Сұлтан Хайреддинге көмекке екі мың артиллеристер мен төрт мындык
янычарлар үлгісінде құрылған әскер жіберді. 1518 жылдан бастап Хайреддин
Алжирдің маңызды портты калалары – Бен, Колло, Шершельді басып алып,
елдің ішіне ене бастады,
Константинаны басып алып, Кабилия тауындағы тайпаларға алым-
салық төлеткізді. 1529 жылы түріктер Алжирде түпкілікті бекініп,
испандықтардың жақсы қорғалған қамалы Пеньонды алды. Түрік
басқыншылары
жергілікті
феодалдардың
иеліктері
мен
таптық
артықшылықтарына
зиян келтірмей, сол қалпында калдырды. Хайреддин
паша болып тағайындалып, «бейлер-бей» деген атақ алды. Ол жаулап
алынған жерлердегі феодалдардан салықты уақтысында және толык төлеп
отыруды талап етті. Жинап алынған салықтың жартысын Стамбулдағы
қазынаға жіберіп, жартысын өз қарамағындағы әскер, кеңсе, уәзірлер ұстау
үшін жұмсап отырды.
Хайреддиннен кейінгі Алжирдегі түрік сұлтанының пашасы 1541 жылы
V Карлдың испандық әскерін талқандады. Испандықтарды Алжирдегі
бекіністерінен ығыстырды. Батыста олар Тлемсен үшін мароккалықтармен
күресте жеңіске жетті. 1535 жылы Тунисте
испандықтар өзін V Карлдың
вассалы деп мойындаған Эмирді таққа отырғызды. Түріктердің өз үстемдігін
орнату әрекетінен еш нәтиже шыкпады. Тек 1574 жылы ғана Түрік
сұлтанының әскері испандықтарды қуып шығып, Тунисті Осман
империясына қосты.
Солтүстік Африкадағы Триполи қаласы үшін еуропалықтар мен
түріктер арасында күрес жүрді – 1510 жылдан 1530 жылға дейін бұл облыс
испандықтар билігінде болды. Сонан соң ол Родос аралынан түріктер қуып
шыққан Мальта рыцарьларының қол астына көшті. 1551 жылы түріктер
теңізден шабуыл жасап, Триполиді басып алды. Рыцарьлар Мальтаға қашты
(Италияның оңтүстігі). Сөйтіп, Солтүстік Африканың үш елі – Алжир,
Тунис, Триполитания (Ливия) түріктер қол астына көшті. Тек Марокко өз
тәуелсіздігін сақтап қалды.
1550 жылы өзінің шыққан тегі жағынан ислам дінінің негізін қалаушы
Мұхамед пайғамбардан тарайтын-мыс шериф Мұхаммед әл-Махди Фесті
басып алды. Ол бұған дейін Оңтүстік Мароккода қант қамысы егістігін
иеленуші болатын. Маринидтік әулеттің түріктер көмегімен өз билігін
калпына келтіру әрекетінен түк шықпады. 1554
жылы Маринидтер әулеті
толық қуылды. Шерифтер Оңтүстік Мароккодағы өз тіреніштері болып
табылатын араб тайпаларына көп қаражат бөліп отырды. Ахмед-әл Мансур
(1578—1603) шерифтің тұсында бұл тіреніш көмегі онан әрі кеңейтілді.
Түріктердің кол астында калғысы келмеген Солтүстік Шығыс Марокко
тайпаларына Фес облысынан әскери лендер бөліп берілді.
Марокконың қорғаныс қабілетін күшейту және феодалдардың өзара
қақтығыстарын тежеп отыру мақсатымен тұрақты армия құрылды. Оны
арнаулы мекеме – махзен басқарды. Бұл армия ислам дінін қабылдаған
еуропалықтардан, жергілікті қара нәсілділерден (негр) тұрды. Әскерді түрік
офицерлері мен солдаттары оқытып, үйретті. Канша мықты болғанымен бұл
армия феодалдық бытыраңқылыққа карсы тұра алмады. ХVІ ғасырдын
ортасында шерифтерге қарсы Марабуттар көтірілісі болды. Оның
нәтижесінде Марокко бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кетті.
Африка төңірегіндегі теңіз сауда жолының ашылуы Египет саудасына
ауыр соққы болып тиді. Соған қарамастан Египет көптеген Шығыс және
Батыс елдерімен сауда жасай берді. Сыртқы
саудаға ауыл шаруашылық
өнімдері (бидай, мақта, кендір, күріш, тері) мен қолөнер бұйымдары (мата,
кант т.б.) шығарылды. Египет көпестері Үндістаннан, Еуропа мен Қиыр
Шығыстан келген шетелдік тауарлармен де сауда жасады. Сауда Каир,
Александрия, Булак, Дамъетт, Розетт, Суэц, Кусеир, Тальх, Абузир, Фуэ
калаларында шоғырланды. Египеттің басты порттары Жерорта теңізі
жағалауындағы Дамьетт, Розетт және Александрия, Қызыл теңіздегі Суэц
пен Кусеир болды. Суэц пен Кусеир арқылы Үнді және Аравия тауарлары
түсіп тұратын. Сол кездегі Египеттің ең ірі сауда орталықтарының бірі
Александрия Каирмен канал арқылы қосылды.
Александрия айлағына көп
елдердің сауда кемелері ағылып келіп тұрды. Мұнда венециялык та,
флоренциялық та, католондық та, Генуя мен Франция көпестерін
кездестіруге болатын. Александрияда тек халықаралық сауда ғана
шоғырланып қойған жоқ. Қала тұрғындары жақын маңдағы ауылдардың
ауыл шаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз етіліп тұрды. Нил өзені
негізгі сауда жолдарының бірі болды. Каир тек сауданың ғана емес,
қолөнерінің де ірі орталығы болды. Ол көлемі мен халқының саны жағынан
Египеттің ең үлкен қаласы болды. ХVІ ғасырда Каирдің халқының саны 100
мыннан асты. Онда армяндар, итальяндықтар, гректер, француздар, поляктар,
еврейлер тұрды. Египетте құл саудасы кең орын алды. Жыл сайын елге 4—5
мың африкандық құлдар әкеліп сатылатын.
Каирде көптеген Еуропа
елдерінің консулдығы орналасты. Мұнда діни қудалаушылық болған жоқ, әр
діннің шіркеу-мешіттері жеткілікті болды.
Қолөнер негізінен қалаларда шоғырланды. Дегенмен қолөнермен
ауылдық жерлерде де кеңінен айналысты (себет тоқу, жіп иіру т.б.). Египетте
мақтадан маталар тоқылды, қару-жарақ, оқ-дәрі, қыш бұйымдар жасалды,
иіссулар мен шараптар, мүсәтір, селитра шығарылды. Бұл өнімдер Еуропа
елдеріне, Осман империясына, Африкаға жөнелтіліп жатты.
Қазынаға
саудадан көп табыс түсіп жатты. Негізгі табыс жер салығынан жиналатын.
Сонымен қатар қолөнер өнімдерінен де салық жиналып, казынаға түсіп
тұрды. Үкімет барлық қолөнер өнімдерінің 5 пайызын алып отырды. 1568
жылы ақындар мен жазушыларға салық салына бастады. Сумен қамтамасыз
ету үшін де салық төленді.
Александрия, Розетт, Дамьетт, Суэц және Булак қалаларында
мемлекеттік кедендер болды. Алым-салық шеттен әкелінетін ақшаларға да
салынатын. Құлдыққа түсіп калған, бірақ әлі ислам дінін қабылдап
үлгермеген христиандарды сатып алу бағасы белгіленді. ХVІ ғасырда
шетелдік христиан дініндегі көпестер тауарының құнынан 10 пайыз салық
төлейтін. 1535 жылғы Францияға берілген жеңілдіктен кейін ол жеңілдікке
ие болғандар 2–3 пайыз, ал Осман империясының көпестері 10 пайыз салық
төлейтін болды. Осман империясындағы
мұсылман емес тұрғындар
(байлығына қарай) үш категорияға бөлінді; 1) жылына төрт алтын монета
телейтіндер; 2) екі монета; 3) бір монета төлейтіндер. Жан бас салығы —
джизья тек еңбекке жарайтындардан алынды.
Батыс Еуропа елдері көпестеріне берілген артықшылықтар, көптеген
ішкі кедендер, түрік үкіметі мен жергілікті феодалдардың зорлық-
зомбылықтары сауда байланысының дамуына көп кедергі келтірді.
Достарыңызбен бөлісу: