-рақ/- рек жұрнағының қатысуымен немесе оның жасырын келуімен‚ шығыс
септігінің қатысуы арқылы жасалған түрін (
білімге кедей – білімге кедейірек‚ малға бай – малға байырақ) Қ.Жұбанов салыстырмалы шағын шырай‚
кесімді-араластырмалы
шырай
деп
жеке-жеке
топтарға
бөледі.
А.Байтұрсынұлы талғау шырайдың сын есімнің
көп сөзімен тіркесуі арқылы
жасала алатынан айтса, Қ.Жұбанов
бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, бір дәуір, едәуір сөздерінің қатысуымен жасалған шырайды
орта шырай деп
бөлек береді.
Бүгінгі таңда салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде танылып
жүрген -
лау/-леу жұрнағы Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский,
Н.Созонтов, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде
шырай қатарында берілмеген. Салыстырмалы шырайдың
-рақ/-рек қосымшасымен қатар -
лау/-леу жұрнағы арқылы да жасалынатынын алғаш
көрсеткен ғалым – Қ.Жұбанов. Ғалымның ойлары кейінгі грамматикалар мен
оқулықтарда сабақтастық тапқан. І.Кеңесбаев, С.Аманжолов. Ғ.Бегалиев,
Н.Cауранбаев еңбектерінде де салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде
- рақ/-рек жұрнақтарымен бірге
-лау/-леу қосымшасы да беріледі.
Қ.Жұбанов өзіне дейінгі еңбектерде сөз тудырушы қосымшалар ретінде
танылып жүрген
-ғыл‚ -ғылт(-ым), -шыл‚ -ша т.б. жұрнақтары мен -
ақ демеулігін де шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді.
-ақ демеулігін таңдаулы шырай көрсеткіші деп тануы жағынан да
І.Кеңесбаев, С.Аманжолов еңбектері мен Қ.Жұбанов тұжырымдары өзара
сабақтас. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде бұл демеулік шырай
көрсеткіштері қатарында берілмейді. Бұл орайда ғалымдар
-ақ демеулігінің
үнемі таңдаулы шырай мәнінде қолданыла алмайтынын, кейде шектеу (
өзі- ақ, жалғыз-ақ ) мәнінде де т.б. жұмсалатынын, кез келген сын есімге тіркесе
алмайтынын ескерген болуы керек. Қ.Жұбанов 6 түрлі шырайды көрсетсе,
С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев 3 түрлі шырайды
көрсетеді.
С.Е.Малов ұйғыр жазбаларында, Манихей ескерткіштерінде -