Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет58/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Патоморфологиясы
Соңғы зерттеу көрсетулері бойынша ретинобластома 
нейроэкто-дермалды тіннен дамитын нейроэпителиалды 
ісік туындысы болып табылады. Ісікте строма болмайды. 
Ісік жасушаларының дифференци-ациялық дәрежесіне 
байланысты ретинобластома (жиі кездеседі) және рети--
ноцитома түрін ажыратады. Ең қатерлісі біріншісі, яғни 
дифференцияланбаған түрі, бұл кезде ісік жасушалары қан 
тамырлар айналасында топтасып, жалған розеткаларды 
құрайды. 
Ретинобластома гистологиялық тұрғыдан екі түрге 
бөлінеді:
1. Әлсіз дифференцияланған түрі, жасушаларындағы ци--
топлазмалары аз, ядролары өте қатты боялған болып 
келеді.
2. Көбірек дифференцияланған түрі, жасушалары көп, 
розетка түзумен көренеді (Флекснер-Винтерштайнер 
розеткалары).
Ретинобластома тез дамиды. Көздің торлы қабатын
одан ары басқа да қабаттарын бұзып-жарып, көздің шарасын 
зақымдап, жүйке жүйесі арқылы миға қарай өседі. Ісікте қан 
айналымының жеткіліксіздігінен тез некрозға ұшырайды. 


95
Көздің қатерлі ісігі
Некроздалған ошаққа кальций тұздары жиналып, үлкен 
ісікке тән кальцификаттар құрайды. 
Ісіктің макроскопиялық өсуіне байланысты
2 түрге ажыратылады:
Эндофитті
– ісік торлы қабықтың ішкі жағынан баста--
лып, көздің ортасына - шыны тәрізді денеге қарай өседі. 
Мұнда торлы қабықтың барлық қабаты зақымдалады;
Экзофитті
– ісік торлы қабықтың сыртқы беттерін ин--
фильтрациялап, субретинальды аймаққа қарай дамиды. 
Экзофитті өсетін үлкен ісіктер субретинальды транс--
судат жиналуымен торлы қабықтың аршылып, түсуіне 
әкеледі. Сирек 1-2% жағдайда үлкен жастағы балаларда 
торлы қабықтың диффузды қалыңдауы, шыны тәрізді 
дененің алдыңғы бөлімдерінде экссудат жиналуы
алдыңғы жабысулар және ерте псевдогипоплон даму--
ымен жүретін ретинобластоманың жайыла өсетін (ин--
фильтративті) түрі кездеседі. 
Сурет – 8. Сол көз ретинобластомасы (экзофтальм)




96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет