Өкілеттік құжаттарға
мекеменің қызметтік іс
-
әрекеттеріне және қызметкерлеріне
байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым
бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның өндірістік
-
шаруашылық және басқа
да бағыттағы мәселелері жазылады. Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нақтылы
талаптар қойылады.
Ұйымдық
-
өкілеттік құжаттардың көп кездесетін түріне
анықтама
-
ақпараттық
құжаттар
жатады. Олар: хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мәлімхат, акт, анықтама
және т.б. қызметтік хаттар. Бұл құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады
және ұйымдық басқаруды қандай бір іс
-
әрекетпен ұштастырады, кейде белгілі бір оқиғаны,
фактіні, іс
-
әрекетті белгілейді, баяндайды.
Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай
жеке адамға қатысты және қызметтік
деп бөлінеді. Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының
атынан, ал жеке іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады. Жеке
адамға қатысты іс
қағаздарына мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәлік, білімі
туралы куәлік т.б. Төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік сияқты құжаттарды мекемелер
азаматтардың өз қолына береді. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс
жүргізу барысында дайындатын барлық құжаттарын жатқызуға болады.
Жарғы
Жарғы –
ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай
-
ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым
-
қатынасын реттейтін, жеке
тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер
жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, қоғамдық
ұйымдардың жарғыларын съезд қабылдайды және бекітеді.
Деректемелері:
-
мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) атауы;
-
құжаттың түрі;
-
индексі, күні, жасалған грифі;
-
мәтіні;
-
кәсіпорын басшысының қолы.
Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жазылады:
-
жалпы ережелер;
-
негізгі міндеттер;
-
атқаратын қызметі;
-
құқықтары мен міндеттері;
-
басшылық;
-
қарым
-
қатынас, байланыс;
-
өндірістік
-
шаруашылық қызмет;
-
мүлік және құралдар;
-
қызметті бақылау, тексеру жүргізу;
-
қайта құру және жою.
Заң құжаттары: жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы, қажетті деректемелері,
қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір
-
біріне ұқсас келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |