Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет5/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

мектеп гигиенасымен
тікелей байланысты. Мектеп 
гигиенасы- жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту 
жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға 
байланысты. Мектеп ғимараиында, сынып бӛлмелерінде ауаның жеткіліксіз 
болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек, түрлі сырқатқа 
ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың кӛзіне әсер етеді, кӛру мүшесінің 
қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, 
сылбыр болады. Олардың зейіні нашарлап, ойлау қабілеті тӛмендейді. Бұл 
жағдай сӛзсіз үлгермеушілікті тудырады. 
Мектеп гигиенасы мектеп ғимаратындағы жылу және ауа режимдерін, 
мектеп жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды 
және оқу мен тәрбие жұмысының гигиеналық негіздерін зерттейді. Сондықтан 
мұғадімнің осы мәселелерді терең түсініп, меңгермейінше, педагогикалық 
процесті ойдағыдай ұйымдастырып, басқауы мүмкін емес. 
Педагогикалық нақты мәселелерді зерттеп, жинақтауға 
социология 
ғылымының маңызы бар. Социология ғылыми әлеуметтік ортаның адамға 
ықпалын, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады.жас ұрпақты 
дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемалырын зерттеу барысында 
пдагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді 
социология ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды. 
Педагогика ғылыми тәрбиеге байланысты 
этнографиялық және 
археологиялық деректерді
пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір 
халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын 
зерттейді. Археология- ӛткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың 
әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда 
оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін 
педагогика сол формациядағы халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен 
экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды 
басшылыққа алады. Әсіресе, мұндай жинақталған материалдар алғашқы 
қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбір жақтарын дәлелдеуге 
кӛмектеседі. 


2.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. 
Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып 
табылады және сол әдістеменің кӛмегімен табылған фактілер арқасында 
кеңейеді. Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға 
жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл-теориялық және практикалық 
ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен 
тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-
әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама 
шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен 
жолдарына кӛп кӛңіл бӛледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет