Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет80/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

2-ші кезең.
Технологиялық процесті жүргізу. 
а) Келіні таңдау. Ұнтақ салмағы келі көлемінің 1/20 бөлігін құрауы керек, 
сондықтан, 2,7 г ұнтаққа № 2 келі тиімді болады (оқулықтың № 3 кестесі). 
б) Ұнтақты дайындау дәрілік заттардың физикалық қасиеттері мен олардың 
салмақтық қатынасына байланысты жүргізіледі. Рецептіде ұнтақ бөлінген 
тәсілмен жазылған, дозаланған, ингредиенттерінің мөлшері әртүрлі. Сондықтан, 
келі саңылауларын алдын ала бітеп алып, «Алтын ереже» бойынша дайындалады. 
Жұмыс орны ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 
наурыздағы № 232 бұйрығына сай дайындалады. № 2 келіде 2,25 г қантты 
ұнтақтап, оның 1/20 бөлігін келіде қалдырып, қалғанын капсулаға төгеді, кейін 
0,2 г папаверин гидрохлоридін ұнтақтап, атропин сульфатының (1:100) 0,25 г 
тритурациясын қосады. Оны фармацевт-технолог өлшеп келіге салып береді. Ол 
туралы улы, есірткі заттар бойынша есеп беру (тіркеу) журналында және 
рецептінің кері бетіне улы заттың атауы, мөлшері, босатқан күні көрсетіледі, 
сонымен бірге, босатқан және қабылдаған фармацевтің қолы қойылады (01.11.96 
ж. ҚР ДСМ № 481 бұйрығы). 
Рецептінің кері бетін толтыру : 
Босатқан:
Trіturatіonіs Atropіnі sulfatіs (1:100) 
0,25 г 
Күні:
қолы: 
Қабылдаған:

Trіturatіonіs Atropіnі sulfatіs (1:100) 
0,25 г
Күні:
қолы: 
в) Дозалау. Ұнтақты ВР-1 қол таразысы көмегімен 0,27 г-нан 10 дана 
балауызданған қағаз капсулаларға дозалайды. 


123 
г) Орамдау. Әр дозаны капсулаға орап, 3-тен немесе 5-тен біріктіріп, 
қағаз қалтаға немесе картон қорапқа салады. 
д) Безендіру. Қорапта «Ұнтақтар», «Ішуге», «Абайлап қолдан» (улы зат 
болғандықтан), «Балалардан сақта», «Құрғақ салқын жерде сақта» деген 
ескерту этикеткаларымен жабдықталады. Қорапты жіппен байлап сүргілейді. 
Рецепті дәріханада есеп үшін қалдырып, науқасқа (рецептінің көшірмесі) ҚР 
ДСМ 01.11.96 ж. № 481, 26.01.2015 ж. № 32 бұйрықтары талаптарына сай 
сигнатура жазып беріледі.
3-ші кезең.
Ұнтақтың сапасын бағалау. 
а) Құжаттары талаптарға сай болуы керек: рецепті мен сигнатура дұрыс 
жазылған, улы зат атауының асты қызыл қарандашпен сызылған, барлық 
ингредиенттер сыйымды, дозалары аспаған, есептеу дұрыс жүргізілген, бақылау 
паспорты дұрыс жазылған. 
б) Безендірілуі ҚР ДСМ 01.11.96 ж. № 481, 16.04.2015 ж. бұйрықтары 
талаптарына сай жүргізіледі. Негізгі және ескертпе этикеткалармен, 
сигнатурамен жабдықталған. Дәрілік түр сургіленген. 
в) Орамдалуы. Ингредиенттердің қасиеттеріне сай, жеке дозалар ұқыпты 
орамдалған, аударған кезде ұнтақ төгілмейді. 
г) Ұнтақ құрғақ капсулаға жабыспайды, сусымалы. 
д) Ақ түсті, тәттілеу ащы дәмді, иіссіз. 
е) 25 см қашықтықтан жәй көзбен қараған кезде ұнтақталмаған бөлшектер 
көрінбейді. 
ж) Ұнтақ салмағының ауытқуы ҚР Үкіметінің 16.01.2012 ж. №60 
бұйрығының 1 қосымшасына сай бір ұнтақ салмағы 0,11 г-нан 0,3 г аралығында 
болса, ауытқу мөлшері + 10%. 
0,27 - 100 
x - 10 x = 0,027 г 
0,27 - 0,027 = 0,243 г 
0,27 + 0,027 = 0,297 г 
з) Ұнтақ барлық көрсеткіштері бойынша талаптарға сай. Науқасқа дайын 
дәріні және рецепт көшірмесін босатуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет