болса, келесі 4 жолдықтар
вага
етіп ұсынылған. Демек,
бұл шағын өлең – бір шалыс ұйқаспен құрылған, бір демде
оқылатын (айтылатын, естілетін) жұмыр дүние. Өлең мәтінінің
бір-бірімен іліктескен, бірін бірі әрі қарай семантикалық
(мазмұны) жағынан да, ұйқас, ырғақ сияқты өлең шарттары
жағынан да біртұтас, жұмыр болып келуі керектігін «мәтін
теориясы» туралы лекция тыңдап, ғылыми зерттеулерді оқып-
білмей-ақ ұлы ақын өзі талап еткен ғой: өлеңге «тілге жеңіл,
жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» деп та-
лап қойғанын қайтерсіз!
Мәтін тұтастығын білдіретін, яғни мәтінді тілдік элемент-
тер арқылы түзетін вербальдық құралдар – әрине, тек ұйқас
пен тақырыптас сөздер шоғыры ғана емес, олар сан алуан.
Бұларды талдап-таныту тіл мамандарының міндеті болса,
бұндай таным Абай өлеңдерін, жалпы мұрасын дұрыс және
толық түсінуге, жақсы игеруге көмектеседі. Ал ұлы ақын
мұрасын, әсіресе прозалық дүниесін бүгінгі барша оқырман
түгел, толық түсініп, түйсініп оқиды деп айта алмаймыз.
Әрі-беріден соң «Абай неге Мағышқа Абдрахманнан айыры-
лып қалғанда, «қызықтың заңғар биігінен құладым демейді,
жығылдым» дегізеді?»; «Неліктен Абай
-су, -сыну
жұрнағымен
жасалған етістіктерді
(адамсу, қалжыңбассу, еркесу, серкесу,
қайраттысу, жер тәңірісу
сияқты) еркін және жиі қолданған?»
деген сияқты сауалдарға кез келген оқырман бірден жауап бере
ала ма? Қазақ поэзиясында тұңғыш рет Абай өлеңдерінде мо-
лынан пайда болып, жиі кездесетін бұл қолданыстың себебін
ақынның:
Менсінбеуші ем наданды
Ақылсыз деп қор тұтып.
550
Түзетпек едім заманды,
Өзімді өзім зор тұтып,
–
деп өзі айтып бергенін көреміз.
Көркем сөзді мәтін теориясы бойынша зерделеудің және
бір қиын да қажет тұсы – мұндағы ізденістер тек ғылымның
филология, лингвистика салаларымен шектеліп қоймай, пси-
хология, логика, әлеуметтік тарих, этнография салаларының
да таным-қағидаларына иек артып отырудың қажеттігі, яғни
зерттеу шеңберінің кеңеюі. Демек, мәтін теориясы бойынша
ғылыми жұмыс істейтіндерге қойылатын талап арта түспек.
Әрине, бұл жаңа бағыттар мен соны талаптар көктен
түскен жоқ. Ғылымда жаңа бағыттар мен олардың теориялық
негіздері ескінің құндағында, яғни болып келген және болып
келе жатқан теориятанымдық негізде туып, өсіп жетіледі.
Сондықтан қазақ тіл білімінде жоғарыда аталған зерттеу
бағыттарының, тақырыптарының мүлде көрінбей келуі мүмкін
емес. Абай тілін зерттеуге келгенде де солай. Мәтін стилисти-
касы, мәтін грамматикасы бойынша функционалдық талдау
және прагматикалық талдау дегендер болса, олар да біршама
жүргізіліп келді. Мысалы, біз мәтін мазмұнын, яғни ақын
өлеңдерінің мәтін түзімінде көрінген (қолданылған) тілдік
бірліктерді: сөздер мен кейбір грамматикалық амалдарды нақты
мысалдарымен талдап, зерделеген болатынбыз (Абайдың сөз
өрнегі. - Алматы: Санат, 1995; - Алматы: Арыс, 2004); Абай
өлеңдерінің синтаксистік құрылысы (-Алматы: Ғылым, 1970).
Дәл қазіргі терминдермен аталмаса да, «автор бейнесі» деген
категория әсіресе авторлық модальдықтың (яғни өлеңінде
айтқандарына өзінің көзқарасының) көрінісі аталған еңбектер
мен Абай тіліне арналған 30-дан астам ғылыми мақала мен Абай
энциклопедиясында орын алған 10-нан астам мақаламызда
біршама сөз болғанын қазіргі оқырман қауымға, оның ішінде
Абай мұрасының зерттелуіне зер салатындарға ескертіп ай-
тып қоюымыз оғаш болмас, өйткені, жасырмалық, тіл біліміне
қатысты кітаптар мен ғылыми мақалаларды бұл күнде екінің
бірі, тіпті әдебиеттанушылардың өзі оқи бермейді.
Ал қазірдің өзінде біз осы мақаланың аты етіп ұсынып
отырған тақырыптарға назар аударыла бастағанын да баса
551
айтамыз. Осы жылдың мамыр айының соңында Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде Абайдың 160
жылдығына арналған «Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және
қазіргі кезең» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл – жоғары оқу орындарында Абайдың 160 жылдығын атауға
арналған ең алғашқы конференция болды және ең бір көңіл
аудартқаны – Абай тілін зерттеуге қатысты Абай шығармалары
тілін «тілдік тұлға» тұрғысынан зерттеу (Ж.Манкеева),
«Абайдың сөз қолданысына нейролингвистикалық бағдар-
ламалар тұрғысынан талдау жасаудың алғашқы тәжірибелері
(Н.Құрманова), «Мәтінді түсіну (интерпретациялау) негіздері
туралы» (К.Садирова), «Абай поэзиясы тілінің гендерлік сипа-
ты» (Г.Шоқым), «Абай өлеңдеріндегі ұлттық дүниетанымның
полярлық көріністерін анықтаушы әлеуметтік факторлар ту-
ралы» (Б.Құрманова), «Абай шығармаларындағы «шындық,
өтірік» тұжырымдарының көрінісі» (З.Молдабаева) сияқты
баяндамалар белгілі бір шамада мәтін тілтанымы теориясы
негіздеріне сүйеніп жазылған. Және бір қуантарлығы – ба-
яндамалар ғылыми талдаулары мен тұжырымдары жағынан
өте сауатты ізденістер болды және оларда жаңа бағыттарды
игеру ынталары көрініп тұрды. Тағы бір жақсы жағы автор-
лар – жас ғалымдар конференцияда тіл біліміне, Абай тіліне,
«Абай жолы» эпопеясының тіліне арналған өзге де мақалалар
авторларының тың ізденістерімен көңіл аудартады. Жалпы,
осы конференцияның алдымен дер кезінде (алғашқы болып)
өткені және ұйымдастыру, конференция мақсатын дұрыс қою,
ондағы ұсынылған баяндамалардың әдебиеттану, тілтану, пе-
дагогика, психология, философия тараулары бойынша жақсы
таңдалып ұсынылуы жағынан өте сәтті, жақсы ғылыми жиын
болғанын да баса айтқым келеді.
Қысқасы, Абай мұрасының тілін, тіл көркемдігін та-
нып-танытуда зерттеудің бұрыннан келе жатқан кәнігі әдіс-
амалдарымен қатар, тіл білімінің жаңа бағыттарына, жаңа
теорияларына бет бұрып, зерттеу қырларын (аспектілерін,
тақырыптарын) түрлендіре түсу – бүгінгі тіл мамандарының,
әсіресе жас буынның үлесі, міндеті дейміз.
Абай – ұлттық болмысымыздың ұлы тіні: ұлттық мәде-
ниетіміздің арқауы, ұлттық тіліміздің қазығы, бүгінгідей
552
ұлттық рухымызды көтеру жолындағы күресіміздің айна-
сы. Сондықтан ғылым дүниесінде абайтану тек пәлен жылғы
мерейкүндерінде ғана жүргізілетін науқандық қарекет болма-
уы керек. Абайдың рухани, мәдени адами алыптың баға жет-
пес мұрасын сан қырынан зерттеу, тану, таныту, насихаттау
жұмыстары әрдайым, үздіксіз жүріп жататын процесс болмаққа
керек. Осындай танып-танытудың бір түрі – оқу орында-
рында: мектептердің жоғарғы кластарында, гуманитарлық
колледждерде, университеттердің филология, журналисти-
ка, философия, педагогика, тарих факультеттерінде (әзірше
қазақ бөлімдерінде) «Абайтану», «Абайдың тілі», «Абайдың
философиялық, педагогикалық көзқарастары» деген сияқты
әрқайсысы 15-20 сағаттық арнаулы курстар жүргізілсе. Олардың
бағдарламасы жасалса. Біз осындай ұсынысымызды Ақтөбе
университетінде өткен конференцияда айтып, «Абай тілі» атты
курстың 10 лекциядан тұратын 20 сағаттық бағдарламасын
көрсетіп едік, бұл пікіріміз қабыл алынып, конференция
нәтижелері мен ұсыныстарында көрсетілді. Осындай ұсыныс-
әрекеттер тек айтылып, қағаз жүзінде қалдырмағанымызды
Абайдың аруағы да қолдар еді. Көп сөзден нақты бірер іске
кірісетін кезіміз келгенін байқасақ демекпін.
«Әдебиет айдыны». - 2005, 2 қыркүйек
553
Достарыңызбен бөлісу: |