Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет120/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Ісікті анықтау әдістері
Ісікті анықтау мұқият науқастың ауру тарихын жинау--
дан, клиникалық, лабораториялық, рентгенологиялық және 
морфологиялық зерттулердің нәтижесінен құралады. 


198
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Шеткі 
қан сараптауында
; – қаназдылық (балалардың 
бет - келбеттері боп-боз ақ қағазға ұқсайды), гемоглабин 
саны 50-60г/л-ге дейін төмендейді және ЭТЖ-ң жылдамдығы 
артады 30-60 мм/сағ.
Лабораториялық сараптамаларды зерттеу кезінде қан 
мен зәр құрамындағы катехоламиндер мен оның метаболит--
тері мөлшерінің жоғарылағанын анықтауға болады. Мыса--
лы: 1) қан сараптамасында – Энолазаның, Ферриттиннің, 
Ганглиосайд мөлшерінің ұлғайғандарын байқасақ; 2) зәр 
сараптамасын радиоиммунологиялық зерттеу арқылы 
– норэпинефрин, ваниллилмандел қышқылын (ВМК), го--
маванил қышқылын (ГВК) және Допаминді (шеткі қаннан 
да анықтауға болады) анықтаймыз. Бұл метаболиттердің 
көрінуі ісіктің болжамына әсер етеді. Американдық ғалым 
Evans (1987): «ферритин» мөлшері ісіктің болжамына көп 
әсер етеді.
Ол, мұны үш топқа бөліп көрсетеді:
1) Болжамы жақсы топ – науқастың жасы 2 ге дей--
ін болып, ферритин мөлшері қалыпты жағдайда болған 
науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы – 93% болса;
2) Аралықты топ – науқастың жасы 2 немесе одан 
жоғары болып, ферритин мөлшері қалыпты жағдайда болған 
науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы – 58% ;
3) Болжамы нашар топ – ферритин мөлшері жоғары 
болған науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы – 19% 
болды.
Катехоламиндердің қанға бөлінуінен, дене қызуы мен 
артериялық қысымның көтерілуі, тершеңдік, тері беттерінің 
бозаруы және бастың ауру сезімі байқалады. Сонымен бір--
ге, міндетті түрде кеуде төсі мен жамбас сүйегіне трепано--
пункция жасау арқылы цитологиялық зерттеу жүргізу, сүйек 
кемігінен симпатогони мен симпатобласт жасушаларын 
анықтауға мүмкіндік береді.


199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет