Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет57/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Көздің қатерлі ісігі
яғни алғашқы өсу дәрежесінде анықталып, оған уақытында 
адекватты ем қолданылса, ретинобластомадан, қатерлілігіне 
қарамай – 100% жазылуға болады. Ал, ісік жайылып, ағзаға 
тарап, метастаз ошағын берген жағдайда, аурудың болжа--
мы бірден нашарлайды. Сондықтан да ауруды дер кезінде 
анықтаудың маңызы зор. 
Эпидемиологиясы
Ретинобластома жаңа туған 18-20 000 нәрестенің біре--
уінде кездесуі мүмкін. Балаларда кездесетін барлық қатерлі 
ісіктердің 2,5-4,5 % құрайды. Ұл мен қыз балалар арасын--
да кездесу жиілігінде айырмашылық жоқ. Бұл ауру 70-75% 
жағдайда 3 жасқа дейінгі балаларда, 5% – 5 жастан асқан 
балаларда кездеседі. 
Біздің елімізде жылына 10-12 бала осы ісікке шалдығады. 
Олардың арасында екіжақты ретинобластома бір-екеуінде 
ғана кездеседі.
АҚШ канцер регистрінің мәліметі бойынша жылы--
на 200 бала ауырса, Ұлыбританияда жылына 40-50 науқас 
анықталады екен. 
РОНЦ РАМН балалар онкологиясының мәліметтері 
бойынша бір жақты зақымдалу 62% жағдайда, екі жақты 
38% кездеседі. Оң және сол көз зақымдалу жиілігі бірдей: 
50,7 және 49,3%. Екі жақты ісікте аурудың синхронды да--
муы - екі көзде де 88,9 %, ал метахронды- 11,1 кездеседі 
(орта есеппен 1,5 жылдан соң).
Этиология және патогенез
Ретинобластоманың этиологиясы бүгінгі күнге дейін 
белгісіз. Спорадикалық туа пайда болатын ісікті дамытатын 
қауіп факторларына әкесі мен шешесінің жасы, әкесінің 
көп уақыт металлургия саласында жұмыс жасауы жатады. 
Бір жақты ретинобластома ретинальды жасушаларды ғана 


94
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
зақымдайтын соматикалық мутация нәтижесінде дамиды. 
Екі жақты ісік жыныс хромосомаларының мутациясының 
нәтижесі болып табылады. Ретинобластоманың тұқым 
қуалайтын түрі 40-50% науқастарда анықталады. Дені сау 
ата-аналардың бір баласы ретинобластомамен ауырса, келе--
сі балаларында ісіктің даму мүмкіндігі 6% құрайды. Егер 
отбасында бірнеше баласы ауырса, онда кейінгі балала--
рында бластома даму қаупі 50 % дейін жоғарылайды. Бала 
кезінде ретинобластомамен ауырған ата-аналардан туған 
балалардың жартысы осы ісікпен зақымдануы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет