98
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Ісікті анықтау әдістері
Ретинобластоманы анықтау сырқатқа үлкен қиын-
шылықтар туғызады. Ісіктің іштен туа пайда болатыны, әрі
көбіне жас сәбилерде кездесетіні, олардың шағымданбауы
және т.б. балаларға тән ерекшеліктерден ісіктің дер кезінде
анықталуы қиындау. Сәбилерді қарау үшін оларды тыныш--
тандырып, яғни наркоз беріп, көздің қарашығын үлкейтіп
барып, офтальмоскопия жасалынады. Одан,
көздің тор--
лы қабығынан ақшылтым немесе қызғылттау тіннің пайда
болғанын байқаймыз.
Көзден «жарықшақтардың» көрінуі (негізі, науқастың
тексерілуіне осы белгінің пайда болуы әсер етеді) ата-
ананың дәрігерге қаралуына себеп болады.
Лейкокория - қитарлық, көрудің бұзылысы - бір жақты
және екі жақты ретинобластомада 39-40%
жағдайда кез--
деседі. Осы аталған белгілер байқалатын болса,
баланың
көз түбін жақсылап тексеру керек (тонометрия, биомикро--
скопия, т.б.). Аурудың көз ішіне жайылғандығын нақтылау
үшін жүргізілетін тіке және кері офтальмоскопияны жалпы
анестезиямен көз қарашығының толық кеңеюімен орын--
дау керек. Ісіктің орналасуын
және мөлшерін суретпен
құжаттандыру қажет. Ретинобластомадағы кальцификат-тар
компьютерлік томография (КТ) арқылы анықталады. КТ
арқылы кальцификат белгілері 83% жағдайда көрінеді. КТ
алғашқы диагноз қою үшін ғана емес, сонымен қатар ісіктің
орналасуын және құрылысын,
көз алмасынан тыс жақын
орналасқан аймақтарға таралуын анықтау үшін де қолайлы
әдіс болып табылады. Бұл диагностикалық әдіс жүргізіліп
жатқан ем нәтижесін бақылау үшін де өте маңызды. Сон--
дай-ақ магнитті-резонансты томография (МРТ) аурудың қай
жерге жайылғандығын анықтауға көмектеседі және бас іші--
не өскен бластоманы анықтауға қолданылатын жалғыз әдіс
деуге де болады. Сонымен қатар, маңызды диагностикалық
әдістің бірі ультрадыбыстық томография арқылы ісіктің