Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


мыш  (айтылмыш)  тұлғалары да негізінен, 38-сөзден табыла- ды, III жақтағы етістіктің  - лар



Pdf көрінісі
бет255/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мыш 
(айтылмыш) 
тұлғалары да негізінен, 38-сөзден табыла-
ды, III жақтағы етістіктің 
-
лар 
көптік жалғауын қабылдаған 
түрін де 
(алмадылар) 
соңғы «Сөзден» оқимыз.
Демек, Абай «Қара сөздерін» «қойын дәптері» ретінде тек 
өзі үшін
жазбай, басқалардың оқуы үшін де жазған екен. Оның 
өзінде де жалпы оқырман көпшілікпен қатар, олардың белгілі 
бір тобына арнап жазғандарын да көреміз.
Сірә, кейбір зерттеушілердің Абай прозасын өңделмеген 
жазбалар болу керек деулеріне негіз болған оның стилі (тілі) 
болу керек. Әрбір өлеңі жұп-жұмыр, айналасы тегіс келген, 
қазақтың көркем сөзінің сом алтындай асылы болып танылған 
Абайдың жаңа дүниесі – қара сөзінің кейбірі сөйлеу тіліне 
жуық қара дүрсіндеу болып көрінсе, 38-сөз сияқты туынды-
сы «шағатайшалау», «кітапшалау» болып қабылданған болар. 
Ал зер сала қарастырсақ, бұл екі сипаттың екеуінің де уәжі 
(мотиві) бар: сөйлеу тілі стилін автор әдейі таңдаған, бұған қара 
сөздерінің жазылу себептері мен арнаған адресаттары мәжбүр 
еткен. Өлеңдерінің идеясы қалың оқырман мен тыңдарманға 
жетпей жатыр-ау деп ақын сол ойларын барлығына түсінікті, 
қарапайым сөйлеу тілімен айтып бергісі келген. Таңдаған мәнері 
– оқырманмен әңгіме дүкен құрысу. Сондықтан мұнда ауызекі 
сөйлеу нормалары: интонацияға құрылған конструкциялар, 
тыңдауға жағымды ұйқасты сөздер мен ырғақты қатарлар көзге 
түседі. Мысалы, 1-сөзінің өзінде-ақ интонацияға құрылған, 
яғни ауызша айтып, құлақпен тыңдауға лайықталған сөз орам-


568
дары бар: 
Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? 
деген сөздердің 
сұраулы тұруы морфологиялық тәсілмен емес (сұраулық шы-
лау немесе сұраулық есімдіктерсіз), тек дауыс ырғағымен 
берілген, ал қазір біздер бұлардың сұраулы тіркестер екенін 
жазудағы сұрақ белгісі тұрғанына білеміз. Құрмалас сөйлем 
бөліктерінің арасындағы жалғаулықтарды түсіріп айту да 
сөйлеу мәнеріне тән. Тексте мұндай құрылымдар да аз емес. 
Бір сөзбен келетін «толымсыз сөйлем» деп аталатындар да – 
көбінесе ауызекі сөйлеудің нормасы. Мысалы: «Бірлік елде бо-
лады, қайтсе тату болады? – Білмейді. Тағдырдың жарлығын 
білесіздер – өзгерілмейді» деген сөйлемдердегі соңғы сөздер 
(білмейді, өзгерілмейді) 
толымсыз сөйлемдер болып тұр, 
олардың толымды түрлері: 
қандай елде болатынын білмейді... 
тағдырдың жарлығы өзгерілмейді 
деп келулері керек. 
Деп 
де-
ген көсемшеге аяқталатын сөйлемдер де о баста ауызекі сөйлеу 
дәстүріне тән. Бұлар да «Қара сөздер» тексінде баршылық.
Оқырманымен (тыңдаушысымен) әңгімелесіп отырған ав-
тор кейде ауызша төгілтіп, шешендерше тақпақтап кетеді: 
ашу
-
лансам 
– 
ызалана алмаймын, күлсем 
– 
қуана алмаймын... 
Енді 
мұндай иман сақтауға 
қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босан
-
бас буын 
керек... Ол мал көбейсе, 
сұлуды жайлап, жүйрікті 
байлап 
отырмақ... Ал 38-сөзінде және де басқа сөздерінің әр 
тұсында прозаик Абай түркі тілдерінің байырғы жазба дәстүріне 
бағып, ара-тұра шағатайшылап жібереді: мұнда сол кездегі 
(қазіргі де) калың оқырманға бейтаныс араб, ішінара парсы 
сөздерін, шағатай тілінің лексикалық және морфологиялық 
элементтерін келтіреді. Осылардың барлығы «Қара сөздердің 
тұтас тілі туралы сенімсіздік тудыруы мүмкім. Тек тілі емес, 
жалпы жанрлық сипаты жағынан да «Қара сөздерге» енген 
шығармалар біртекті емес. Олардың әдебиеттің қай жанрына 
жататындығы жөнінде пікірлер әрқилы болып келді.
Абайтанумен айналысқан кейбір зерттеушілердің пікірінше, 
«Қара сөздердің» көпшілігі – сюжетсіз жазылған көркем 
әңгіме, яғни көркем проза
119
. Б.Кенжебаев Абайдың прозасы 
Салтыков-Шедриннің шығармаларына ұқсайды деп табады. 
119
Кенжебаев Б. 
Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың
өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954.


569
Абай «Қара сөздерін» арнайы зерттеген Сүйінішәлиев оларды 
көркем прозаға жатқызбай, жай прозаға (сірә, жай проза деп 
ғалым прозаның көркем әдебиеттен басқа түрлерін атап болуы 
керек) жатқызады да «прозаның шағын алты түріне» топтай-
ды. Публицистикалық жанрда деп тапқандары – 1, 2, 3, 14, 
24, 26, 29, 33, 41, 42-сөздері және «Біраз сөз қазақтың қайдан 
шыққаны туралы» деген мақаласы. Қалғандары прозаның 
өсиет нақлия (поучительные рассуждения), тасдиқ (утвержде-
ние), нақыл, тұспал сөз, кеңес, әңгіме (беседа), көркем проза 
элементтері бар түрлеріне жатады деп бөледі. Бірақ автор ай-
та-айта келе: «Абай прозасына публицистика сарыны басым», 
– деп түйеді
120
. М.С.Сильченко «Қара сөздер» көркем прозаға 
жата алмайды, өйткені бұл «Сөздердің» әрқайсысында бірнеше 
жанрлық элементтері бар», – дей келе, олардың бірқатарын 
публицистикалық сипатта, ғылыми проза стилінде жазылған 
шығармалар деп табады
121
.
Абайтанудағы орны ерекше зерттеуші М.Әуезов те Абай 
прозасының жанрлық ерекшелігі туралы: «Жалпы алғанда, 
Абайдың осы «Қара сөз» дейтін мұралары көркем прозаның 
өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар – сюжетті 
шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі ме-
муар да емес...» дегенінде, ең алдымен, Абай прозасының 
көркемдік құндылығын көреді, екіншіден, таза көркем проза 
жанрына жата алмайтын «өсиет-толғауларын» басқа бір жанр-
да жазғанын атайды. Басқа жанр дейтініміз – публицистикалық 
жанр ма, ғылыми-баяндау жанры ма немесе тағы басқасы ма – 
ол Абай прозасының жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты зерт-
тегеннен кейін тұжырымдалатын жай екендігі білінеді.
Абай өзінің прозалық мұраларымен, сөз жоқ, қазақ 
әдебиетінде бұрын болып көрмеген соны жанрларды баста-
ды. Ол Алтынсарин новеллаларымен бірдей емес, бірақ мұнда 
көркем прозаның элементтері мүлде жоқ деп айтуға тағы да 
болмайды. Адамның жақсы-жаман мінез-құлықтары туралы 
жазған «Сөздері», Мұхтар Әуезов айтқандай, үлкен бір көркем 
повесть не романдағы кейіпкердің толғана сөйлеген монологі 
120 
Сүйінішәлиев X. 
Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 150-бет.
121
 Сильченко М.С. 
Творческая биография Абая. - Алма-Ата, 1957. - С. 273.


570
бола алмайды деп кім таласар еді? Монолог-«Сөздерге» 
әсіресе «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?», 
«Біреулер Құдайдан бала тілейді, ол баланы не қылады?», 
«Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» деген сияқты 
сұрақтардан басталатын, күңірене қойған өңкей риторикалық 
сұраулы сөйлемдерден тұрған «Сөздерін» жатқызуға болады. 
«Сократ хакимнің сөзі» (27-сөз) мен Ақыл, Қайрат, Жүрек – 
үшеуін айтыстырған 17-сөзі – нағыз көркем проза стилінде 
жазылған шығармалар. «Қара сөздердің» көпшілігі қоғамдық-
публицистикалық және ғылыми баяндау стилінде жазылған де-
ген пікірді біз де қуаттаймыз.
Абай прозасы тілі мен стилі жағынан толыққанды 
шығармалар екенін баса айтамыз. Бұл туындылардың басымы 
– дидактикалық әңгіме, философиялық толғаныс, психоло-
гиялық, филологиялық этюдтер, тарихи очерктердің алғашқы 
үлгілері, қазақ жазба дүниесіндегі таза ұлттық тілдегі соны 
бастамалар деп танимыз. Ұлы Абайдың сан қилы еңбегінің 
бір қыры да – осы жерде. Мұны Абай шығармашылығын 
деп қоя зерттеп дұрыс таныған жазушылар мен ғалымдар 
кезінде жақсы көрсетіп өтті. Ілияс Жансүгіров: «Абайдың 
қара сөздерін әлеумет пікірінің ортаға түсетін қара сөзінің де 
(публицистикасының) алғашқысы деп ұғынуымыз керек»,
122
–деп жазса, Мұхтар Әуезов: «Абайдың қара сөздері оның 
ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деймін», – 
дей келе: «... Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қара сөздері 
беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат 
қазына бар. Ол – Абайдың осы қара сөзді жазған тілі»,
123
–деп 
түйеді, яғни Абай прозасының тек мазмұны емес, оның тілінің 
де қазақ сөз өнерінде алатын орны бар, елеулі құбылыс екенін 
айтады. Біз де осы пікірді тіл маманы ретінде қажет болған 
жағдайда (шағын мақалада емес, кең көлемді еңбекте) толық 
дәлелдеп, әбден қостауға бармыз.
ҚР ҰҒА Хабарлары. - Тiл-әдебиет сериясы. 
- 1994. - № 2. - 31-37-б. 
122
Жансүгіров I. 
Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы, 1934, № 11–12. 49-6.
123
Мұхтар Әуезов. 
Шығармалар. 12-том, 1969. 455-6.


571


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет