принциптерін айқындауда,
бағдарламасын жасауда, теориялық және
тәжірибелік мәнін ашуда т.б. ең алғашқы іргелі зерттеу болды.
Елімізде модульдік оқыту технологиясын бастауыш сыныптарды оқыту
үдерісінде пайдалануды ұсынған М.М.Жампейісова. Бұл технологияның
ерекшелігі
оның білімді меңгеруі, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, кӛру, қимыл т.б.)
ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық
жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, ӛзін-ӛзі бекіту,
қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталады. Автор модульдік
оқыту технологиясы бойынша
модульдің 3 құрамды бӛлігін ұсынған. Олар:
- кіріспе; - сӛйлесу; - қорытынды.
Әр оқу модулінің сағаты әртүрлі болады. Осы оқу модулінің ерекшелігі
жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бӛліміне 1 немесе 2
сабақ саны бӛлінеді, ал қалған сағаты сӛйлесу сағаты болады.
1. Кіріспе бӛлімінде мұғалім оқушыларды жалпы модульдің мақсат,
міндеттерімен таныстырады. 2.Сӛйлесу бӛлімінде әр оқушымен оқу
материалдарымен
жұмыс істей отырып, оқушылардың ӛз қабілетін, ынтасын,
есін (қабылдауын) ауызша, жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік жасалады.
Сӛйлесу бӛлімінің екінші сабағынан бастап оқушыларға бағдарлама талабына
сәйкес сараланған деңгейлік тапсырмаларды дайындалады,
оқушылар сол
тапсырмалар бойынша жұмыс істейді. Сӛйлесу бӛліміндегі білім дәрежесін
бағалауда ӛзін-ӛзі бағалау, топтық бағалау, бірін бірі бағалау жүзеге
асырылады. Модульдің 3-ші бӛлімі қорытынды бақылау бӛлімі. Мұғалім
оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың бірнеше
түрлерін ұйымдастырады. Олар: - тест;
- диктант, мазмұндама, шығарма; -
нәтиже сабақтары (Сайыс, әр түрлі интеллектуалды ойындар).
Модульдік оқыту технологиясын бастауыш сыныптардың әсіресе қазақ,
ана, орыс тілдерін оқыту барысында пайдаланған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: