚР ДСМ 01.11.1996 ж. № 481
бұйрықтарының талаптарына сай безендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: