Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет53/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

сан есім
түрлерінің 
барлығы дерлік Қ.Жұбанов еңбегінде де белгілі бір дәрежеде көрініс тапқан. 
Мәселен, ғалым топтау сан есімін арнайы көрсетпегенімен, жеті санына 
дейін 
-ау, -еу
жұрнақтарының жалғана алатынын айтады. Болжалдық сан есім 
түрін көрсетпегенмен, реттік сандардың болжал түрлері деген тармақта 
олардың жасалу жолдарын толығымен сипаттап шыққан.
Қ.Жұбанов сан есім сөз табына қатысты реттік, есептік, жинақтау және 
бөлшектік сан есімдерді атайды да, реттік сан есімдерді өз ішінен 
тең үлес 
түрі
(
екі-екіден
т.б.); 
болжал түрі
(
бес-он; бестер, он шақты
т.с.с.) деп 
жіктейді. 
Кейіннен ғалым еңбектерін басшылыққа ала отырып, І.Кеңесбаев, 
С.Аманжолов сол кезге дейін танылып жүрген төрт түрлі сан есім тобына 
(есептік, реттік, бөлшектік, жинақтау) топтау және болжалды сан есімдерін 
енгізіп, сан есімді 6-ға бөледі. Осы кезден бастап сан есімнің 6 түрлі 
мағыналық тобы танылып, бұл қазіргі қазақ тілінде де сабақтастық тауып 
келеді. Соның нәтижесінде «Современный казахский язык» (1962), «Қазақ 
тілінің грамматикасы» (1967), А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (1972) т.б. 
еңбектер мен мектеп оқулықтарында болжалды сан есім мен топтау сан 
есімдері сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылуда. 
Сондай-ақ зат есімнің 
белгілі түрі, белгісіз түрі
деген терминдерді де 
қолданған. Белгісіз түрінде зат есімдерге 
бір 
сөзінің жалғанатынын айтады.
Қ.Жұбанов көрсеткен белгілілік, белгісіздікке қатысты мәселе бүгінгі күні 


105 
функционалды-семантикалық 
белгілілік-белгісіздік 
категориясының 
зерттелуіне де бастама болды деп айта аламыз.
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы 
есімдіктерді 
жіктеуде 
белгілілік/белгісіздік оппозициясын негізге алған, яғни жеке адамды немесе 
топты көрсетсе – 
шектеу
(А.Байтұрсынұлы), 
анықтау
есімдігі 
(Қ.Кемеңгерұлы), нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел 
еместігін білдірсе – 
танықтық
(А.Байтұрсынұлы), 
танықтау есімдігі
деп 
атаған. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау 
есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып
шектеу, анықтау 
есімдігі
деп 
атайды 
да, 
белгісіздік, 
болымсыздық 
есімдіктерін 
танықтық,танықтау есімдігі
деп атаған. Кейінгі зерттеушілер анықтау, 
танықтау есімдіктерін ұсақ бөлшектерге жіктеуге тырысқан. Яғни 
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде танықтау есімдігі нәрсенің 
жоқтығын (
ешкім, ештеңе, ешбір
)‚ анық белгілі еместігін‚ 
(әлдекім, әлдене)
немесе түгел еместігін 
(кейбір, қайсыбір)
білдіретіні сөз болса, Қ.Жұбанов, 
С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінде нәрсенің жоқтығын 
білдіретін сөздер – болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдірсе, 
белгісіздік есімдіктері, түгел еместігін білдірсе, алалау есімдіктері деп 
аталып, танықтау есімдігінің мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес өз ішінен 
одан әрі таратыла түскен. 
Қ.Жұбанов сөз таптары топтамасында түбір тапқа жоғарыдағы 
есімдерден кейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет