«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың


Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата24.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#166331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме 
 
Құзыреттілікке негізделген тәсілдемеде оқу нәтижелерін бағалау білім 
алудың белгілі сатысында оқушылардың «жыл басында» қол жеткізген 
білімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді.
Күтілетін нәтижелер оқу бағдарламасын толық меңгерудің қорытындысы 
бойынша туындайтын оқушылардың тәжірибесінен және қабілетінен
дағдысынан, білімі мен білігінен көрінеді.
ЭЫДҰ баяндамасында құзыреттіліктің үш санатын атап көрсетеді (ЭЫДҰ, 
2003): 
- құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтіндер; білім 
мен ақпарат; технологиялар. 
- әркелкі топтарда әрекет ету: басқалармен жақсы қарым-қатынаста болу 
қабілеті, командамен жұмыс жасау және ынтымақтастық, шиеленісті шеше білу 
және басқару. 
-
өз бетінше әрекет ету: көріністі жан-жақты көре білу және әрекет ету 
қабілеті, жеке жобалар, өмірлік жоспарларды қалыптастыру, жүзеге асыру, 
қажеттіліктер мен нормаларды, қызығушылықтарды, құқықты сақтап қалу
қорғау. 
Білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме адамның іс-әрекетке 
дайындығын, өмірге қажетті құзыреттіліктерді алу жолымен социумда қызмет 
етуін анықтайды. Білім берудің нәтижесін ұсынатын деңгейдің бірі 
функционалдық сауаттылық
болып табылады. Функционалдық сауаттылықты 
дамытуға жалпы бағыттылық Қазақстан Республикасындағы білім беруді 
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 
анықталған, ондағы мақсаттың бірі жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан 
Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын 
қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін 
білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты 
үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болды.
2-суретте мінездің дифференциация арқылы өтетін «жасауға қабілетті»-
ден «жасай алатынына сенімді»-ге дейінгі әрекеттермен көрсетілген 
құзыреттілік деңгейін анықтау үдерісі берілген (П.Рейс, 1993).


8
 
2-сурет. «Құзыреттіліктер салдары» 
Критерийлер негізіндегі бағалау үдерісінде оқушылар өз құзыреттілік 
әлеуетін біртіндеп ұлғайтады, «Жасай алатынына сенімді» деңгейінде күтілетін 
нәтижеге жетеді деп болжанады. (2-сурет).
Осылайша, құзыреттілікке негізделген тәсілдемеге сәйкес оқу 
бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты 
берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы 
бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет