Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата
алады:
-
тікелей бақылау, зерттеуші-мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей
басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра, бейтарап адам және
зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау
жүзеге асырылады.
- жанама бақылау, ол тікелей бақылауды толықтырады және зерттеушімен
бірге оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ӛкілдер арқылы жүзеге
асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық
теледидар желісі және сынып
бӛлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын
бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара
қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-
зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар ӛздерін бақылап отырғанын
кӛрсе ӛздерін басқаша ұстайды.
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы,
сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуде қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні
ұзақ уақыт бақылайтын кезде
қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін- жарты жыл
немесе бір жыл. Бақылап -зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан
жалғастырылады;
- монографиялық бақылау біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде
қолданылады;
- шағын мамандандырылған бақылау жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу
мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- ізденіс бақылау кӛп деректер арасынан зерттеуші ӛзіне керек деректер
мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау кӛп уақыт пен
зерттеушіде тиянақты талдау жұмысын талап етеді.
2.
Достарыңызбен бөлісу: