«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата24.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#166331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Кері дизайн 
 
Мұғалім әрекетінің «оқу мақсаттары – сабақ – бағалау» реттілігі 
классикалық түрге айналды. Алайда білім беру үдерісін жобалаудың жаңа 
моделі аталған ұстанымның бағаланатын, қол жеткізетін білім, білік, дағдылар 
арасындағы сәйкессіздік тұрғысынан алғанда қайта қарауды қажет ететіндігін 
көрсетеді (нені оқытуы және нені бағалау қажеттігі арасындағы қарама-
қайшылық).
Кері дизайн – бұл білім беру үдерісіндегі арнайы педагогикалық жобалау 
технологиясы, негізгі критерийі мазмұн емес (контент), оқытудың 
жоспарланған нәтижелері болып табылады (Велединская, Дорофеева, 2014). 
Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімнің оқу мақсатын анықтап, бағалау үдерісін 
жобалауы, қарастыруы, содан соң ғана жоспарлауы арқылы оқушыларға сабақ 
өткізу әрекеті әлдеқайда тиімдірек екені байқалды.
Кері байланыс технологиясы аясында білім беру үдерісін жоспарлауда үш 
кезеңді жүзеге асыру қарастырылады (Уигнис және Тай, 2011): 
1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Оқушылар 
нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап; 
2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Оқушылардың қалаулы 
нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» 
деген сұраққа жауап; 
3-кезең - Оқуды және оқушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау.
 
 
 

 
Құзыреттіліктер 
салдары
Жасай алатынына 
сенімді
Жасау
ға қабілетті
Жасай алады
Жасауы м
үмкін
Бір рет жасады
Жасай алды
Сирек жасайды
Кейде жасайды
Әдеттегідей 
жасайды
Жиі жасайды
Әрқашан жасайды
Жасайды 


9
 
Мұғалімге толық оқу-әдістемелік кешенді алдын ала ұсыну (оқу 
бағдарламалары, оқу жоспарлары, қалыптастырушы бағалауға арналған 
тапсырмалар үлгілерінің жинағы, мұғалімдерге арналған жиынтық бағалау 
бойынша әдістемелік ұсыныстар және т.б.) кері байланыс үдерісінде білім 
беруді жоспарлауға мүмкіндік береді: оқу бағдарламасы – бағалау үдерісі – 
оқыту мен оқу үдерісі. Бұл оқу үдерісі оқу мақсатына жетуге, ал бағалау оқу 
қорытындысы бойынша күтілетін нәтижеге сәйкес деңгейді белгілеуге 
бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет