574
Бұл
жерде мәтіннің көркемдігі, тұтастығы – өз алдына
әңгіме: біршама үлкендеу өлең мәтіні бастан-аяқ бір ұйқаспен:
барыс жалғаулы сөздермен шегенделген
(аңдығанға – адамға,
аспанға –
қашқанға...).
Ал Абайдың «Сегіз аяғын» өз замандастарының бәрі
түгел түсініп, қабылдап оқыды (тыңдады) деу қиындау. Қазақ
поэзиясының қазақ құлағы үйренген өлеңдік құрылымының
мүлде бұрынғыдан басқаша екендігін,
өлең тармақтарының
өлшемі мен ырғағы және ұйқасуы жағынан ерекше түзілуін,
интонациялық бітімі мен синтаксистік құрылым тәртібі де соны
болғанын есептемегенде, ақынның айтпақ идеясы, мақсаты
қандай дегенді бірден аңғару да қарапайым (көбі тіпті сауатсыз
болғаны – өз алдына) тыңдарманға, оқырманға оңай еместігін
түсіну қиын емес. Бұл өлең – сырт қарағанда, бірде ақынның
«толғауы тоқсан қызыл тіл», яғни өлең, поэзия туралы, енді бір
қарағанда, санасыз, ойсыз, жарымес айналасындағылардың
жағымсыз портретін беретін сияқты көрінеді, ал, түптеп кел-
генде, менің танымымша, «Сегіз аяқ» – суреткер тұлғасының
традегиясы атап айтқанда, қоршаған қауымның «баяғы жартас
– бір жартас болып, қанқ еткенімен түкті байқамайтындығы»,
яғни поэзиясымен, ақылымен, білімімен заманынан, заманда-
старынан түсіністік көре ақын жанының бақсының моласындай
жалғыз екенін білдірген – имандай сыры. Ақын поэзиясының
осындай үнін дәл таныған Шәкәрім:
Ақын поэзиясының осындай үнін дәл таныған Шәкәрім:
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан, –
деп бір түйіп алып, әрі қарай бұл танымын дәлдеп тарқатады
емес пе:
Кім жалғыз бұл жалғанда есті жалғыз,
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па,
Қазақтан табылды ма соның пары?!
Өлеңімен жұбатты өзін өзі,
Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары,
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса, не кетер қазақ шары?
575
Демек, кейбір өлеңдерінің мәтінін ұғуға айналасының ба-
сым тобының әлі аялық білімдері (білім-таным қоры) жоқ
екенін Шәкәрім ғалым, Шәкәрім философ жақсы айтқан.
Мұны Абайдың өзі де жақсы білген:
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ,
–
деп күңіренсе де, айтпақ сөзін айта берді (өлеңін жаза берді).
Шәкәрімше түйсек:
Не қылса да шыдады, білдірмеді,
Сол десеңші сабырлы қазақ нары!
Бұл талдаған мысалдарымыз бен түйіндеріміз – бірден
көзге түскен фактілер ғана. Десек те Абай шығармалары
мәтін теориясы қырынан мүлде
сөз болған жоқ деп айтуға
және болмайды. Мәтін грамматикасына қатысты қазіргі
терминдерді жиі қолданбасақ та, әңгіменің мазмұны, өзегі
мәтін, оны түзу, мәтін түзетін элементтер мен тәсілдер сияқты
тақырыптарға біз «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы»
(1970) және «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты монографияла-
рымызда біраз барған болатынбыз.
Дегенмен енді жеке курс
ретінде Абай мұрасын, оның ішінде тек поэзиясын ғана емес,
прозалық шығармаларын да мәтін стиликасы тұрғысынан,
мәтін
прагматикасы деген салалар бойынша зерттеуге кірісу
– кезектегі ғылыми жұмыстарымыз деп санаймыз. Ол үшін,
сөз жоқ, дүниежүзілік тілтанымның жаңалықтарымен, бұлар
жөнінде жарияланған ғылыми
әдебиетпен жақсы танысып,
жаңа бағыттардың теориялық негіздерін әбден игеріп алу
қажеттілігі де даусыз. Бұл қызғылықты да қажет ізденістерге
университеттердің қазақ филологиясы кафедралары, әсіресе
жас мамандар кіріссе – құба-құп болар еді. Және мұндай зерт-
теулер жеке адамдардың ғана тандауымен жүргізілуден гөрі,
белгілі бір бағдарламамен кафедра мүшелері немесе Тіл білімі
институты сияқты ғылыми орталықтарда ұжымдық зерттеу
түрінде жүргізілсе әлдеқайда нәтижелі болары даусыз.
Абайдың туғанына 160 жыл
толуын атап Ақтөбе универ-
ситетінің ғылыми-практикалық конференция өткізіп жатқанына
576
мейлінше риза көңілімізді білдіреміз. Әрине, абайтану сияқты
ғылым саласында істелетін жұмыстар науқандық қана сипат
алмай, үздіксіз жүріп жатса, жалғаса берсе деген үміт пен талап-
ты да қоса айтамыз. Өйткені Абай – ұлттық болмысымыздың
ұлы тіні, ұлттық мәдениетіміздің арқауы, ұлттық тіліміздің
қазығы. Бүгінгідей ұлттық рухымызды көтеру жолындағы
күресіміздің айнасы ғой!
Сөз соңында ұлы Абай арқылы
ана тіліміздің мәртебесін
көтеруге, оның байлығы мен әсемдігін таныта түсуге септігін
тигізеді деп есептейтін бір практикалық іс-қарекетті іске
асыруды ұсынғым келеді. Ол – республикамыздың барлық
университеттері мен педагогикалық оқу орындарындағы фи-
лология, мүмкін, тіпті журналистика факультеттерінде «Абай
тілі» атты арнайы курс енгізу керектігі. Курс шамамен 18-20
сағаттық болса, жұмасына 2 сағаттан екі рет өткізілсе, бас аяғы
1-1,5 айдың ішінде студент жастарға біраз мағлұмат берілер
еді. Бұл курстың бағдарламасын шамамен былайша түзуге бо-
лады:
Достарыңызбен бөлісу: