Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Абайдың «Қара сөздері» – қымбат қазына



Pdf көрінісі
бет253/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абайдың «Қара сөздері» – қымбат қазына 
Ұлы Абайды «ұлы» деп тек оның поэзиясы – өлеңдері ғана 
емес, «Қара сөздер» атты прозалық шығармалары да танытады. 
«Қара сөздер» – Абайдың шығармашылық дүниесіндегі орны 
ерекше қазына. Бұл мұра жайында кеңінен сөз етіп, толық баға 
берген адам – Мұхтар Әуезов болатын. Ол «Абай Құнанбай 
ұлы» деген монографиялық еңбегінде: «Қара сөздер» көркем 
прозаның өзіне бөлек, Абайдың өзі тапқан бір алуаны болып 
қалыптанады. Бұлар – сыншылдық, ойшылдық және көбіне 
адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет толғау 
тәрізді», – деп жазды.
Айтпақ ойын, діттеген мұратын, арман-үмітін, толқытқан 
ой-пікірін, айналасына, замандастарына деген көзқарасын 
– бәрі-бәрін өлең арқылы-ақ айта алған, ақтара алған ақын 
Абай бір кезек поэзия әлемінен ауысып, проза дүниесіне 
көшуінде, әрине, себептер бар, негіз бар. Қазақтың көз-құлағы 
көп жаттықпаған сөз айтудың бұл түріне көшуінің бір себебін 
автордың өзі баяндайды. «Қара сөздерінің» бастамасында 
(1-сөзде) бұл әрекетін былайша түсіндіреді:
«Ер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық... Ал енді 
қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай 
өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын 
деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар 
бағамын демесе, бізді Құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше 
өздері табар... Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым сөзін 
сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді 
кімнен сұрарсың?.. Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да 
болмайды, оған да тыныштық керек... Балаларды бағу? Жоқ, 
баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де 
білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харе-
кетке қосайын?..
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза 
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім 
ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ 
десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым...».


563
Әрине, сырт қарағанда, автордың осы дәлеліне-ақ ден қоюға 
болады, ал шын мәнінде, Мұхтар Әуезов дәл танығандай, Абай 
өзінің өлең сөздерінің көбі оқушы мен тыңдаушыларына үнемі 
түсінікті болмайтындай көреді, мұны ақынның өзі өлеңдерінде 
бір емес, бірнеше рет айтады:
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық...
Немесе:
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі...
Сондықтан өлеңдерінде айтқан кейбір ойларын қайталап, 
қара сөзбен таратады. Өлеңдерінің әңгіме өзегі болған кейбір 
ой-толғамдарын, әсіресе адам баласының ұнамды-ұнамсыз 
қылықтары туралы білген-түйгенін жаңа үлгіде айтқысы 
келеді.
Абай мұрасын сан рет көшіріп, сақтап бізге жеткізген 
Мүрсейіт Бікеұлы, Жандыбайұлы өздерінің дәптерлеріндегі 
жазба дүниені «Ибраһим Құнанбай ұғлының ел мінездерін 
ақыл айтып жазған насихат сөздері» деп атайды. Ал «ел мінезі» 
деп отырғандары – «әділет, ақтық, турашылдық, ғылымға 
құмарлық, еңбекті бағалағыштық, шындықты сүйгіштік және
аярлық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өтірік-
өсекке құмарлық, еріншектік» сияқты адам баласының, оның
ішінде замандастарының мінез-құлықтары мен қадір-қасиет-
тері. Бұлардың бәрі, сайып келгенде, ағартушылық, тәрбиелік 
мақсат көздейтін, адамгершілікке үгіттейтін әңгімеге апарады. 
Қысқасы, Құдай тағаланың адам баласына бір-ақ рет беретін 
«өмір» атты ұлы сыйын бағалап, дұрыс «жұмсауға» шақырады: 
«Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада дүниенің 
рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі 
мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен 
қор етіп өткізеді де таусылған күнде бір күндік өмірді бар 
малына сатып алуға таба алмайды», – дейді (4-сөзінен). Ал 
«дүниенің рақаты» – ақылды, арлы, мінезді, білімді болу деп 
есептейді: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, 
ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оз-
дым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» (18-сөзінен).


564
«Қара сөздерді» көлемі жағынан шағын-шағын 46 бөлек 
шығарма құрайды. Олардың жанрлық сипаты да әртүрлі: 
көбі – публицистикалық туындылар, 46-сөз деп берілгені – 
білім-таным үлгісіндегі тарихи очерк, 25-сөз – Сократ пен 
Аристотелнің әңгімесі деп берілген мысал, өсиет. 5-сөз – 
мақал-мәтелдерді талдаған филологиялық этюд. 37-сөз – афо-
ризмдер жиынтығы, 7-сөз психиологиялық тақырыпта қозғаған 
этюд. 43-сөз – философиялық толғаныс, 38-сөздің мораль 
мәселелері жайындағы ой-пікірлері болып келетін ғылыми-
публицистикалық еңбек деп ажыратуға болады.
Абайдың прозалық шығармалары тұңғыш рет ақын мұра-
сының 1933 жылғы басылымында «Ғақлия сөздері» деген 
атпен жарық көрді. Бұған дейін бірнеше қолжазба күйінде 
сақталып келді. Кейінгі басылымдарда бұл туындыларға «Қара 
сөздер» деген ат қойылды. Мұхтар Әуезовтің топшылауынша 
бұл шығармалар 1890-1898 жылдар арасында жазылған.
Прозашы Абай 6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40, 41, 42, 
43-сөздерінде «ел мінездерін» көптен-көп сөз етеді, ащы мыс-
қылмен айтады, адамдықты үгіттейді (14-сөзде), адамды бұ-
зып, аздыратын салттарды көрсетеді (33-сөзде), елді тағылым-
тәрбие түзер еді, ол жоқ дейді (41-сөзде), еңбексіздікті, 
жатыпішерлікті сынайды (42-сөзде). Ал 12, 13, 27, 35, 38, 
45-сөздерінде дін мен мораль тақырыбын қозғайды. Абай 
дінге адамгершілік моральдың, тәрбиенің құралы деп қарайды. 
Мұсылманшылықтың өзіндік үгітін айта отырып жеткізбегі – 
адамгершілікке шақыратын өсиеттер.
38-сөз – «Қара сөздердің» ішіндегі ең көлемдісі. Әрі 
стилі мен тілі жағынан да өзгелерінен оқшауланып тұратын 
шығармасы. Ол тіпті қолжазба түрінде «Ғақлиат» деген атпен 
өзге сөздерден бөлек көшіріліп келген. Автор мұнда моральдық, 
философиялық, педагогикалық мұраттардың негізін мұсылман 
діні негіздерімен қабыстырмақ болады. Абай дінді, иманды 
әділеттілікке, адамгершілікке парапар деп түсінеді. Абайдың 
діні – адамгершіліктің діні. Сондықтан ол бұл шығармасында 
аят-хадистерден («Құран» тарауларынан) сілтемелер келтіріп 
сөйлейді. Алланың көп сипаттарын баяндап береді. Сондықтан 
жолындағы жандарды) (аһли тариқат) әңгімелейді. Адамды қор 
қылатын үш нәрсе: надандық, еріншектік, залымдық, – дейді.


565
Қысқасы, «Қара сөздер» – Абайдың қай тақырыпты қозғаса 
да, түгелімен дерлік ағартушылық идеясын ұсынған, мораль 
мен тәлім-тәрбие жайындағы ой-толғамдарын баяндайтын 
шығармалары.
Ұлы ақын қаламынан туған бұл прозалық үлгілер жай-
ында әрқилы пкірлер болып келді. Кейбір әдебиетшілер мен
тілшілердің арасында Абайдың «Қара сөздері» көпшілікке 
ұсынылмаған, өзі үшін жазған, сондықтан оның көркемдігіне, 
тіліне зер салмаған деген сөздер болып келді. Ақын шығар-
машылығын ғылыми тұрғыдан терең зерттеген М.С.Сильченко 
сияқты ғалым: Абай прозасын жарыққа шығаруға ниеттенбе-
ген, «бас-аяғы бүтін етіп жазуды» ойламаған, «Қара сөздер» 
– ақынның қойын дәптері («Записные книжки») дегенді 
айтады. Солай дей тұра, бұл зерттеуші оларды өз алдына 
әдеби құндылығы бар ғылыми публицистикалық сипаттағы 
шығармалар деп таниды
117
.
Ал дұрыс танығанда, ең алдымен, «Қара сөздер» – «ақын 
лабораториясында жатқан шикізаттар, өзі үшін жазылған 
қойын дәптер бұйымы емес екендігін дәлелдеуге әбден бо-
лады. Оның «черновик» еместігін таза варианты жоқтығы 
дәлелдейді. «Қара сөздер» автордың өз қолымен жазылған 
автограф емес, өзгелер көшірген текстер және ол көшірмелер 
бір-біріне дәл түсетін өзгеріссіз нұсқалар болып келетіндігін де 
ескерсек, «Қара сөздерді» автор өзі үшін жазған емес, өзгелер 
үшін жазғандығы
 
көрінеді. Мұны да дәлелдейтін фактілер бар. 
Өлеңдері сияқты ақынның «Қара сөздері» де қолжазба күйінде 
тарағанын білеміз. «Қалайда соңғы 10-15 жыл
ішінде Абай 
осы сияқты жаңа жанрды туғызып, соған кейде өлеңнен де 
көп уақыт бөледі. Бұл кездерде Абай сөзін қадірлі көріп, әрбір 
шыққан жаңа өлеңдеріне ынтық болып отырған ел оқушылары 
«Қара сөздер» шыға бастағанда, мұны өлеңнен кем көрмейтін 
болады» (М.Әуезов).
Абай бұл шығармаларын жай оқып шығу үшін ғана емес, 
шәкірттерге оқыту үшін де жазған тәрізді. Бұл ретте Абайдың 
қызы Уәсиланың естелігі біраз мәлімет береді. «Уәсила 
Абайқызының есте қалғандарынан» үзінді келтіріп көрейік: 
117 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет