Суппозиторийлердің сапасын бағалау. Суппозиторийлердің сапасын
бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
-
құжаттардың бар екендігі және дұрыстығы;
-
босатуға дәрілік түрдің дұрыс безендірілгені;
-
массаның біркелкілігі - ұзына бойы кескен кезде қарусыз көзбен дақтар
көрінбеуі (майдаланбаған дәрілік зат немесе майдаланбаған негіз болмауы)
керек;
-
20 суппозиторийді 0,01 г дәлдікке дейін өлшеп, орташа салмағын
анықтайды. Бір суппозиторий салмағындағы ауытқу мөлшері
5 % аспауы
керек;
-
липофильді
негізде
дайындалған
суппозиторийлердің
балқу
температурасын анықтайды, ол 37
0
С аспауы керек;
347
-
толық деформациялану уақытын анықтайды, ол 3-15 минуттан аспауы
керек (МФ ХІ басылымы, 2 том, 153 бет);
Толық деформациялану уақытын капилярға (сурет 46) өтетін екі жағы
ашық шыны трубкадан 2, шыны штоктан 3 және салмағы 7,5 г және диаметрі
2 мм металл өзектен тұратын аспапта анықтайды. Түтікті 4 қысқа жағынан
резина тығынмен жабады және 37
0
С температурадағы сумен толтырады.
Анықтау алдында аспапты температурадасы 37 ±1
0
С су айналыс жасайтын
ыдысқа салады. Суппозиторийді 15 минут мұзда ұстап шток 3 арқылы бекітіп
түтікке 4 салады, содан соң жылдам суппозиторийге металл өзекті 5
орнықтырып, секундомерді қосады. Суппозиторийді түтікке 4 енгізгеннен
бастап өзектің 5 түтіктің тарылған жеріне жеткенге дейінгі уақытты
анықтайды. Осы уақыт суппозиторийдің толық деформациялану уақыты
болып саналады.
Сурет 46. Суппозиторийлердің толық деформациялануын анықтайтын
аспап.
1-
шыны ыдыс; 2 - термометр; 3 - шток; 4 – сынамаға арналған шыны
түтік; 5 - металл өзек
-
гидрофильді негізде дайындалған суппозиторийлердің еру уақытын
анықтайды. Ол үшін 1 суппозиторийді сыйымдылығы 100 мл түтіктің
түбіне салып, температурасы 37
0
С 50 мл су құяды да, 5 минут шайқайды.
Суппозиторий, егер жеке мақалада арнайы көрсетілмесе 1 сағат ішінде еруі
керек;
-
сандық мөлшерін анықтау және әсер етуші заттардың дозалану дәлдігін
анықтау жеке мақалада көрсетіледі;
-
сақталуы: құрғақ, салқын жерде.
Орамдау. Майлы суппозиторийлерді және шариктерді парафинделген
қағазға, целлофанға, фолгаға орамдайды. Гидрофильді негізде дайындалған
шариктерді, пессарийлерді балауыздан немесе парафинделген қағазға
348
орамдайды. Картон қорапқа салады. «Сырт тәнге» негізгі этикеткасымен,
«Құрғақ салқын жерде сақта» ескертпе этикеткасымен безендіреді.
Полиэтиленоксид
негізінде
дайындалған
суппозиторийлер
этикеткасында «Қолданар алдында суландыру» керек екендігі көрсетілуі тиіс.