Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Абай және қазақ әдеби тілі



Pdf көрінісі
бет251/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абай және қазақ әдеби тілі
Қазақ халқының соңғы бір ғасырдан астамғы уақыт бойын-
дағы әлеуметтік-қоғамдық тұрмысының, мәдени-рухани 
өмірінің төрінен орын алатын дана атамыз – Абайдың есімі 
ұмытылмақшы емес, әрқашан есімізде ұсталмақшы. Туғанына 
125 жыл толуымен байланысты өткізіліп отырған салтанатты 
жиындарда ол кісінің атын, қалдырған мұрасын зор құрмет-
пен, ерекше ілтипатпен арнай-арнай атамақшымыз.
Қоғамдық ғылымдардың өзге саласының мамандары 
сияқты, тіл мамандары – біздер де осы мереке үстінде Абай-
дың есімін атап, оның қазақ әдеби тілінің дамуына сіңірген 
еңбегін, қосқан үлесін баян етуді өзімізге борыш санаймыз.
Әр халықтың қоғамдық тұрмысы мен рухани өмірінің 
ұзақ тарихы бойында оның әрі негізгі құралы әрі сол ұзақ 
тарихының айғағы да, айнасы да, шежіресі де болып қызмет 
атқарып, керегін бойына жинап отыратын ең қымбат қазынасы 
– тілі болса, сол тілдің өсу, даму жолы ең алдымен халықтың 
тарихымен байланысты болатыны аян. Сонымен қатар әр елде 
тілдің тарихына да, табысына да әр кезде еселі үлес қосып оты-
ратын ірі жазушылары, ақындары, шешендері, көсемдері де 
болатыны мәлім және олардың сыбаға-есесі сөз сөресіне қарай 
бағдарланып та, бағаланып та отыратыны белгілі. Ұлы ақын, 
кемеңгер ойшыл Абай – осындай ірі қайраткерлердің, кесек 
тұлғалардың бірі.
Абайдың есімін қазақ әдеби тілінің даму тарихына жана-
стыра отырғанымызда, әрине, «дәл осы салаға нақтылы ол кісі 
не қосты, одан қандай сыбағасы бар?» деген сұраулар еріксіз 
туады.
Ел-елдің тарихында жеке-дара болып, озық иә үздік шық-
қан ақындар, жазушылар көп болған. Бірақ солардың бірде-
біреуі әдеби тілді жалғыз өзі жасамаған және жасай алмақшы 
да емес. Өйткені әдеби тіл бір иә бірнеше жылда пайда бола 
қалмайды, бірте-бірте құралып, ғасырлар бойы қалыптасады, 
бірте-бірте жетіледі. Солай болса, қазақ әдеби тілі де дәл 
Абай кезінде ғана иә Абайдың есімімен ғана байланысты 
тумаған. Оның көсілген ұзақ-сонар тарихы бар. Ал Абайдың 


554
сол тарихтың төрінен алатын орны өте үлкен. Абайдың қазақ 
әдеби тілінің дамуына қосқан үлесін дұрыс айқындап, оны 
дұрыс бағалау үшін Абайдан бұрынғы замандардағы және 
Абай тұсындағы әдеби тілдің тарихы мен тағдыры жайында 
қысқаша ғана дәйектеме айтқан жөн сияқты. Өйткені оларды 
бағдарлап алмайынша, Абайдың қазақ әдеби тілін дамытудағы 
рөлі мен орнын да, қосқан үлесі мен есесін де толық аңғару 
мүмкін емес.
Тіл халықтың өзімен қоса жасасып, бірге дамитыны белгілі. 
Онан қала берді, тіл тек күнделікті қарым-қатынас жасайтын 
коммуникативтік қызметтің аясында ғана қалып қоймайды, 
белгілі құбылысты иә ойды ажарлап, көріктендіріп, бейне-
леп, суреттеп, оған әлденеше қилы бояу жанап, рең беріп ба-
яндайтын да құрал. Сондай-ақ тіл қуаныш, күйініш, реніш, 
сүйеніш, қобалжу, толқу, қайғы, қасірет, мұң, наз сияқты сан 
алуан ішкі құбылыстарды білдіретін эмоциялық-экспрессивтік 
құрал есебінде де қызмет етеді. Біз қазақ тілінің баяғы за-
мандардан бері осы екі міндетті де жүзеге асырып, әрі негізгі 
қарым-қатынас құрал, әрі әдеби тіл ретінде қызмет атқарып 
келгенін байқаймыз. Әрине, халық тілінің әдеби нұсқасының 
(формасының) да өзінше тарихы, оның дамуында мүдірген иә 
шалқыған кездері мен кезеңдері болғаны күмәнсіз.
Қазақ әдеби тілінің дамуын сөз еткенде, оның ең әуелі 
елеулі екі үлкен тарихи дәуірі болғанын мойындау қажет: 
алғашқысы – қазақтың өз алдына халық болып құрылғаннан 
ұлт болып құрала бастағанына дейінгі дәуір (донациональный 
период), кейінгісі – ұлт болып құралу, қалыптасу дәуірі (наци-
ональный период).
Біріншіден, қазақ тілінің өзіне лайықты жалпыхалықтық 
сипаты ерте қалыптасқан. Оның ерте қалыптасуына халықтың 
қонысы, шаруашылығы, әлеуметтік, қоғамдық қарым-
қатынастарының бірыңғай болуымен қатар, ежелден келе 
жатқан бай ауыз әдебиеті де төтенше ықпал жасап, қазақ 
тілінің бірыңғай дыбыстық, лексикалық, фразеологиялық, 
грамматикалық сипаттарының орнығуына себепші болады. 
Ал сол бай ауыз әдебиетінің қай нұсқасы болса да, сөз білетін, 
оны қадірлейтін, қастерлейтін, әдеби үлгілерді тарататын, 


555
уағыздайтын сөз шеберлерінің електерінен өтіп, екшеліп, 
өзінше ауызша редакцияланып отырған. Ендеше, қазақтың аса 
бай ауыз әдебиетінің тілі өз замандарындағы әдеби тілге көз 
иә қойма ғана емес, сол әдеби тілдің өзі де, өзегі де, өрнегі де 
болып үзбей қызмет еткен. Осы бай ауыз әдебиетінің тілі, оның 
ең таңдаулы, ең көп тараған жақсы үлгілері XIX ғасырдың ор-
тасына дейінгі, яғни қазақтың ұлт болып құралуына дейінгі 
халықтық дәуіріндегі әдеби тілі болып келді.
Бұл әдеби тілге, әрине, замандар бойы әр кезде өзінше 
жаңалықтар да, бұрынғыдан гөрі жетік, жақсы үлгілер де, 
үлестер де үнемі қосылып отырған. Оларды қосқандар, 
әлбетте, ақындар, шешендер, жыраулар, жыршылар сияқты сөз 
шеберлері болғандығы шәксіз.
Бұлармен қатар замандар бойы халық арасынан әр кез-
де, аз да болса, өлеңін, тақпағын, жырын, шежіресі сияқты 
өз туындыларын жазып та шығаратын зиялылар, демек, жаз-
ба әдебиеттің өкілдері де шығып отырған. Олар, әрине, өз 
шығармаларын (туындыларын) ежелден келе жатқан, бірақ 
әр кезде азды-көпті өзгеріске де ұшырай отырған түрік тілі иә 
«түркі» («шағатай») деп аталатын барлық түрік жұрттарына 
ортақ әдеби тілдің өрнегімен тізген, соның дәстүрін, стилін, 
нормасын сақтап жазған. Бірақ ондай қалам иелерінің әуелде 
жазылып шығарылған туындыларының тағдыры екі түрлі 
күйге ұшырайтын болған: біреулерінің туындылары жазған 
қалпында сақталып, белгілі себептермен барлық түрік 
жұрттарына ортақ жазба ескерткіштер қорына қосылып, әр 
жердегі қоймаларға түскен. Мұндайлар, әрине, қазақтардан 
ғана емес, татарлардан да, өзбектерден де, ұйғырлардан да, 
түрікмендерден де және өзге түрік жұрттарынан да шыққан. 
Бұлардың бәрінің шығармалары жазба әдеби тілдің өз 
тұстарындағы иә ертедегі өрнектерінің стилі, үлгілері бойынша 
жазылғандықтан, жалпы түрік ескерткіштерінің қорына енген. 
Олар татар қолына түссе – татаршыланып, түрікмен қолына 
түссе – түрікменшіленіп, қазақ қолында – қазақшаланып 
оқылатын да, айтылатын да болған. Шынында, олардың тілі 
(«жазба тілі») нақтылы иә белгілі бір жұрттың (халықтың) 
тілінде емес, көп жұртқа ортақ жазба әдебиеті, нұсқасы бойын-
ша тізілген болатын-ды.


556
Ал екінші біреуі (бұлар көпшілігі) әуелгі қолжазбалары то-
зып, өшіп, жыртылып бітіп, бірен-сарандаған көшірмелері де 
сол күйге ұшырап, тек жатталып қана ауыздан ауызға тарап, 
ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған да ауызша сақталған 
және халықтың күнделікті сөйлеу тілінің нормасына түсіп, ау-
ызша редакцияланып, байырғы ауыз әдебиетінің қорына көшіп, 
замана ағымына кешіп, «фольклорланып» отырған.
Сонымен, XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ даласында 
әдеби тілдің екі өрнегі жарыса өмір сүріп келді. Бірі – қазақтың 
алысы мен жақынына да, үлкені мен кішісіне де – бәріне де 
бірдей кедергісіз қалың көпшілік түсінетін өзінің байырғы төл 
әдеби тілі; екіншісі – «мұсылманша» сауаты бар, ат төбесіндей 
ғана азшылық түсінетін «кітаби» тіл.
Осы екі әдеби тіл де, онан да гөрі дұрысырақ айтқанда, 
бір тілдің екі түрлі стильдік өрнегі де өзінше нормаланған, 
өзінше бірыңғай қалыптасқан дәстүрі, жүйесі бар үлгілер еді. 
«Кітаби тіл» үлгісі иә қазақтың, татардың, өзбектің, ұйғырдың, 
түрікменнің және басқа күрттің бірде-біреуінің нақтылы тіліне 
сүйенбей, басында бір жазылып қалған нұсқаларды ғана тая-
ныш етіп, тек сол жазуша нормаға ғана сүйенген тіл иә стиль 
болатын-ды. Ал қазақтың байырғы төл әдеби тілінің өрнегі 
баспахана, қағаз, сауаттылық тағы сол сияқты жағдайлар 
болмағандықтан, тек қана ауызша нормаға сүйенген де, халық 
тілін таяныш еткен әдеби тіл иә стиль болатын.
XIX ғасырдың ортасында Россиядағы түрік халықтары, 
соның бірі – қазақ халқы саяси, экономикалық және басқа 
жағдайларға байланысты, демек, тарихи себептің нәтижесінде 
өмір талабына, қоғам мүддесіне қарай өз ана тілінде балаларын 
оқытқысы келгені, ана тілінде кітап шығарғысы келгені, газет, 
журнал оқығысы келгені мәлім. Бұл мәселелер әдеби тілдің 
әлеуметтік базасын өзгертіп жіберді де өзге түрік жұрттардағы 
сияқты, қазақ әдеби тілін халыққа жақындатуды талап етті. 
Ал Исмаил Гаспринский сияқты жазушылар қаншалықты 
жетілдіруге тырысса да, «кітаби» тіл әр халық мүддесін өтей 
алмайтын болды, әр халық, сондай-ақ қазақ елі әдеби тілінің 
болашақ тағдырын ойлады. Осы кезде қазақ даласында күллі 
түрік жұрттарына ортақ «түрки» деп аталатын «кітаби» тілді 


557
қолдаушылар да және халықтың өзінің байырғы әдеби тілін 
жақтаушылар да шықты. «Кітаби» дәстүрді қуаттап, өлеңдерін 
сол үлгі бойынша жазған қазақ ақындары да болды; сол 
«кітаби» үлгі бойынша кітаптар да басылып шықты.
Қазақ әдеби тілін халықтың байырғы төл тілі негізінде да-
мытуды, оны демократияландыруды бастаушы да, оған үлгі 
көрсетуші де – Ы.Алтынсарин болғаны аян. Алтынсарин, ешбір 
іркілместен-ақ, әдеби тілді «түрки» үлгісі бойынша емес, таза 
байырғы қазақ тілі негізінде дамытуға жол салды, Оған оның 
1879 жылы басылып шыққан әйгілі хрестоматиясы («Макту-
баты») куә. Бұл кітаптың тарихи маңызы аса зор болды: қазақ 
тілінде кітап шығаруға, бала оқытуға, білім алуға болатынына 
жұрттың көзін жеткізіп, қазақ тілінің мерейін көтерді; кейін 
ана тілінде оқулық жасауға, ұлттық мектебін дамытуға, қазақ 
әдебиетінің қилы жанрларын жасауға, кітап шығаруға даңғыл 
жол ашты. «Біздің халқымыз өз ана тілінде жазылған жетекші 
құралға аса мұқтаж. Отанымызға, әліміз келгенше, пайда 
келтіру – біздің әрқайсымыздың борышымыз», – деп жарғақ 
құлағы жастыққа тимей еңбек етті. Алтынсарнн қазақтың 
байырғы төл әдеби тілін ұлттық әдеби тіл дәрежесіне көтеруге 
жаршы ғана емес, оның бастаушысы, оған бағыт беруші болды. 
Алтынсариннің өз шығармалары қазақ әдебиеті тарихы үшін 
қандай құнды болса, қазақтың ұлттық әдеби тілінің тарихы 
үшін де сондай қымбат. Өйткені қазақтың әдеби тілі жөніндегі 
прогресшіл бағыт Алтынсарин бастаған, салған жолмен дамы-
ды.
Дәл осы шақта қазақ даласында байырғы әдеби тіл мен 
«кітаби тілден» басқа, мемлекеттің ресми құралы – орыс тілі, 
орыс пен қазақ арасындағы тілмаш – татар тілі, ескі мектептің, 
медресенің, діннің тілі – араб тілі, көне шығыс мәдениетінің 
жаршысы – парсы тілі де қатар көрсетілетін. Абай осын-
дай әр алуан тілдер әртүрлі аяда, әртүрлі шеңберде жарыса 
қолданылып, әрқайсысы өзінше халық тіліне дақ түсіріп жатқан 
шақта өлеңдерін жазды. Осындай жағдайда ешқандай тұйыққа 
тірелместен, Абай да әдеби тілді демократиялық бағытпен 
дамытуға тікелей кірісіп кетті. Шығармаларына байырғы әдеби 
тілді төсек ете отырып, оның кәдесіне асарлықтай, қажетіне 


558
жарарлықтай бөлеп, өзіне таныс аталмыш тілдердің бәрінен де 
сұрыптап сөз алып, оларды іркілмей қолданып отырды. Әрине, 
ол сөздер ақынның мазмұны жаңа, пікірі соны шығармаларын 
әрі мәнді, әрі көрікті етіп құлпыртуға дәнекер болды.
Әрине, сөздер, біріншіден, өздіктерінен құрала салмайтыны, 
екіншіден, тілдің заңына орай тізіле салған жай тіркестерден 
көркемдік туа бермейтіні мәлім. Олай болса, Абай, ең алды-
мен, сөзді құрағанда айтпақшы ойын, көкейіндегі образын дәл 
берерліктей орам, оған әрі нәрлі, әрі көрікті сөздерді ескерді. 
«Сөз арасы бөтен сөзбен былғанбауын», орынсыз «басы артық 
сөз болмауын» төтенше қадағалады. Бұған, әрине, Абайдың 
бойына біткен ерекше дарыны, «талғаулы талғамы», зор 
қабілеті негіз болса, оған алдына қойған биік мұраты, ой айтуға 
деген саналы көзқарасы әрі жетекші, әрі төреші болды.
Абай «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дегенде, 
әлбетте, сөздің парасатты ойды әрі тыңғылықты, түсінікті 
етерліктей, әрі тыңдаушыны еріксіз танырқатарлықтай, оны 
ойландырарлықтай, оның көкейіне қонарлықтай қисынды, 
жатық, көрікті болып құралуын үнемі қадағалап қана қоймай, 
тек сол принципті бірден-бір ғана нысана тұтқанын аңғартса 
керек. «Тіл ұстартуды, үлгі шашуды» мақсат тұтқан Абай 
осы жолда көп ойланып, көп толғанғанға ұқсайды да оның 
көп оқып, көп ізденгені байқалады. Оның ізін, ізін ғана емес, 
нақтылы нәтижесін, айғағын Абайдың өлеңдерінен көреміз.
Абай қазақ тілін мейлінше жақсы білген. Бірақ, біле тұра, 
оның сөзінің, амал-тәсілінің бәрін орынсыз, ретсіз, жүйесіз 
босқа тықпаштай бермеген. Сөзді іріктесе де, оны ойланып 
құраса да, – соның бәрін айтпақшы ойын, пікірін мазмұнды 
етіп, көкейге қонарлықтай тізуге баспалдақ қана, дәнекер 
ретінде ғана пайдаланған. Біздің Академия 1968 жылы «Абай 
тілі сөздігі» деген кітап шығарды. Сол кітапқа қарап Абайдың 
лұғатын бағдарласақ, оның шығармаларында небәрі алты 
мыңдай ғана жеке-дара сөз қолданылған екен. Бұл сөздік, әрине, 
Абай заманында қазақ халқы қолданған сөзден әлдеқайда, 
тіпті, он есе кем. Өйткені Абай сөздігінен сол кездегі күнделікті 
қолданылатын «көген, бұршақ (ілмек), желі, сірге...» сияқты 
мыңдаған сөзді таба алмайсыздар. Бұдан, әрине, Абай сол 


559
сөздерді білмеді екен деген қорытынды да, Абайдың тілі кедей 
екен деген пікір де тумаса керек. Әңгіме сөздің санында емес, 
сапасында болса керек.
Абай – орыс тілін де, араб тілін де, парсы тілін де үйренген, 
көне түрік әдебиеті нұсқаларын да оқыған ақын. Сондықтан 
шығармасының тақырыбына, оның мазмұнын ашуға қажеті 
болса, Абай осы тілдерден қымсынбай да, тартынбай да керекті 
сөздерді саналы түрде алып отырған. Бірақ Абайдың негізгі 
таянышы, берік тірегі – қазақтың байырғы тілі, оның төл 
сөздігі болған. Дегенмен ол сөздерді де парықсыз қолданбаған, 
таңдап, талғап, талдап жұмсаған, тіпті, қажет болса, өз тұсынан 
да жақсы сөз, жаңа форма тудырып отырған, өйткені олар Абай 
жасаған жаңа образдарға дәнекер болған.
Абай тілінің мәдениеті мен өрнегін, көріктілігі мен 
көркемдігін, жатықтығы мен жетіктігін алсақ, революцияға 
дейінгі, кейбір жағынан тіпті революциядан кейінгі ақындар 
мен жазушылардың ішінен оған теңдес, онымен парапар 
түсетін сөз шеберін таба алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет