Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың
математикалық сауаттылығын дамыту. Әдістемелік құрал. –
Астана:
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. –
46 б.
2. Даулетова Н.А.Д19Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуғаарналған
тапсырмалар/PISA
халықаралық
зерттеулері
бойынша/әдістемелік
құрал.Н.А.Даулетова. –Атырау:«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы
бойынша ПҚБАИ, 2019.
-
83б.
126
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Умыт Турсынтаевна Кенжебекова
Екібастұз қ., мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған
«Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі
Аннотация.
Мақалада
география
сабағында
оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды қолдану
тәсілдері қарастырылған. Тапсырмаларды қолданудың маңыздылығы,
тиімділігі, ұстаздардың тапсырмаларды жобалау шеберлігін арттыру жолдары
баяндалған. Сабақ үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту мақатында қолданған оқытудың белсенді стратегияларымен
таныстырады. Халықаралық зерттеулердег жаратылыстану
-
ғылыми сауаттылық
элементтеріне талдау жасау арқылы оқушылар білімдерін кез келген жағайда
қолдана білу дағдыларын ұтымды дамыту стратегияларын түсінуге мүмкіндік
береді.
Кілт сөздері:
жаратылыстану сауаттылығы, Блум таксономияся,
құзыреттілік, сыни ойлау, дивергентті тапсырмалар.
Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен
ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің
басымдылық мақсаты –
өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын
дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.
Жоғары кәсіпқойлықты, креативті ойлау қабілеттілігін, халықаралық
еңбек нарығының талаптарына бейімделуді және кәсіптік ұтқырлықты,
белсенді өмір барысында жаңа білімді, дербес шығармашылық меңгерудің
қажеттіліктері мен дағдыларын қамтамасыз ету
-
еліміздегі білім беруді дамыту
ісі жаңаша көзқарастар осы бағыттарға негізделіп отыр [1].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011
- 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатында айқын айтылған:
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене
бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның
табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл
-
ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды
дамыту. Қоғамның және экономиканың индустриялық
-
инновациялық даму
сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту,
әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу; еңбек нарығының, еліміздің
индустриялық
-
инновациялық
даму
міндеттері
мен
жеке
тұлғаның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік
тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол
жеткізу міндеті тұр.
ХХІ ғасырдың цифрлық ұрпағы қандай дағдыларды меңгеру керек?
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы ең басты, маңызды мәселе:
«ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және маңызы жағынан кем келмейтін
127
«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды» [2]. Заманауи
тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп
қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып
табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Механизация, автоматизация, роботизация, технологиялық трендтер еңбек
нарығын өзгертуде. Заманауи еңбек нарығында жаңа мамандықтардың пайда
болуы мамандардан жаңа кәсіби дағдылар мен қабілеттерді қажет ететіні сөзсіз.
География
-
жалпыға міндетті білім мен фундаменталды оқу пәндерінің
ішіндегі Жер планетасы туралы толық түсінік беретін, бір мезгілде
жаратылыстану және
қоғамдық ғылым болып табылатын пән. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, оқушылардың қоршаған әлем
туралы білімдерінің мазмұндылығы мен біртұтастығын талап ететін дәстүрлі
және заманауи оқу әдістерінің көмегімен біздің Жер ғаламшары туралы
ғылыми көзқарас қалыптастыру «География» пәнінің негізгі мазмұны болып
табылады [4]. Дәстүрлі сабақтардан жаңа форматтағы сабақтарға көшу
барысында педагог мамандарға алдымен теориялық жағынан жақсы қарулану
қажет. Ол үшін ұстаз үнемі іздену, біліктілігін арттыруы шарт. Теориялық
білімді тәжірибеде оңтайлы қолдану да шеберлік. Қазіргі уақытта көптеген
оқыту әдістері бар. Атап айтқанда, жобалау, сыни ойлау, Блум технологиясы,
проблемалық оқыту, зерттеу сабақтары, тұлғаға бағытталған оқыту, модульдік
оқыту, т.б. Ұстаз заманауи инновациялық технологиялардың, немесе бұрыннан
тиімділігімен көзге түсіп қолданылып келе жатқан әдістердің аясында
бағдарлай алу керек.
Сабақ –
білім беру жүйесінің негізгі элементі. Егер сабақта оқу қызметін
білім алушылар пәннің мазмұнын меңгере отырып, сан алуан және оқулықтан
тыс ақпарат көздерін де пайдалану арқылы өз бетімен білім алу қабілетін
дамытып, ғылыми әдісті қолданып, мәселелерді шешіп, нәтижеге жетуді
жобалап және жоспарлап, өзін
-
өзі басқарып және командада жұмыс істей
алатындай етіп құратын болса, мұндай сабақта функционалдық сауаттылық
қалыптасып, дамитын болады. Ал мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға –
мұғалім.
Мектепте функционалдық сауаттылық бастауыш сыныптардан бастап
әрбір оқу пәнінде білім алушылардың іс
-
әрекеттерінде көрініс табады және
қалыптасады. Басымдық күнделікті міндеттерді шешуде білімдер мен
қабілеттерді қолдану қабілетіне жасалып отыр.
Негізгі сауаттылыққа оқу және жазу дағдыларын, математикалық,
жаратылыстану, қаржылық, АКТ, мәдени және азаматтық сауаттылықты
жатқызады. Құзыреттердің құрамында төрт негізгі құзіретті бөліп қарастырады:
1. Сын тұрғысынан ойлау
2. Жасампаздық
3. Коммуникация (қарым
-
қатынас қабілеті)
4. Кооперация (командада жұмыс істеу қабілеті).
Функционалдық сауаттылықтың құзыреттіліктері:
-
Оқу
-
танымдық
128
-
Ақпараттық
-
Құндылық
-
семантикалық
-
Коммуникативті
-
Жалпымәдениеттік
-
Тұлғалық
Біз американдық психолог Бенджамин Блум ұсынған оқу мақсаттарын
ассимиляциялау және жіктеу категорияларының таксономиясымен таныспыз.
Блум жүйесі қарапайымнан күрделі деңгейге бағытталған алты сатыдан тұрады.
Сабақты жоспарлау барысында мақсатқа жетуде мұғалім осы алты деңгейдің
сұрақтарын, тапсырмаларын құрастыруда қолданатын зат есім мен етістіктерді
басшылыққа алуы тиіс. Блум өлшемдеріне негізделіп құрылған ашық
тапсырмалар түрлері ұтымды болады. Ұстаз оқушыларды тақырыпты аша
алатындай, өздігінен іздене алатындай, өз көзқарасын аргумент түрінде
келтіретіндей, тұжырым жасай алатындай, мәселені шешу жолдарын ұсына
алатындай бағыттау қажет. Ол үшін сабақта қолданатын, құрастырылған
тапсырмалар жеті құзыреттілікті басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның тұтас
дамуына негізделуі қажет. Тапсырма бір деңгейлі болуы немесе бірнеше
деңгейден тұруы мүмкін. Мысалы, тек талдау немесе талдау, синтездеу және
бағалау. Екі және одан жоғары деңгейдегі тапсырманы құрастырған кезде
тақырыпты зерделеу кезінде алдыңғы деңгейлердің тапсырмалары жасалғанына
көз жеткізу керек.
Бүгінгі күні айтылып отырған функционалдық сауаттылықты дамыту
жолдары мен мүмкіндіктері бойынша өзімнің тәжірибемді ұсынамын.
Сабақты жоспарлауда мына сауалдарды басшылыққа аламын:
•
Оқушылар күнделікті тапсырмаларды шешу үшін негізгі білімдер
мен дағдыларын қалай қолданады?
•
Күрделі тапсырмаларды қалай шешеді?
•
Қоршаған ортаның өзгерістерін қалай қабылдайды?
Тапсырмаларды құрастыруда мына тәртіпті ұстанамын:
1.
Тапсырма мазмұны
2.
Жұмыстың мақсаты
3.
Тапсырманы орындау шарттары (жеке, жұппен, топта)
4.
Жұмыс нәтижесі
5.
Жұмыс нәтижесін ұсыну формасы
6.
Тапсырманы орындау үшін қажетті ресурстар
7.
Тапсырманы орындауға берілген уақыт [5].
Оқушылардың танымдық іс
-
әрекетіндегі шығармашыл, креативті идеялар
мен мәселені шешу жолдарын ұсынуға бағытталған тәсілдер мен
тапсырмаларды қолдану мүмкіндігі мен тиімділігін анықтау мақсатында жұмыс
жасаймын. Тапсырмалар әзірлеу қадамынан кейін мен табыс критерийлерін
әзірлеймін. Оқушылардың оқып
-
білгендерін тұжырымдай алу үшін,
оқушылардың жұпта, топта жұмыстарын талдау, баға бере алу мақсатында
қарым
-
қатынасқа және ынтымақтастыққа негіз болатын жағдайларды ескердім.
Бұл оқушыларға оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін негізгі ұғымдар мен
129
түсініктер. Оқу мақсатына, сабақтың мақсатына қол жеткізудің табыс
критерийлерін құрастырамын:
• Оқу мақсаты мен сабақтың мақсатына жету үшін проблемалық
ситуация арқылы оқушыларды сабаққа ынталандыра алады.
•
Проблемалардың
шешуін
өздігінен
табуға
оқушыларды
ұйымдастырады.
• Оқыту үшін тиімді тәсілдер мен әдістерді таңдай білу арқылы оқу
сапасының арттуына ықпал ете алады.
• Дивергентті тапсырмаларды сабақ барысында басқа тәсілдермен
кіріктіре отырып қолдана алады.
Мақсатқа жету нәтижесін анықтау критерийлерін белгілеймін:
• Сабақ барысында оқушыларға жағымды эмоционалды, психологиялық
жағдай туғыза алса.
• Бақылау, бағалаудан кейін анықталған кемшіліктерді жою мақсатында
сабақ жоспарына өзгеріс енгізе алады.
• Ізденісті, талдау, синтездеу, бағалауды қамтитын тапсырмаларды
құрастыра алады, сабақта ұтымды қолдана алады [6].
Құрылған табыс критерийлерін оқу үрдісіне енгізгеннен кейінгі
өзгерістерді анықтау мақсатында зертте сабақтарына қатысып, кері байланыс
нәтижелерін талдау арқылы өлшеуге мүмкіндік аламын. Талдау қорытындысы
бойынша келесі іс
-
әрекеттерді жоспарлау үшін мәліметтер жинаймын. Іс
-
әрекетті
зерттеу
оқушылардың
нәтижеге
бағытталған
дағдыларын
қалыптастыру, дамыту, жоғары деңгейге жетуіндегі жетістіктерін бағалау үшін
тиімді болды. Оқушылардың өздерінің де қандай сатыда тұрғанын, ілгері
жылжу бар ма жоқ па білу мақсатында ұғынуы қажет. Сондықтан ұстаздар мен
оқушылар үшін табыс критерийлерін құрып, белгілеп алу маңызды.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі құраушы бөліктеріне оқу
сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы жатады. Атап
айтқанда, негізгі сауаттылыққа жататын білім беру нәтижелері бағаланады. Бұл
орайда сауаттылықтың негізгі түрі оқу сауаттылығы болып табылады.
Функционалды оқу –
белгілі бір тапсырманы
орындау мақсатында ақпаратты
табу үшін оқу.
Оқу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды біз сабақта оқуды
әртүрлі тәсілдермен
-
мақсат және құрал ретінде қолданамыз.
•
Мақсат ретінде оқу мәтіннен белгілі бір технологияны оқу
стратегиясын қолдана отырып, белгілі бір мәселені шешу үшін қажетті көлемде
ақпарат алу үшін қолданылады.
•
Оқу құралы ретінде пәндік білімді, пәндік және жалпы оқу
дағдыларын қалыптастыру және бақылау үшін қолданылады.
Тапсырмалар мәтінге және жаттығулар мен тапсырмаларға жазбаша
нұсқаулар негізінде құрастырылады. Мәтіндерді келесі параметрлерін ескере
отырып таңдайды: форматы, түрі, типі, көлемі. Мәтіндер форматы бойынша:
130
1.Тұтас мәтіндер
-
сөздік бірліктерден тұратын, фразаларға
құрылымдалған, сөйлемдерден, абзацтардан тұратын сызықтық мәтін түрі,
графикалық элементтері болмайды.
2. Тұтас емес мәтіндер
-
суреттер мен қарапайым графика элементтерін
(кестелер, кластер, менталды карта, географиялық карталар, картаграммалар,
картодиаграммалар, схемалар, диаграммалар) қамтиды
.
3. Аралас мәтіндер
-
тұтас және тұтас емес мәтіннің элементтерін
біріктіреді. Әдетте мәтіндер бірін
-
бірі толықтыруы да мүмкін. Олар –
электронды динамикалық мәтіндер. Бұл мәтіндерге мультимедиялық пен сөздік
құрылымдардың синтезі, ақпараттық графиканы, шындықпен толықтырылған
бейнежазбаны және мағынаны білдіретін өзге де элементтерді белсенді
пайдалану тән [7].
4. Құрамды мәтіндер
-
бірнеше мәтінді біріктіреді, олардың әрқайсысы
басқаларынан тәуеліз жасалады және жүйелі әрі аяқталған болып табылады.
Құрамды мәтіндер бірнеше өзгеше көздерден алынған ақпаратты түсіндіру
және жалпылау сияқты оқу әрекеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тұтас мәтінмен тапсырмалар:
1.
Берілген нұсқалардың ішінен бір, немесе бірнеше дұрыс жауапты
таңдау
2.
Тұжырымдар нұсқасын таңдау
3.
Сәйкестендіру
4.
Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді, сөздерді табу
5.
Сөйлемде жазылмаған сөздерді толықтырып жазу
6.
Сөйлемді аяқтау
7.
Мәтін негізінде кесте құру, толтыру
8.
Жағдаяттық тапсырмалар
Оқулықтың әр параграфы –
оқушылар
үшін жаңа мәтін, ұстаз сол
мәтінге түрлі деңгейдегі сұрақтар немесе тапсырмаларды әзірлеуі қажет.
Сонымен қатар, ол сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың бірнеше
дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы шарт:
•
Мәтіннен маңызды ақпаратты таба білу;
•
мәтінді оқи, түсіне білу;
•
ақпаратты түсіндіре алу;
•
ақпаратты жаңа жағдайда қолдана білу (оқулықта берілмеген).
Мысал ретінде бір мәтінді алайық. 8
-
сыныптың оқу материалы.
Тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңдар.
1. Мұхит түбінің ірі орографиялық нысандарын жазып алыңдар.
2. Мұхит түбінің ірі орографиялық бірліктері қандай тектоникалық
құрылымдарға сәйкес келетіні жайлы негізгі ойды тұжырымдаңдар.
3. Мұхит түбінің ірі орографиялық бірліктері сіздер сәйкестендірген
тектоникалық құрылымдарда қалыптасқанын қалай дәлелдейсіңдер?
Немесе:
Мұхит түбінің ірі орографиялық бірліктері мен оларға сәйкес келетін
тектоникалық құрылымдарды сәйкестендіріңдер.
131
Мазмұнында Тынық мұхит түбінің ірі орографиялық пішіндерін
көрсететін кесте құрып, толтырыңдар.
Функционалдық сауаттылықтың дамуына ықпал ететін есептер мен
тапсырмаларды, білім ресурстарын қарастырайық.
Тапсырма. 1. «Алтын мен күміс өндіретін жетекші елдер»
картодиаграммасын зерделеңдер.
2. Картодиаграммада берліген ақпаратты талдаңдар. Алтын мен
күміс
әлемнің қай аймақтарында шоғырланған? Алтынның ірі кен орындары қай
материкте көп таралған? Қай материкте алтын мен күмістің қоры аз?
3. Алтын мен күміс өндіретін жетекші бес елді анықтаңдар.
Жауаптарыңды ел мен ресурстың өндіру көлемін көрсететін кестеде
рәсімдеңдер.
4. Қорытынды жасау үшін сұрақтарға жауап беріңдер:
Неліктен күмістің басым қоры Латын Америкасында кездеседі?
Алтын мен күмістің шағын коры қай аймақтарда кездеседі?
Аталған ресурстар Азияның қанша елінде бар? Бұл елдерде қандай
минералды ресурстардың мол қоры бар?
Ресурспен қамтамасыз етілу деңгейі мен елдің экономикалық даму
деңгейінің арасында байланыс бар ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Жаратылстану
сауаттылықты
дамытуға
арналған
құрастырған
тапсырмалар сыни ойлауға бағытталған дивергентті есептер мен тапсырмалар.
Тапсырма.
"Бір минут ішінде біз зерттейтін пәнге қатысы бар П, О, Л әрпінен
басталатын төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлемдерді жасап, дәптерге жазып
алыңдар.
Тапсырма.
Мұғалім тақтаға мағыналық жүктемесіз қандай да бір фрагментті,
мысалы, пунсон, қиылысатын сызықтар, шеңбер, толқынды сызық және т. б.
салады. Тапсырма түрі оқушылардың бейнелі икемділігін анықтауға
бағытталған.
Тапсырма.
Оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты құбылысты, денені
бейнелейтін сурет беріледі. Құбылысқа, заңдылыққа сәйкес заттарды ұсынады.
Балаларға сол құбылысқа немесе заңдылыққа тірек сөздерді қолданып баға беру
тапсырылады. Бағалаудың ғылыми негіздемесі болуы шарт.
Тапсырма.
Себеп
-
салдар байланыстын анықтау. Тау жыныстары әр түрлі қабатта
орналасуы мүмкін. Оңтүстік Америка материгінде терең қабатта жатқан тау
жыныстарын игеру үшін, ұңғыма қазу керек. Оңтүстік Американың қай табиғат
зоналарында мүмкіндігінше терең ұңғыма қазуға болады және бұл мәселені қай
мемлекеттердің өкілдерімен шешу керек. Осындай ұңғыма қазу үшін нені
негізге алу керек?
Тапсырма.
132
Оқиғаға баға беру. Ұлы географиялық ашылулар тақырыбына: қай ел
саяхатшылардың ортақ мақсаты болды? Кімдер және не себептен олар мақсатқа
жете алмады? Мақсатқа жету үшін оларға не жетпеді
?
Тапсырма.
Ла
-
Манш бұғазының астынан тоннель қазу туралы келісімге 1986 жылы
қол қойылды, Еуротоннель қолданысқа 1994 жылы берілді. Параллель
салынған екі темір жолдың ұзындығы 51 км, сонымен қатар бұл темір жолдың
39 км судың астында орналасқан. Қазіргі кезде жүрдек
поездар Лондон мен
Париждің арасын 2 сағат 15 минутта жүріп өтеді. Сонымен қатар Ла
-
Манштың
(судың) астынан өту 30
-
35 минут уақытты алады. Берілген деректерді қолдана
отырып Лондоннан Парижге саяхат жасау жобасын жасаңдар.
Тапсырма.
Кроссенс әдісін кез келген тақырыпта қолдануға болады. Мысалы:
Кроссенс
-
Каспий теңізі.
Таныстырған тапсырмалар құрастырған тапсырмалардың шағын бөлігі.
Қазіргі уақытта өз нәтижесін беріп жатыр деп айта аламын. Осы тапсырмалар
оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға
мүмкіндік беріп қана қоймай, жеке тәжірибелерін де жетілдіруге ықпал етеді.
Әр баланың бойында дарындылық, таланты, өзіндік шығармашылық
потенциалы бар. Ұстаздың міндеті, балалардың өз дарындылығын көрсете
алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін, оқушыларды
қоршаған әлемді танып
-
білу процесіне мүмкіндігінше қатыстыратын,
географияға деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін іс
-
әрекеттерін ұйымдастыра білу [8].
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту тәсілдерінің бірі
-
құзыреттілікке негізделген және
біріктірілген тапсырмалар болып табылатынын түсінеміз. Функционалдық
сауаттылықтың мәні –
оқу іс
-
әрекетін өз бетінше жүзеге асыру, сонымен қатар
алған барлық білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын өмірдің әртүрлі
салаларында кең ауқымды өмірлік міндеттерді шешуге қолдана алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |