дамыту үшін ӛткен кезеңдердегі педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп,
шығармашылықпен қолданудың маңызы ӛте зор. Міне, осы жағдайда болашақ
ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен
байланыстыра шешетін болады.
Дефектология-
педагогика ғылымының арнаулы саласы.
Дефектология
кӛру, есту, сӛйлеу мүшелеріне және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар
балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология
тӛрт салаға бӛлінеді: сурдопедагогика-саңырау, мылқау және керең балаларға,
тифлопедагогика-
соқыр балаларға, олигофренопедагогика- ақыл-ойы кеміс
балаларға, логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру
проблемаларын зерттейді.
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде
бастауыш мектептегі оқыту, жоғары
сыныптарда жеке пәндерді оқыту әдістемесі едәуір жетіле түсті. Педагогика
ғылымдарының бұл саласы оқытудың
тиімді әдістері мен тәсілдерін,
принциптері мен мазмұнын зерттейді.
Пәндерді оқытудың
әдістемесі-
оқыту
мен білім беру теориясына- жалпы дидактикаға сүйенеді. Дидактика-
педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол «нені
оқыту керек», «қалай оқыту керек», «не үшін оқыту керек»
деген сұрақтарға
жауап беруі тиіс. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері- бұл оқыту
процесінің заңдылықтарын ашу,
білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудың
тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру,
жастардың таным
ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге кӛзқарасын қалыптастыру, оларды ӛмір
практикасына дайындау проблемаларын зерттеп шешу.
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған
Достарыңызбен бөлісу: