Тентек өмір, ылай ой, тәтті қыз; көңілдің жайлауы,
талаптың аты, өмір тоны; еңбек сауу, қызықты ұрлау, та
-
лап қайнау; салқын өмір, саңырау қайғы, асау той; терең
ойдың телміріп соңына еру, қылықтың қылшығын тану...
сияқты әрі соны, әрі мағыналы, әрі әсерлі, әрі көркем тіркестер
Абайдан бұрынғы ақындарда, некен-саяқтап қана болмаса,
ұшыраспайтын. Ал бұрын бір-бірімен, отасып көрмеген мұндай
сөздердің осылайша тіркесіп, жаңа үлгі жасауы Абайдың
сөзқолданысында қалыпты жүйеге айналған. Айта кетейік,
Абай қосқан осындай жаңалықты кейінгі Сұлтанмахмұт
Торыайғыровтан да, Ілияс Жансүгіровтен де, Қасым Аманжо-
ловтан да, Мұхтар Әуезовтен де және басқалардан кездестіре
беретін болдық.
Абайдың озық ойы, үздік пікірі оның шығармаларына терең
нәр берсе, сол мазмұнға қазақ тілі жайлы төсеніш, жарасымды
жамылыш (форма) бола кетеді. Осындай асқан дарындылық
төтенше шеберлігінің арқасында, Абай «қазақтың қара шолақ
тілімен» (Жансүгіров сөзі) қандайлықты терең ойды болсын,
қандайлықты нәзік сезімді болсын айтуға, айтып бере беру-
560
ге болатынын мойындатты. Осы арқылы Абай тіл ұстарту
мақсатын да, үлгі шашу ниетін де іс жүзінде ақтап шыққан
тәрізді. Оған Абайдың өлеңдері, олардың өрнектері куә.
Абай тілінің жаңалығы, оның қазақ әдеби тіліне қосқан
соны үлесі, бізше, сөзінің санында емес, ана тілінің бойындағы
мүмкіншілік мол
екенін, оның амал-тәсілдерін орнымен пай-
далана білсе, «өткірдің жүзі, кестенің бізі сала алмайтын
өрнекті» салып бере алатынына жұрттың көзін жеткізгендігінде
болуға тиіс; ол тілді жетілдіре беруге болатынына елді
мойындатқанында болуға тиіс.
Абай өлеңіне өзге тілдерден енген элементтер жігі білінбей,
оның табиғи бөлшегіне айналып кетеді. Абай байырғы төл
сөздерді де ретіне қарай, өзгертіп те, өзгешелендіріп те
жұмсайды. Бірақ олар да қонымсыз сияқтанып оқшырайып
тұрмайды, тілдің байырғы элементтерімен үйлесіп, үндесіп
кетеді. Осы себептен Абайдың тілі де, сөзі де әрі соншалықты
байырғы, үйреншікті әрі соншалықты соны, жаңа болып
көрінеді. Осы себептен де болу керек Абайдың өлеңін оқыған
сайын, оның ойын топшылаған сайын үнемі бір жаңалық
шығады да отырады. Осы себептен де Абай тілі өзінен бұрынғы
өлеңдердің тілдерінен үздік шығып, шоқтығы тым биік болып
көрінеді де стилі әрі жатық, әрі айқын, сонымен қатар мазмұны
әрі соны, әрі терең болып көрінеді де отырады. Абай тілінің
бұл ерекшелігін біз Абайдың өзіне ғана тән өзгешелігі, өзіндік
стилі және шеберлігінің сипаты деп қараймыз. Абайдың сөзінің
де, ойының да екшеліп, шыңдалып, орайласып келетіні сонша,
оның сөзік ойынан ойын сөзінен ажырату мүмкін емес.
Абай халық тілін негізге ала отырып, ана тілінің сөз қолдану,
сөз түзу өрнектерін бұзбай, сақтай отырып, оны жетілдіре
түсуге ынталанса да, «кітаби» тілдің жүгінен бірден арыла ал-
май, өлеңінде:
білмейдүр, жүрек сезедүр
сияқты, қара сөзінде:
махаббат бірлән
тәрізді, сөздігінде:
дада
–
дағуа, әділет
–
ғадалат, адал
–
халал, тура
–
тұғра, осы
–
үшбу
секілді жа-
рыспа сөздерді де қолданған. Бірақ Абайға бұлар да жарасып
тұрады. Өйткені «соқтықпалы, соқпақсыз жерде» өскен «етек-
бастыны көп көрген» Абайға ондайлар кешірерлік нәрселер
екеніне дау болмасқа тиіс.
561
Абай – «бүтіндей алғанда», сөзді қиыннан қиыстырып,
халық тілін болашақ ұлттық әдеби тілдің деңгейіне көтеріп,
үлкен бір асқар белге шығарған, сол жол-жонға көп жәһәт
қойған, көп еңбек сіңірген, кейінгі сөз шеберлеріне өрнек
көрсеткен, үлгі берген зор адам.
Қазақтың ұлттық әдеби тілі совет үкіметі тұсында ғана
кемеліне келіп, шалқып өсті. Абайдың сөзі совет тұсында ғана
қазақ халқының нағыз рухани, мәдени игілігіне айналды, өзі
қазіргі қазақ мәдениетінің нағыз төрінен ақсақалдық орын
алды. Абай тілі бұдан былай да ұлттың әдеби тіліміздің дамуы-
на ықпал ететіні, жақсы үлгі болатыны шәксіз.
(А. Ысқақовпен бірге)
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабарлары.
- Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1971. - №5. - 38-44-б.
562
Достарыңызбен бөлісу: |