Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


ХVІ ғасырдағы Осман империясының Батыс бағытындағы



Pdf көрінісі
бет88/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
offiwiz file

ХVІ ғасырдағы Осман империясының Батыс бағытындағы 
жорықтары. 
XV ғасырдың екінші жартысында пайда болған жаңа империя 
тек мұсылмандық Шығыстағы жетекші державаға айналып қоймай, сондай-
ақ христиандық Батысқа да қауіп төндіре бастады.
 
І Селимнің 1514-1517 жж. 
жеңістері османдарға Батыстағы жаулаушылықтарын жалғастыруға 
мүмкіндік туғызды. 1521 жылы І Сүлеймен сұлтан Белградты басып алды, 
бұл қала османдар үшін Еуропаның орталығына апаратын кілт рөлін 
атқарды.
Осман империясының Еуропадағы негізгі жаулары Портаға қарсы 
крест жорықтарының басты ұйымдастырыушысы ретіндегі Қасиетті 
Шіркеудің басшылығымен әрекет етуші – Италия мемлекеттері, Испания мен 
Португалия болды. Солтүстікте түріктерге Австрия және Габсбург үйінің 
басқа да иеліктері, Венгрия мен Польша, оңтүстікте - госпитальерлер немесе 
иониттер діни-рыцарьлық ордендері (олардың орталығы Родос аралы болды) 
мен Венеция тікелей қарсы тұрды. Осыған сәйкес күрестің үш майданы 
қалыптасты: құрғақтағы (Балканнан солтүстікке қарай) және екі теңіз 
майданы; оның біреуі Жерорта теңізінде, госпитальерлер орденіне, Венеция 
мен Испанияға қарсы, екіншісі – Үнді мұхиты бассейнінде – Португалияға 
қарсы бағытталды.
Түріктер Жерорта теңізінде үлкен табыстарға қол жеткізді. 1522 жылы 
І Сүлеймен үлкен қиыншылықтарға қарамастан Родос аралын басып алды, 
рыцарьлар Мальта аралына кетуге мәжбүр болды (осыған байланысты 
иониттерді кейінірек Мальта ордені деп атап кеткен болатын). Бұдан кейін 
османдар Испанияға қарсы белсенді теңіз соғысын бастап кетті. 1515 жылы 
түріктер Алжирдегі антииспандық күреске ақшалай да, қарумен де жан-
жақты қолдау көрсетті. 1519 жылы көтерілісшілер қаланы алды, ал 1529 
жылға қарай Ү Карлға бағынышты Алжир корольдігін жойды. Бұл ел 1533 
жылы Осман империясының құрамына енді. Бұдан кейінгі табыстар, әсіресе, 


Превез түбінде (1538) испандық-венециандық флоттың жойылуы, сондай-ақ 
Алжир қаласының түбінде испандық армаданың (500-ден артық әскери және 
тасымалдаушы кемелер, 24 мың адам десанттан тұратын) талқандалуы (1541) 
Осман империясын Жерорта теңізінің иесіне айналдырды. Олардың кемелері 
Атлант мұхитына шыға бастады, кемелерінде Вест-Индиядан шыққандар 
кездесетін болды. Осман адмиралдары Американы жаулап алуды да 
армандай бастады.
Үнді мұхиты бассейнінде түріктер сәтсіздіктерге ұшырады. Солтүстік 
Үндістанға Бабырдың әскері басып кіріп жатқанда түріктер Оңтүстік 
Үндістанға теңізден соққы береміз деген ойы іске аспай қалды. Белгіленген 
уақыттан кешігіп жеткен 20-мыңдық түрік флоты Диу түбінде (1538) жеңіліс 
тапты. 1550 жылы Парсы шығынағындағы Кятифтен айрылуы, 1552 жылы 
Ормуз түбіндегі және 1554 жылы Маскат түбіндегі шайқастарда осман 
эскадрасының қырылып қалуы османдардың Үндістанды жаулап алу ойынан 
қайтуына мәжбүр етті.
Еуропада османдар бастапқыда сәтті соғыстар жүргізді. Реформация, 
Венгриядағы діни соғыстар және Германиядағы 524-1525 жж. Шаруалар 
соғысы османдар үшін аса қолайлы жағдайлар туғызды. 1526 жылы түрік 
армиясы солтүстікке қарай жылжыды. 1526 жылы 29 тамызда Мохач 
түбіндегі шайқаста І Сүлеймен венгр, хорват және чех әскерін талқандады. 10 
қыркүйекте түріктер Будаға басып кіріп, Венгрия тағына өз адамы – 
Трансильваниялық шонжар Янош Запойяиді отырғызды. Ол өзін Осман 
империясының вассалымын деп мойындады. Сонымен бір уақытта Венгрия 
мен Чехияның сеймі Австрия эрцгерцогі Фердинанд І Габсбургті король деп 
жариялады. Қасиетті Рим империясының (Германия) императоры Ү Карлдың 
қолдауымен ол османдарға және олардың қоластындағы венгр билеушілеріне 
қарсы күрес бастады. 1529 жылы 27 қыркүйекте осман армиясы Венаға төніп 
келді. Алайда қаланың қасарысып қарсы тұруы, І Фердинанд әскерінің дер 
кезінде жетуі және суықтың түсіп кетуі І Сүлейменнің қоршауды тастап 
кетуіне мәжбүр етті (14 қазан 1529 ж.). 1532 жылғы жорық та осындай 
сәтсіздікпен аяқталды. 1533 жылы бітімге қол қойылды. Ол Испания мен Рим 
папасына таралған жоқ, өйткені оларға міндетті шарт ретінде Мартин 
Лютермен бірігіп, шіркеуді біріктіру үшін собор шақыру ұсынылған 
болатын. Венгриядағы жағдай да тұрақсыздау болып қала берді. Янош 
Запойяи қайтыс болғаннан кейін орын алған Австримен жақындасу көңіл-
күйлерінің күшейіп кетуіне байланысты, Сүлеймен османдардың 
қоластындағы Венгрия жерін екіге бөлді. Трансильвания Осман империясы 
вассалы статусын сақтады, алайда ішкі істерде белгілі бір тәуелсіздігін 
сақтады. Басқа Венгрия жерлері Будин уәләйатына айналып, тікелей осман 
билігіне қаратылды.
Венгрия үшін соғыс кезінде Осман империясы еуропалық саясатқа 
тартыла бастады. Оның бітіспес жаулары католик шіркеуі, Польша-Габсбург 
феодалдық-мемлекеттік құрылымдары басқарған князьдар мен дворяндар 
болса, ал халықтың кең бұқарасы, шаруалар тарапынан, керісінше білгілі бір 
қолдау тауып отырды. Мұнда, ең алдымен, халықтың бір бөлігі осман 


жаулаушылығын Құдайдың қаһары деп қарастырып, оған қарсы күресуді 
күнә деп есептеді. Екіншіден, Еуропада османдардың әскери және 
әлеуметтік-мемлекеттік ұйымының тәжірибесіне деген қызығушылық ерекше 
артты. Белгілі қоғам қайраткерлері (Бусбек, И.Пересветов, белгілі дәрежеде 
Лютер де) османдық тәжірибені өз елдерінде реформалар жасауға үлгі 
ретінде пайдалануға шақырды. Ол тіпті әр түрлі әлеуметтік утопиялардың 
(Л.Агостино, Ф.Альбергати, Т.Кампанелла) пайда болуына ықпал етті. 
Үшіншіден, саяси мақсатта «дінсіздермен» одаққа баруға болады деген 
ұйғарымға келген мемлекеттер мен халық топтары пайда болды.
Мұны 
Осман 
империясымен 
шекаралас 
отырған 
елдердегі 
протестанттар, әсіресе Венгрияның, сондай-ақ Франция мен Нидерландының 
протестанттары айқын көрсетіп отырды. Қасиетті Рим империясымен күрес 
жүргізіп отырған Франция түріктерді одақтас ретінде пайдалануды ойлады. 
Австрия мен Испанияны билеп отырған Габсбургтер әулетімен жүргізілген 
күрес Түркияны да Франциямен одақтасуға итермеледі. Франция мен Түркия 
Габсбургтерді Солтүстік Италиядан қуып шығу үшін күресті. Франция 
Жерорта теңізіне шығу үшін, Түркия Венеция мен Генуяны әлсірету үшін 
күрес жүргізді. Ал соңғы екеуі Габсбургтер империясы мен оның одақтасы 
Рим папасының қолдауына сүйенген болатын.
1534 жылы Стамбулға бірінші француз елшілігі келеді. 1535 жылы екі 
ел арасында Габсбургтерге қарсы бірігіп күресі туралы келісім жасалды. 
Атап айтқанда, Франция осман флотына Тулоннан база берді. Түрік 
рейдерлері (Еуропа деректерінде оларды «қарақшылар» деп атайды) Италия 
мен Испания жағалауларына жорықтар жасап отырды. Оның есесіне Түркия 
француз көпестеріне өте көп жеңілдіктер жасады. 1535 жылғы француз-түрік 
келісімі «бірінші капитуляция» деген атпен белгілі болды. Мұнда көрсетілген 
жеңілдіктер Түркия тарапынан бұрын Венеция мен Генуяға жасалып келген 
болатын. Бірақ француз көпестеріне берілген артықшылықтар бара-бара 
бүкіл француз ұлтына тарайтын болды. Бұл артықшылықтар үшін Түркия 
ақы алған жоқ, бірақ қашан тоқтатам десе өз еркінде болды. Француз 
көпестері Түркиядағы қылмыстық жаза қолданатын тәртіп бұзғандығы үшін 
сотқа тек өз елінде ғана тартылатын болды, яғни түрік соты француз 
көпестерін жазалай алмайтын болды.
ХҮІ ғасырдың ортасында негізгі күрес Жерорта теңізінде жүрді. 
Түріктер Батыстың қорғаныс жүйесін бүржолата қиратуға тырысты. 1551 
жылы олар Мальта орденіне қуатты соққы беріп, Триполиді алды және 
империяға Солтүстік Африканың біраз жерлерін қосты. Бұл жерлер Батыс 
Триполи уәләйатын құрды.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында Түркия мен Еуропа державалары 
арасындағы қақтығыстар қайта жанданды. 1568 жылғы Австрия мен Түркия 
арасындағы Венгрия жері үшін болған қақтығыс бейбіт бітім шартымен 
аяқталды. Австрия Венгрияның біраз бөлігін сақтап қалды, бірақ сұлтанға 
жыл сайын 30 мың дукат алым төлеуге міндеттелді. Австрия сондай-ақ 
Валахия, Молдавия, Трансильванияның Түркияға вассалдық тәуелдігін 
мойындады. 1570–1573 жылдары Түркия Кипр аралы үшін Венециямен 


соғысты. Соғыстың басында Түркия Кипрдің басым көпшілігін, астанасы 
Никозияны басып алды. Бірақ Жерорта теңізі үшін Венеция, Австрия, 
Испания, Генуя, тағы басқа мемлекеттер Түркияға қарсы одаққа бірікті. 
Шешуші шайқас 1571 жылғы 7 қазанда Лепанто қаласында (Патраикос 
шығанағында) болды. Одақтастардың теңіздегі әскерін Испания королі ІІ 
Филипптің інісі Хуан Австрийский басқарса, түріктердің әскерін Али-паша 
Муэдинзаде басқарды. Түрік флоты бұл шайқаста жеңіліс тауып, 224 
кемесінен айырылды. Бірақ бұл шайқас соғыс барысына әсер ете алмады. 
Одақтастар арасындағы алауыздықты түріктер орынды пайдалана білді. Олар 
тез арада жаңа флот құрып, соғысты табысты аяқтады. 1573 жылғы бітім 
шарты бойынша Венеция Кипрді Түркияға беруге мәжбүр болды. Жалпы 
алғанда, осы кезде Осман империясы мен Еуропа державалары арасында 
белгілі-бір стартегиялық тепе-теңдік қалыптасты. Бұған, бір жағынан, Еуропа 
державаларының күшейе бастуы ықпал етті. Еуропа елдері, әсіресе, қару-
жарақ өндірісі мен кеме жасау ісінде суырылып алға шыға бастады. 
Керісінше, Осман империясының қуат-күші күн санап кеміп бара жатқан 
болатын.
1580 жылы Англия өзінің Левант сауда компаниясын ұйымдастыруға 
Түркиядан рұқсат алды. Бұл компания шығыс елдеріне еніп, олардан шикізат 
алып отыру үшін керек еді. Осы кезден бастап Франция мен Англия 
көпестері арасында Таяу Шығыста бәсекелестік туа бастады. Кейін бұл екі 
мемлекет Осман империясындағы экономикалық және саяси үстемдік үшін 
ашық күрес жолына түсті. ХVІ ғасырдағы Түркияның Англиямен, 
Франциямен келісімдері Түркияны соңғы екі мемлекеттің сыртқы саясатына 
тәуелді етті, мұның өзі елдің экономикалық жағдайын нашарлатып жіберген 
болатын. 
ХVІ ғасырдың аяғынан бастап османдардың жаулап алу соғыстары 
аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан кейін сұлтан қазынасының табысы 
кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті. Әскери-феодалдар әскердегі 
қызметі үшін алған иеліктерін өзінің жеке меншігіне айналдыра бастады. 
Олардың көпшілігі жорыққа қатысудан жалтарды. Армияның саны кеміді. 
Осман мемлекеттілігінің дағдарысы, ішкі қайшылықтар түріктердің 
жаулаушылық белсенділігін әлсіретіп тастады. Осман империясы тарихының 
1579–1683 жж. аралығындағы кезеңі Түркия тарихнамасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет