66
Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік
басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты
болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын,
ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі
партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем
саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт
естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің
озбырлығымен Өзбестанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін
қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.
1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып
М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың
жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз
қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан
оқиғасына ұласты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын
басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен
мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін
жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін
мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде
елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру
қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген
абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған
шағында кенеттен қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: