Бақылау сұрақтары: 1.
Суппозиторий дегеніміз не және оның дәрілік түр ретінде қандай
ерекшеліктері бар?
2.
Суппозиторийлердің қандай түрлерін білесіздер?
3.
Суппозиторийлерге қандай талаптар қойылады?
4.
Дәрілік түр ретінде суппозиторийлердің қандай артықшылықтары мен
кемшіліктерін білесіздер?
5.
Суппозиторийлік негіздерге қандай талаптар қойылады?
6.
Суппозиторийлік негіздер қалай жіктеледі және оларға толық сипаттама
беріңіздер?
7.
Суппозиторийлік негіздерге дәрілік заттарды қалай енгізеді?
8.
Суппозиторийлердің қандай дайындалу әдістері бар және әр әдістің
технологиялық сатылары қалай жүргізілетінін сипаттап беріңіздер?
9.
Суппозиторийлерді орамдап-безендірудің қандай ерекшеліктері бар?
10.
Суппозиторийлердің сапасын бағалау.
4.4 Пилюлялар. Pіlulae Пилюлалар дәрілік түр ретінде, ерте кезден белгілі гомеопатиялық,
ветеринарлық іс-тәжірибеде және официналды медицинада кеңінен
қолданылған.
Пилюлялар - ішуге қолданылатын қатты, дозаланған дәрілік түр, олар
дәрілік және қосымша заттардан тұратын біртекті пластикалық массадан шар
түрінде дайындалады. Официналды дәрілік түр КСРО МФ Х басылымына N
535 «Пилюлялар» жалпы мақаласы енгізілген. Пилюля салмағы 0,1 ден 0,5 г
дейін болады. Егер пилюля салмағы көрсетілмесе 0,2 г деп алынады.
Пилюлялардың ұнтақтарға қарағанда әлсіз, бірақ ұзақ әсер ететін емдік
қасиеті бар. Ол дәрілік заттардың пилюлядан босап шығуының және
сіңірілуінің бірте-бірте өтетіндігіне байланысты. Сонымен қатар пилюлялар,
ішекте ыдырауын қамтамасыз ететін, ішекте еритін қабықшалармен қапталуы
мүмкін.
Қазіргі кезде пилюлялар таблеткалармен ығыстырылған. Таблеткаларды
дайындау өндіріс жағдайына көшірілген, олардың едәуір жетістіктері бар.
Бірақ пилюлялар маңызын жоғалтпаған, тиімді және бағалы дәрілік түр.