Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Проблемалық оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет64/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Проблемалық оқыту технологиясы
 
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер 
жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының 


үдерісін де меңгеруде, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның 
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
И.Я.Лернер мен М.И.Махмутов проблемалық оқытуды педагогикалық 
үдерістің ӛз алдына ерекше әдісі және жаңа жүйесі деп қарайды. Проблемалық
оқыту эвристикалық әңгіме, баяндау, оқушылардың ӛздігінен бақылау, 
эксперимент жүргізу, іздену әдісі т.б. арқылы іске асырылады.
 
Проблемалық оқытуда кӛздейтін мақсат
- оқушыларға білімді даяр 
күйінде бәрін мұғалімнің ӛзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі 
проблемалық міндет қойып соны ӛздеріне шештіруге бағыттайды.
Проблемалық жағдаят
- адам пайда болған құбылысты, фактіні, шындық 
үдерісін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа ӛзіне мәлім әрекет тәсілімен жете 
алмайтын жағдайда туған оның интеллектуалдық қиналуы. Бұл түсіндірудің 
жаңа тәсілін немесе әрекет тәсілін іздестіруге түрткі болады. Проблемалық 
жағдаят деп – табысты, шығармашылық танымдық қызметтің заңдылығын 
айтамыз. Ол ойлаудың басталуымен байланысты, белсенді ойлау қызметі 
проблемалар қою және шешу үдерісінде жүзеге асады. 
Проблемалық оқыту
- проблема, проблемалық сұрақ, проблемалы 
тапсырма, проблемалы жағдаят деген ұғымдарды қамтиды. 
Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалық бола бермейді. Олардың 
проблемалы болуының негізгі шарты - оларға жауап іздеуде. Оқушыда даяр 
жауап, не үлгі болмайды және ол ӛзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы 
қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің 
немесе тәсілдің онда жетпей тұрғаны сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет