Скаффолдинг теориясы Скаффолдинг теориясы Л.С.Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы
түсінігімен тығыз байланысты, оқыту когнитивтік емес, ең әуелі, әлеуметтік,
тұлғааралық деңгейлерде болады деп болжайды. Аталған дәйектерге
қарамастан, Л.С.Выготскийдің өзі «скаффолдинг» терминін ешқашан
қолданбаған (Стоун, 1998), ол тек адамның когнитивтік дамуындағы әлеуметтік
өзара әрекеттің маңызды рөлін атап көрсеткен.
Скаффолдинг (көпіршелер тұрғызу) – оқушыға жақын арадағы даму
аймағымен жүруіне және өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға
көмектесу үшін мұғалім көрсететін интерактивті қолдау (Глоссарий, 2012, 91-
бет).
Скаффолдингтің жаңашыл теориясы – бұл білім беру үдерісіне
қатысушылардың арасындағылардың өзара сеніміне негізделген серіктестік.
Оқу үдерісінің барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек
көрсету
мақсатымен
оқушыларды
қолдау
(Дж.С.Брунер,
1976)
қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды
функциялардың бірі болып табылады.
«Скаффолдингтің» негізгі сипаттамалары:
1. Жалпы мақсаттардың болуы. «Скаффолдинг» үшін аса маңызды жағдай
«интерсубъективтіліктің» бар болуы болып табылады (Рогофф, 1990), ол екі
субъектінің
екі
түсінікке
ортақ
түсініктерінің
болу
жағдайы.
Интерсубъективтілік мұғалім мен оқушының оқудағы нәтижеге ортақ
жауапкершіліктерінің болуы ретінде қарастырылады.
2. Ағымдық диагностика және бейімделуге қолдау көрсету.
Скаффолдингтің маңызды ерекшеліктерінің бірі оқушыларға қажетті қолдауды
«бірте-бірте» көрсету үшін мұғалім олардың ілгерілеуін үздіксіз бағалап
отыратын дерек болып табылады. Сондықтан мұндай өзара әрекет
«оқушылардың қажетті дағдыларды меңгеруіне, жоғары деңгейдегі
тапсырмаларды орындай алуына көмектесуі керек» (Вуд және басқалар, 1976,
97-бет).
3. Диалог және өзара әрекет. Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттері
скаффолдингте диагностикалық болып табылады. Бұл оқушыларды селқос
білім мен тәжірибе алушы емес, сұрақтар/тапсырмаларды шешуде белсенді
қатысушы, серіктес ретінде көруге мүмкіндік береді. Ал өзара әрекет диалогтің
арқасында мүмкін болады (Браун және Палинксар, 1985; Палинксар және
Браун, 1984), яғни мұғалім мен оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы
әңгімелесулер.
4. Қолдауды азайту, жауапкершілікті беру. Скаффолдинг жағдайларының
бірі оқушыларға мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау көлемін біртіндеп
азайту. (Вуд және басқалары, 1976). Бұл біртіндеп оқушылардың өз оқуына өзі
жауапкершілікпен қарай алуына толық жеткізу болып табылады.