Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет226/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

 
Ірі методист-ғалым 
 
Профессор Құдайберген Жұбанов Абай атындағы педагогтік 
институтта қызмет істеген ірі методист ғалым еді. Ол қазақ тілін зерттеумен 
бірге, оның мектепке арналған программаларын жасап, оқулығын жазған
қазақ тілін оқыту методикасын жақсартуға үлкен мақсат қойған және оның 
тәртіптелуіне бағыт берген ірі ғалым болды. Ол сол кездің өзінде-ақ оқулық 
жазудың дұрыс принциптерін, тиімді оқыту әдістерін ұсынған болатын. 
Мысалы, ол 1936 жылы РСФСР Оқу комиссариаты бекіткен «Қазақ 
тілінің грамматикасы» атты еңбегінде: «Оқушыларға сөзді білдірмей, сөз 
мағыналарын негізге алмай, қазақ тіліндегі дыбыстарды түсіндіруге 
болмайды, сол сияқты сөйлемнің де материалы – сөз» деп көрсетті.
Профессор Қ.Жұбановтың өзінің оқулығында: баяндау, талдап 
түсіндіру, нақтылы тілдік факторлармен дәлелдеу, грамматикалық 
категорияларды ұштастырып отыру, бірін-біріне жетек ету, көрнекілік 
жолдармен түсіндіру сияқты әдістерді мол қолдануды ұсынды. 
Ол өзінің берген методикалық бағыттары мен пікірлерінде: «Орыс 
методистерінен үлгі алу керек. К.Д.Ушинский, Л.Толстой т.б. методистердің 
білім беру жолындағы теорияларына әуестену керек». «Ереже болатын 
топшылаулар қазақ тілінің өз заңдылығынан алыну керек», «Тілдік 
фактілерді түсіндіретін материалдар көркем әдебиеттен, қазақ халқының 
мақал-мәтелдерінен алыну керек», – деген сияқты педагогикалық пікірлерін 
ұсынып отыратын. Оның «Қиынын тауып қаламасан, байлауын тауып 
ұстатпасаң, сөз бөлшектері де сөгіліп кетеді» деген методикалық пікірі қазақ 
тілін оқыту методикасын жақсартудың ұйтқысы деуге болады. 
Ғалымның осы сияқты білермандық даналығы, сабырлы мінезі, 
педагогтік озат қасиеттері шәкірттерінің есінде. 


428 
(«Қазақ университеті», 1964 ж., 23 декабрь) 
 
 
Б.Кенжебаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет