181
Тап осы жүйе
-лық, -лік
аффикстерінде де қайталанады:
қалалық, тау-
лық, тай-лық
. Бірақ өзге морфемада, мысалы, септік жалғауында,бұл жүйе
басқаша сипат алады:
қала-да, тау-да, тай-да
.
Жалпы фонетикалық алмасудың морфологиялық алмасудан тағы бір
айырмашылығы бар. Егер орфоэпиялық нормадан әдейі ауытқи отырып,
артикуляциялау жақтан
әнтек нық айтуға тырыссақ, қосымша реңктегі
фонема өзінің негізгі реңкіне көшуге мүмкіндік алады: (
башшы
) –
басшы
,
(
кешегелді
) –
кеше келді
т.б. Мектеп мұғалімдері оқыту үдерісінде, дикторлар
радиодан ән мәтінін үйреткенде мұндай мүмкіндікті нормадан әдейі ауытқи
отырып, ара-тұра пайдаланып отырады. Тіпті сөз мағынасын айқынырақ
ажырату үшін кей мәнмәтінде
к
-ні әнтек нық айтып, фонеманы негізгі реңкте
дыбыстауға тырысамыз (
сексеулдүң күлү
) –
сексеуілдің күлі
, салыстырыңыз:
(
сексеуілдің гүлү
) –
сексеуілдің гүлі
.
Ал морфонологиялық алмасулар орфоэпиялық нормадан бұлайша
ауытқуға ырық бермейді. Мысалы:
ақ – ағар
сөзін «ақар» түрінде
дыбыстаудың мәні жоқ.
Дыбыстардың жалпы фонетикалық алмасуы мен морфонологиялық
алмасуы бір сөздің шенінде де кездесе береді. Мысалы,
к
фонемасының сөз
қолданыста бірнеше реңкі болуы ықтимал: 1) (
қырық
)
дегендегі
қ
негізгі
реңк; 2) (
қырығы
) дегендегі
ғ
– фонетикалық қоршауға біршама тәуелсіз
реңк, морфонологиялық алмасу; 3) (
отызғырық
)
отыз-қырық
дегендегі
ғ
–
фонетикалық қоршауға тәуелді реңк. Жалпы фонетикалық алмасу, 4) (
қырқы
)
(этнографизм),
қырық-қырығы-кырқы
– тарихи алмасу.
Осы салыстырудан байқайтынымыз: қазіргі жазу нормасында жалпы
фонетикалық алмасуларға қатысты дыбыстық
өзгерістер жазуда арнайы
таңбаланбайды да, керісінше, морфонологиялық алмасулар жазуда жүйелі
түрде бейнеленіп отырады. Осы тұрғыдан болу керек дейтін тезисін жалпы
фонетикалық алмасудың жазу-сызуда еленбеу ерекшелігімен, сондай-ақ,
морфонологиялық
алмасулардың
арнайы
таңбаланатын
сипатымен
ұштастыра қарауға болады.
Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінде
сөздердің бірге және бөлек
таңбалануына байланысты да алғаш пікір айтқан ғалым. Ол орфографияны
бір жүйеге салу керектігін айта отырып, күрделі сөздің табиғатын сөз
тіркесінен ажыратуда жалғыз семантикалық тұтастық белгісі жеткіліксіз
дейді. Ғалым «...
неше сөзден құралған болса да, кіріккен сөздер бір-ақ
нәрсені атайтын, бір-ақ сөздің орнына жүретін болу керек
». Сондай-ақ
ғалым біріккен сөз болу үшін ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысы сөйлемде өз
алдына бір-бір мүше болмай, бәрі жиналып барып
сөйлемнің жалғыз мүшесі
болу
керек екендігін айтады. Сонымен, автор сөздердің бір
екпінге
бағынатын
белгісі және сөздердің әрқайсысы сөйлемде жеке-жеке мүше
болмай, бәрі қосылып сөйлемнің бір ғана мүшесі болу керек деп қорытады.
Ғалымның осы айтқан пікірі 1938
жылы ескеріліп, ресми органдардың
қаулысы бойынша «Қазақ тілінің емле ережелері» жарияланады. Біріккен
сөздерге байланысты мынадай ереже қабылданады: «2. Екі түбірден
182
қосылып, бір мәнді мағына шығарған, осы күнге дейін тұлғаларын жоғалтып
жібермеген біріккен сөздер де өз тұлғаларын сақтап, морфологиялық
принципке сүйеніп, қосылып жазылады. Мұндай
сөздердің жалғаулары да
фонетикалық принципке сүйеніп, дыбыс жүйесі жолымен қосылып
жазылады.
Мысалы:
Ат+басар=Атбасар,
Еркін+бек=Еркінбек,
Жиен+ғали=Жиенғали, Ақ+сай=Ақсай
түрінде тұрпаттары бұзылып
жазылмайды. Негізгі тұрпаттары сақталып жазылады» (80, 48). Ережеден
кейін біріккен сөздердің жазылуы, жаңа сөз жасау формалары күшейіп,
теміржол, өнеркәсіп, оқтүстік, солтүстік, шекара, бүкілсоюз, кәсіподақ,
таңертең, денсаулық
тәрізді сөздер бірге жазыла бастады.
1938
жылы
қабылдаған
емледегі
бұл
өзгерістер
қазақ
орфографиясының кемелденуінің, дамуының алғашқы сатыларының бірі еді.
Мерзімді басылымдарда, оқулықтарда күрделі сөздер 1938 жылға дейін
құрылымдық принципке негізделсе, 1938
жылдан бастап функционалдық
принциппен жазыла бастады. Мысалы,
Biz metalcьlardь, kөmjrcjlerdj,
Достарыңызбен бөлісу: