Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Түріктердің Константинопольді алуы



Pdf көрінісі
бет86/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
offiwiz file

Түріктердің Константинопольді алуы. 
Сұлтан өкіметінің тимар 
жүйесін кеңейту және басқарудың орталықтандырылған аппаратын нығайту 
бағытындағы шаралары Осман қоғамында басталып келе жатқан және саяси 
дағдарыстың алдын алып, «қасиетті соғыстың» басты мақсаты - 
Константинопольді 
алуға 
кірісуге 
мүмкіндік 
туғызды. 
Византия 
империясының бұл дәуірде құлдырауы мен ыдырауы Османдардың жаулап 
алу міндетін жеңілдетті. Үстем таптың арасында Италия мемлекеттерімен 


жақындасуда, тіпті католик шіркеуімен уния жасауға яғни папаның діни 
беделін мойындауға дейін баруды қолдайтын топ пен гректердің өзіндік бет-
бейнесі мен православие дінін қорғаушылар өзара күрес жүргізді. 
1453 жылы көктемінде сұлтан II Мехмед жүз мыңдық өзінің таңдаулы 
әскерін Константинопольға қарсы жылжытты. 50 күн бойы қоршауда болған 
қала 1453 жылы 29 мамырда құлады, император өлтірілді. II Мехмед қаланы 
Стамбул 
деп 
өзгертіп, 
өзінің 
резиденциясын 
осында 
көшірді. 
Констонтинопольді түріктердің басып алуының аса маңызды тарихи 
салдарлары болды. Шығыс Рим империясының астанасы болған 
Константинополь бірнеше ғасыр бойы Батыс пен Шығысты байланыстырған 
ірі мәдени, әрі сауда орталығы болған еді. Екі құрлықтың тоғысқан жерінде 
орналасқан қала Жерорта теңізі мен Қара теңізді, сондай-ақ құрлықтағы және 
теңіз жолдарын жалғастырды.
Түрік-османдардың әскери жеңісі 1100 жылдық тарихы бар Еуропаның 
көне 
державалық 
мемлекеті 
– 
Византия 
империясын 
жойды. 
Константинопольдың құлауы Еуропаның рухани және саяси өміріне 
айтарлықтай өзгерістер әкелді: 1) аса қуатты Азия-Еуропа мұсылмандық 
державасы – Осман империясының даңқы өсіп, Азия мен Еуропаның басқа 
мемлекеттеріне бәсекелестік туғызды; 2) христиандық Батыс өркениетін 
бірлесіп қорғау Еуропа мемлекеттерінің негізгі міндетіне айналды; 3) Еуропа 
Қара теңізді пайдаланудан айрылып қалды; 4) Еуропа елдерінің Шығыспен 
саудасы нашарлап, ол еуропалық сауда мен экономиканың барлық жүйесін 
қайта құруға әкеп соқты; 5) Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттері Осман 
империясының провинцияларына айналды; 6) православие шіркеуінің
орталығы Византиядан «Үшінші Рим» деп аталған Мәскеуге ауысты; 7) 
Византиялық көптеген ғалымдар мен мәдени ағартушылардың Италияға 
эмиграциясы еуропалықтарға грек мәдени мұрасын игеріп, мұның өзі 
еуропалық гуманизмнің қалыптасуына ықпал етті.
Константинопольдің алынуы Осман мемлекетінің күш-қуатын 
айттарлықтай арттырды. Керісінше, әлі де өз тәуелсіздігін сақтап отырған 
Балқан елдерінің жағдайына қауіп төнді. XV ғасырдың 60-70-жылдарында II 
Мехмед бүкіл Балқан мен Кіші Азияны толықтай өзіне қаратып, Қара теңіз 
бен Эгей теңізіндегі Венеция мен Генуяның бірқатар иеліктерін басып алды. 
Осман билеушілерінің қуатты армия құруға бағытталған әрекеттері Еуропа 
мен Азияда кең ауқымды жаулаушылық жоспарын іске асыруға мүмкіндік 
берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет